Математика, 1 сынып, «Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды пысықтау»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 1-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бахтиярова М.Б.

«№22 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды пысықтау. Сабақ мақсаты: Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерін тиянақтау. Сабақ міндеттері:

  1. Білім мазмұнын толықтыру.
  2. Математикалық ой- өрістерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тапқырлыққа, шапшаң ойлауға, көркем жазуға баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ Әдістер: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру Көрнекілігі: флипчарт, видео, суреттер, сандар Қолданылатын құрал: интербелсенді тақта Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Қуан, шаттан, қуан, шаттан, Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! ІІ. Мақсат қою. -Құрметті балалар, бүгін біз циркке саяхат жасайтын боламыз. Саяхаттацирктегі аңдардың, акробаттардың, шабандоздардың, сиқыршылардың өнерлерін тамашалайтын боламыз. Дайынбыз ба? ІІІ. Негізгі бөлім. -Күлегеш мысықтың өнерін көру үшін цифрларды әдемі жазып өтейік. (1,2,3,4,5 6,7,8,9,10) (Флипчарт, 1-бет) -Тамаша. Келесі сайқымазақтың өнерін тамашалау үшін ауызша есептерді шығарып көрелік. (Флипчарт, 2-бет) -Ал, балалар, енді математикалық жұмбақ шешіп көрелік, бұны бізге сайқымазақ жіберіпті. 1) Мұратта бар бес іні, Маратта бар бір іні. Қоссақ 5 пен 1-ді Болады сонда неше іні? (5+1=6)
2) Табақта бес өрік, Қолымда бес өрік. Барлығын қосқанда Болады неше өрік? (5+5=10)
3) Он асықтың бесеуін Досың сұрап алады, Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? (10-5=5)
4) Алма ағашта 7 алма, Қандай тәтті жесе алма. Бесеуін мен жеп қойсам, Қалады сода неше алма? ( 7-5=2)
-Өте жақсы, келесі кезекте биші өнерпаздармен би билеп, бойымызды сергітіп алайық. (Сергіту сәті - видео) -Сергіп алсақ, саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Велосипедші аюдың өнерін тамашалау үшін «Дұрыс шешуін тап!» тапсырмасын орындап көрелік. (Флипчарт, 3-бет) -Оқулықтағы 146-беттегі 4-есепке қарайық. Өздігімізден шығарып көреміз. «Өрісте 10 қозы және одан 3-еуі кем лақ жүр. Өрісте неше лақ жүр?» (Флипчарт, 4-бет) ІҮ. Бекіту. Тест орындау (слайд арқылы) Ү. Бағалау. ҮІ. Үй тапсырмасы: 1. 5-есеп, 147-бет. 2. Мәні 9, 10-ға тең болатын өрнектер құрастыру. ҮІІ. Қортынды. -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен қызықты болды? Қай кейіпкердің тапсырмасы ұнады? -Осымен сабағымыз аяқталды, рахмет...

© 2010-2022