Тақырыбы Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Н.Хаирмухамбетова

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Бүгінгі сабақта жақсы көңіл - күйде боламын
(оң қолдарын көтеру)
Бір - бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз.
(сол қолдарын көтеру)
Бүгінгі сабақта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз
(екі қолдарын шапалақтау)
Біз бір - бірімізбен доспыз және әрқашан біргеміз.
(бір - бірінің қолдарынан ұстау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 101 - жаттығу. Талдау.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III. Қайталау - білім анасы
- Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік.
Оқушылар тест-тапсырманы кезекпен ауызша орындайды. Бағалау.
IV. Сұрақ - жауап. «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып тұрып сұрақ қояды, ал оқушылар допты қағып алып, жауап береді.
1. Бастауыш деген не?
2. Баяндауыш деген не?
3. Тұрлаулы мүшелер деген не? Мысал келтір.
4. Тұрлаусыз мүшелер деген не? Мысал келтір.
Бағалау.
V. «Талаптыға нұр жауар» Ребус шешу:
VI. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.
101 - жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Сызба бойынша талдау жасап, қорытынды шығару.

Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Бастауыш Бастауыш Баяндауыш
Баяндауыш Тұрлаусыз
Мүше

VII. «Кім көп біледі?» Дәптермен жұмыс. 104 - жаттығу.
Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
1. Түйе боталады. 2. Сәуле үтіктеді.
3. Ара қонды. 4. Күн жылынды.
Керекті сөздер: киім, ақ, бүгін, гүлге.
Сергіту сәті: Би қимылдарын жасау.
VIII. «Кім жылдам?» 107 - жаттығу.
Сәйкестендіру тесті.
Жалаң сөйлем Жолдасты жол айырады
Өнерлі өрге жүзеді.
Жаңбыр сіркіреді.
Жайылма сөйлем Қаз қаңқылдады.
Екі дос мектептен қайтты.
Бағалау.
IX. «Не үйрендім, не білдім?»
Венн диаграммасы

Жалаң Жайылма
Х. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен балалар біз сабақты не туралы өттік?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
XI. Үйге тапсырма. 106 - жаттығу.
XII. Бағалау.

ББҮ- стратегиясы

Білем

Білгім келеді

Үйрендім



© 2010-2022