Разработка урока Жұрнақ жән жалғау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекмуханбетова Қ.Е.

Панфилов орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.

Мақсаты: Оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту,пысықтау.

Сөздік қорын молайту, сауаттылығын арттыру.

Оқушыларды ұйымшылдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Оқушылардың сөз, оның құрамы, түбір мен қосымша туралы білімдері кеңейеді,сөздік қоры артады.Сыни тұрғыдан ойлауға қадам жасайды.

Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы.

Көрнекілігі: слайд, А-3 форматтағы қағаздар,шағын тест парағы.

Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: миға шабуыл, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы; АКТ-ны қолдану, диалогтық оқыту.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиеттік оқу,музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Ынтымақтастық атмосферасын құру.

II.Топқа бөліну.

1-топ «Түбір»

2-топ «Жұрнақ»

3-топ «Жалғау»

III.Ой қозғау:

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ... дейміз.Мысалы: қала, оқу
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін ... дейміз.Мысалы: қала - ға, оқу-шы.

Қосымша ... , ... болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны ... дейміз.Мысалы: ойын-ойыншық.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ... дейміз.Мысалы: ойын-ойынға.

IV.Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Миға шабуыл:

-Тақтадағы суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Оларды қандай ортақ белгілеріне қарап біріктіруге болады?

-Сендер өскенде өздеріңді қандай мамандық иесі боламын деп елестетесіңдер?

-Ал,сендердің қазіргі атқаратын міндеттерің қандай?

Оқулықпен жұмыс.

307-жаттығу

Мақалдарды түсініп оқы.Жалғауларды тап.

1.Еңбегінен ел таныр.

2.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ.

Дәптермен жұмыс.

Күнді жазу.Көркем жазу.

308-жаттығу (Топтық жұмыс)

Сөздерді үлгіге сүйеніп өзгертіп жаз.

Бүркіт, сый, дойбы, еңбек.

V.Сергіту сәті.

Музыка әуенімен би жаттығуларын орындау.

309- жаттығу (Шығармашылық жұмыс)

Бірлік, іскер сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

310 - жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Қолымда алтын қалағым,

Зәулім үйлер саламын.

Ертең мен де ел сүйген

Құрылысшы боламын.

VI.Сабақты қорыту.

Шағын тест алу.

1.Түбір сөзді тап.

А.жаңалық

Ә.күй

Б.құрылысшы

2.Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?

А.қосымша

Ә.түбір

Б.жалғау

3.Жұрнақ жалғанған сөзді тап:

А.көлдер

Ә.батырлық

Б.досым

4.Жалғау жалғанған сөзді тап:

А.зейнеткер

Ә.қобызшы

Б.гүлді

VII. Үйге тапсырма беру.

311-жаттығу, 111 бет.

VIII. Бағалау.

Смайликтер бойынша бағалау.



© 2010-2022