Ғафу Қайырбеков. «Алғашқы қоңырау» Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтырып жинақтау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2ә сынып Ашық сабақ

Білімділігі:

Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтырып жинақтау . Өлеңді түсініп оқуға , негізгі ойды анықтауға жетелеу.

Дамытушылығы:

Сақтау қабілеттерін және тыным мүмкіндіктерін анықтау.

Тәрбиелігі:

Өз елінің тарихын білуге талпындыру, бабалар өмірінің келер өнеге екендігін ұғындыру . Білімге жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сызбалар

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, топтық жұмыс, интерактивті әдіс.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

а/ Топтардың атын атау:

І. «Тарих» тобы

ІІ. «Ұрпақ» тобы

ІІІ. «Өнеге» тобы

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Өткен тарихымызды ұмытпай сүрген бабалар өмірінің ұрпаққа өнеге екендігін ұғындыру .

Олай болса , оқушылар атымызға лайық білімдерімізді көрсетейік сабағымызды бабалар рухына арнайық .

Едеше іске сәт , балалар!

Кәне , үйге қандай тапсырма берілді ?

Батырлық , ерлік туралы мақал-мәтел айту.

Олай болса , ал оқушылар менің тапсырмама ден қойыңыздар.

«Тарих» тобы: әңгіменің мазмұнын айтады.

«Ұрпақ» тобы: Маңғыстау батырлары туралы білгендерін әңгімелейді.

«Өнеге» тобы: Батырлық , ерлік туралы мақал-мәтел жатқа айтады.

Өте жақсы балалар !

Ер есімі - ел есінде мәңгі қалады.

Райымбек бабамыз артына батырлықтың , ерліктің , қайсарлықтың шынайы бенесін қалдырса , бүгінгі танысар бабамыз да артына өшпестей мұра қалдырыпты.

Бұл кім болды екен ?

Ендеше , тақтаға көз жүгіртейік.

Енді 3 топқа бірдей тапсырма : «Пікірлер ағашын» толтыру. /Ыбырай туралы білгендерін жазады /. Сонымен , балалар Ыбырай атамызды бізге таныстырып отырған ақын Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен танысамыз .

Дәптерді ашып , күннің жадын , тақырыпты жазамыз .

1.Автормен таныстыру.

Ғафу Қайырбеков /1928-1994 жж./ қазіргі Қостанай обылысы Жангелдин ауданында туылған «Сарыарқа әуендері», «Дала қоңырауы», «Алтын бесік», «Бекет ата туралы аңыз» атты көптеген өлең жинақтары бар.

Өлеңді мұғалім жатқа оқиды.

ІІІ. Енді оқулыққа үңілейік.

Әр топ бір-бір шумақтан оқып, өлеңнің мағынасын ашайық.

«Тарих» тобы: -1 оқушы өлеңнің 1-шумағын оқиды .

Барлық оқушы зейін қояды. Тақтаға тірек сөздер жазылады. «Күмбірлерді, айлық жер, күндік жер, ілесіп, білім келді»./оқушылар өздері сөйлейді/.

Мұғалім қортындылайды. Қоңырау үнімен бірге білімді бабасыз алып келді.

«Ұрпақ» тобы: -1 бала оқиды. Тірек сөздер:Кім қаққан, қойнауын, шыңын, дүбірлетті.

Ал кәне балалар, сонда қоңырауды кім қаққан екен?

Қандай оймен қақты?

Ыбырай ата бабаларымыз білімді, сауатты болсын деп қаққан екен.

«Өнеге» тобы: - 1бала оқиды. Тірек сөздер: Бар қазақ, Ыбырай, құшты.

Ыбырай есімімен бірге қазақтың кең даласына білім келді. Еліміздің әр түкпірінен мектептер ашыла бастады . Қазақ балалары жаппай сауаттанды. Сол білімді ұрпақ арқылы қазақ армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақ елін әлем таныды.

Сергіту сәті:

IV. топқа тапсырма:

«Тарих» тобы: Өлеңді мәнерлеп оқу

« Ұрпақ » тобы: Өлеңнен ақын сұрағын тауып оқы. Оған сен қалай жауап берер едің?

« Өнеге » тобы: Ақынның мақтанышқа толы шаттанған көңіл-күйі өлеңнің қай жолдарында байқалады?

V. Шығармашылық жұмыс

« Тарих » тобы: - « Адасқан сөзді орнына қой »

Қазақ алғаш даласында алып білім жарығын алып келген адам-Ыбырай Алтынсарин. /Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам-Ыбырай Алтынсарин./

« Ұрпақ » тобы: - « Біз-еліміздің болашағымыз » ойтолғау жазу.

« Өнеге » тобы: « Ұйқасын тап ».

Арың,...., тіліңде

Ұмтыл оны ..... .

Тілден ... ғибрат

Құлшынасың ..... .

Керекті сөздер: білуге, білімге, алып, нәрің.

VI. Қорытынды

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебі

Жайылханова Рая



© 2010-2022