Қазақстан-тәуелсіз демократиялық мемлекет 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- тәуелсіз демократиялық мемлекет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда Қазақстан - тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсінік қалыптасады. Танымдық қызығушылықтары, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдылары дамиды. Отан, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: физикалық карта, суреттер, карточкалар,презентация көрсету.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен «Тұрғын үй» ойынын ойнаттым. (2 минут)

Шаттық шеңберін құрып бір-біріне сәттілік тілейді. ( 1 минут)

Қуанамын менде, (жүрекке қолдарын қояды)

Қуанасың сенде, (достарын көрсетеді)

Қуанайық достар (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге! (қолдарын көтереді)

Ақын Әбдіраштың Жарасқанының «Отан» деген өлеңін оқып беремін. (2 минут)

Отан - атам, Отан- әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса, Неге біздер

Дейміз оны: «Атамекен?!»

Отан- әжем, Отан- анам!

«Туған ел» деп,

«Туған жер!» деп,

Ол бекерге аталмаған...

Атам, әжем, әкем, анам-

Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де: «Ботам», - дейді.

«Ер- азамат атан!»- дейді.

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын!» мен.

- Отан дегенімізді қалай түсінесің??

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Біз қашан тәуелсіздікті алдық?

- тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қашан қабылданды?

2. Жаңа материалмен жұмыс.

1. Кіріспе әңгіме.

Отанымыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдар, ел басымыздың ерен еңбектері жайлы слайдтар көрсетемін (2минут) АКТ- пайдалану

2. Оқушыларды стикердің түстерімен төрт топқа бөлу

Оларды дөңгелек стол қылып отырғызамын

Топ басшыларын сайлайды

3.Топ басшыларына топ мүшелерін бағалау парақтарын таратып беру.

Әр топқа «Тәуелсіз» сөзіне ассоциация жасату.

-Балалар тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?

- осы сөзді естігенде ойларыңа не келеді?(1 минут) жеке жұмыс, жұппен жұмыс

- ақылдаса отырып, өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріп жазыңдар? жазғандарыңды қорғаңдар? (4 минут) Әр топ ойланып, өз ойларын постерге түсіріп, соларын қорғайды. ( топпен жұмыс)

3. Оқулықпен жұмыс.

Әр топ мәтіндерді бөліктерге бөліп оқиды. (8 минут)

1-топқа тапсырма: Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша оқығандарын толықтырып баяндайды. (2 минут)

2- топқа тапсырма: тақырыптарына сай сызба құрастыру (2 минут)

3- топқа тапсырма: сурет салады (2 минут)

4- топқа тапсырма: әңгіме құрастырады ( 2 минут)

4. Пікір айт.

Үздік оқушылар арасында пікір- талас жүргізу.

-Отанымыз туралы мақтанышпен айта аламыз ба? (2 минут)

(Әр оқушы өз ойларын айтуға да, эссе қылып жазуға да болады)

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма (3 минут)

- Отаныңа деген махабатыңды қалай білдіресің?

Бес жол өлең құрастыруға болады.

5. Сабақты қорытындылау.

1. Екі дос туралы әңгіме оқимын. (2 минут)

- Екі дос кездесіп, әңгіме- дүкен құрды. Біріншісі: «Ұйықтап, 100 жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой», деді. Ал екіншісі тұрып: «Мен ұйықтағым келмейді. Мен елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,- деді.

Сендер екеуінің жауабының қайсысын қолдар едіңдер?

2. Топпен жұмыс.

Әр топ «Елімнің болашағы» тақырыбында сурет салу.Салған суреттерін қорғау. ( 5 минут)

6. Өзіңді тексер. (2 минут)

Әр баланың алдында ноутбуктерде көрсетіліп тұрады.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қашан қабылданды?

а ) 1990 жылы 25 қазанда

ә ) 1990 жылы 30 қарашада

б ) 1993 жылы 1 желтоқсанда

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қашан қабылданды?

а ) 1991 жылы 31 желтоқсанда

ә ) 1991 жылы 16 желтоқсанда

б ) 1989 жылы 18 желтоқсанда

3. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген жылды көрсет.

а ) 1995 жылы

ә )1990 жылы

б ) 1992 жылы

4. Елдің негізгі заңы не?

а ) Қылмыстық кодекс

ә ) «Адам құқығы туралы» декларация

б )Конституция

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан бекіді?

а ) 1994 жылы 30 тамызда

ә ) 1995 жылы 30 тамызда

б ) 1996 жылы 30 тамызда

Жауаптары: 1) а, 2) ә, 3) б, 4) б, 5) ә жауаптарын тексереді.

Топ басшылары алдарындағы бағалау парақтарына бүгінгі сабаққа қатысуларына, тест сұрақтарына қаншалықты дұрыс жауап бергендеріне қарай топ мүшелерін бағалайды.

Реклексия ( 1 минут) Кері байланыс ( Оқушылар бүгінгі сабақ қалай өткендігі жөнінде 2 жұлдыз, 1 тілек жазады)

7. Бағалау кезеңі. Топ басшылары өзінің тобының мүшелерін бағалауларын айтады. (1 минут)

8. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу (1 минут)

© 2010-2022