Тәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Утебекова Гүлсім Серікқызы

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы

Арықты орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

3-сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік әліппесі».

Тәрбие сағатының мақсаты:Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.

Тәрбиелік мәні:Сұлулық тәрбиесін бала бойына сіңіру барысында ақыл -ой, адамгершілік тәрбиелерімен ұштастыру, яғни кешенді тәрбие беру.

Көрнекілігі: Абай ата портреті, буклет, үнтаспа, тапсырмалар мен үлгі-жауаптар жазылған слайд. С.Тұрсынбековтың күйі « Көңіл толғауы», жалауша 1,2,3,4 нөмірлер.

Сабақ барысы:

1.Тәрбие сағатының өтілу кезеңдерімен таныстыру:

1). Балаларға қолайлы орта туғыза отырып, 4 топқа бөлу, тақырыппен таныстыру.

2). Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінмен таныстыру.

ә) Негізгі ойды анықтау.

б) Ұжымдық жеке жұмыс.

3). Проблемалық жағдайларды шешу, сахналау.

а) Ситуациямен танысады.

ә)Топ ішінде талқылайды ( 5 минут) және сахналайды.

4 ).Қорытындылау.

а) Әдептілік туралы не білдің, не үйрендің ? ( Тәрбиені бекіту)

ә) « Мен әдепті боламын» И.Нүсіпбаевтың әні.

Бүгін заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы- біз, оқушылар үшін әдептілік.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»

деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбек сүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-ананың, Отаныңның мақтанышы боласың. Баяу шыққан күймен бірге Ә. Табылдиевтің « Әдепті сөз» әңгімесін үнтаспадан тындатып, тапсырмаларды топтарға таратып беремін.

1.Мәтінмен жұмыс кезеңіндегі тапсырмалар:

1.Мәтінді зейін қойып тыңда. Әңгіме қалай аталады? Авторы кім?

2. Негізгі ойды анықта.

3.Әңгімедегі есіңде қалған әдепті сөздерді қағаз бетіне түсір.

4.Өзің білетін әдепті сөздермен толықтыр.

5.Жазған сөздеріңді сана. Кімде көп, сол жеңімпаз.

Мәтінмен жұмыс кезіндегі тапсырмалардың үлгі-жауаптары.

1.Ә.Табылдиев «Әдепті сөз».

2. Әңгіменің негізгі ойы әдептілікке тәрбиелеу.

3. Кешіріңіз, айыбы жоқ, ғафу етіңіз, оқасы жоқ, қош келдіңіз, құп болады, қызымет етуге әзірмін, сөзіңізге құлдық.

4. Сәлеметсіз бе, рұқсат па, көмектесейін, рахмет, мүмкін бе, бола ма, кеш жарық, қайырлы таң, т.с.с.

5. Жарайсың !

2. Мақал- мәтелдер сайысы.

1-топ. 1.Әдепті бала- арлы бала.....

2.Кішіден ізет,

2-топ. 1.Ізетке найза......

2.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

3-топ . 1.Бір жылы сөз-.......

2.Әдептілік белгісі-......

4- топ. 1.Сәлем-сөздің.........

2.Алты жасар бала келсе,........

Сайыс шарты:

1.Әр топ 2 мақалдың жалғасын табады.

2. Жалғасын жазып болған топ жалауын көтереді.

3. Үлгі жауаппен салыстырып, оқып береді.

Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топ жеңімпаз!

Мақал-мәтелдер сайысының үлгі- жауаптары:

1-топ. 1.Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

2.Кішіден ізет, үлкеннен құрмет.

2-топ. 1.Ізетке найза бойламайды.

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3-топ. 1. Бір жылы сөз-бір күнге азық.

2.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергенің.

4-топ. 1.Сәлем-сөздің анасы.

2.Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жасар ата сәлем берер.

3. Проблемалық жағдаяттар.

1- топ. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде

жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің ?...

2-топ. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді.Сен достарыңмен ойнап жүріп , бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?......

3-топ. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана . Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқан апаң. Сенің анаң ешкімге есік ашпауынды ескерткен. Сенің әрекетің?.......

4-топ. Бүгін анаң сенің ең жақсы көретін тамағынды жасап берді. Ия , кәдімгі ет қосылған майлы палау. Сен отыра қалып тамақты іні- қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің.

Сен нені ұмыттың?......

Тапсырмалар:

1.Жағдаятпен танысыңдар.

2. Топ болып талқылауға 5 минут.

3. Жағдаятты сахналандар.

4. Қай топ дұрыс шешсе, жеңімпаз атанады.

3. Проблемалық жағдаяттарға байланысты үлгі- жауаптар.

1-топ. Қарияны орнынан тұрғызамын да, кешірім сұрап асығып бара жатқанымды айтамын. Байқамай қағып кеткенімді қария түсініп, кешірер. Онан соң, егер ол кісі рұқсат етсе, үйіне дейін жеткізіп саламын. Ал, немересін ойнатамын.

Мұғалімнен де кешірім сұрап болған жайды баяндаймын.

2-топ. Анамнан кешірім сұрап, бетінен сүйем. Мұндай іс енді қайталанбайтынын айтамын да, қалған үй шаруашылығына

көмектесемін.

3-топ. Есікті міндетті түрде ашамын. Туыс апаммен қол беріп амандасып,

үйге кіргіземін. Шай қойып беріп, ауылдағы жаңалықтарды сұрап,

апамның жағдайын жасаймын ( теледидарды қойып, көрпешені

қалың салып, жастық беремін) .

4-топ. Мен анама тағамның өте дәмді болғанын айтып, рахметімді жаудыруды ұмыттым.

Жарайсыңдар! Сендер ең әдепті баласыңдар!

4.Қорытындылау.

Әр топ оқушылары « әдептілік» сөзін қалай түсінгендері туралы жазып тақтаға іледі.

Әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған болашақ тұлға.

Ән . « Мен әдепті боламын». И.Нүсіпбаев.

Қорытынды схема мынандай болуы мүмкін.

Қарапайым

болу

Көмектесу

Ата-ананы тындау,қадірлеу

ШыңшылдықТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Жол беру

Кешірім сұрау

Тәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Жай сөйлеу

МойындауТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Тәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Рұқсат сұрау

Рахмет айтуТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесіТәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Сәлемдесу

Тәртіптілік

Еңбекті сүю

Адамгершілік

Ізетті, инабатты болу

Жақсы оқу


© 2010-2022