Сабақ жоспары Туған тілім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Туған тілім». Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
1. Білімділік: Өлең арқылы оқушыларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ана тілі туралы өз ой - пікірлерін, көзқарастарын ашық, еркін айтып, жеткізе білуге баулу.
3. Тәрбиелік: Ынтымақтаса жұмыс істеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ой толғау, мағынаны тану. Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, слайд көрсетілімі, тест сұрақтары. Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты меңгереді. Д. Әбілдевтің «Туған тілім» өлеңінің мағынасын түсінеді, өз тілін қадірлей біледі. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. а) оқушылармен амандасу ә) түгелдеу б) оқу құралдарын алдырту
Психологиялық дайындық
Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз. Топ басшылары топ мүшелерінің жауаптарын, бүгінгі сабаққа белсенділігін мұқият қадағалап отырып, сабақ соңында топ мүшелерін бағалайды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабаққа шолу.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай шығармамен таныс болдық?
- М. Мақатаев « Үш бақытым» өлеңі
1. « Үш бақытым» өлеңін жатқа сұрау.
І топ - 1 - ші шумағын жатқа айтып, мазмұндау.
ІІ топ - 2 - ші шумағы.
ІІІ топ - 3 - ші шумағы.

2. Үй тапсырмасын қорыту
І топ - Мұқағали Мақатаев туралы не білесіңдер?
ІІ топ - Оның өлеңдерін атаңдар.
ІІІ топ - Бір өлеңін жатқа айтыңдар.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде - кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі - сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын - жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақтың жоғын жоқтап, тіл туралы қалам қозғаған жазушылардың бірі - Дихан Әбілев аталарың.
1. Жазушы өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру.
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907 - 2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.
2. Мағынаны тану.
- « Туған тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.
- Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқудан сайысқа түседі.
3. Ой толғау ( өлеңді талдау )
І топ - Өлең неліктен « Туған тілім» деп аталған?
ІІ топ - Ақынның «туған тілім, өз тілім» деп отырғаны қай тіл?
ІІІ топ - Екі жақты күнделік. Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? М. Мақатаев «Үш бақытым»
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Д. Әбілев « Туған тілім»
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
4. Дәптермен жұмыс соңғы шумақтың екі жолын көшірту.
5. Сергіту сәті. Ән « Ана тілін сүйеміз»
6. « Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»
( ұяшықты таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу )
- Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке екі қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
- Сен мектепке асығыс келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша болғанын сұрадың. Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
- Сенің досың көбіне әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?
7. Топпен жұмыс. 3 - топқа тапсырма беріледі. Берілген сөздерден тіл туралы мақал - мәтелдер құрастырып, шыққан мақал - мәтелді өз сөздерімен түсіндіреді.
ІV Бекіту. ( Тест сұрақтары )
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
А. Орыс В. Қазақ С. Ағылшын
2. ҚР - да «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?
А. 1997ж 11шілде. В. 1991ж 16желтоқсан С. 1995ж 30тамыз
3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
А. Әліппе В. Отан С. Ана тілі
4. « Туған тілім» өлеңінің авторы?
А. Д. Әбілев. В. М. Әуезов С. А. Құнанбаев
5. « Туған тілім» өлеңінің тақырыбы не?
А. Құстар. В. Тіл С. Отан
Өзіңді - өзің тексер Бағалау
0 қате - «5»
1 2 3 4 5
В А С А В
1 қате - «4»
2 қате - «3»
V Қорытындылау: «INSERT» әдісі
Білемін, білдім, білгім келеді. Оқушы білімін бағалау. Смайлктермен бағалау
VI Үйге тапсырма: Д. Әбілев «Туған тілім» мәнерлеп, жатқа айту

© 2010-2022