Мен және менің отбасым

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік сала. Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру. Тақырыбы: Мен және менің отбасым. Мақсаты:

  1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
  2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету.
  3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Іс - әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті Ынталандыру.Сезімді ояту Е. Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу. Атамнан бастлар, Әжемнен қосталар Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар- Әкем және анам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жаққсы көремін, Еркелеймін, еремін. Өлең сөздерін бірге қайталайды. Отбасы мүшелерін атайды. Ізденістер. Ұйымдастыру

  1. Балаларға ат-анасы, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.
  2. Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шаруасы мен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ, отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамндықтары туралы айтылады.
  3. Сергіту сәтін өткізу
Орнымыздан тұрайық Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып Жақсы сергіп қалайық
  1. Әліппе - дәптермен жұмыс
  2. Тапсырмалар. 1. Өзің туралы айтып бер.2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата. 3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгме құрастыру.
  3. «Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны
Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.






Өлеңін мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды.



Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды. Қорытындылау. Өзін - өзі бағалау. Сұрақ - жауап әдіс арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1.Өз отбасында кімдермен тұрасың? 2.Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады? 3.Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек? Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.



© 2010-2022