Тәрбие тал бесіктен басталады 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Иманбаева Асель Ерғазықызы

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 15 орта мектеп

Талдықорған қаласы


Тақырыбы: Тәрбие тал бесіктен басталады

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы сыйластыққа, ата - анаға, үлкенге деген құрметке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейеді, отбасындағы сыйластыққа, ата - анаға, үлкенге деген құрметке тәрбиеленеді.

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек айту

Топқа бөлу.

Түстер арқылы топқа бөлу.

Ұйымшылдар,ұқыптылар, әдептілер деген сөздер арқылы топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру. Топ мүшелерін мадақтап, топтарға бөлініп отырады. Әр топ өз топтарын аттарын қорғайды.


Мұғалім: Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс. Сонымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп аталады. Тәрбиенің берілу үрдістері де әртүрлі болып келеді. Бүгінгі сабағымызда сіздермен біріге отырып тәрбиенің мәнін мағынасы мен әдістеріне тоқталамыз.

Ой толғау

Тәрбие неден басталады ?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Видео көрсету. Бейне жазба туралы өз ойларын тыңдау.


1 - оқушы: Тәрбие берудің негізі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше.

2 - оқушы: Олар тек сүйіспеншілік, махаббатпен ғана өсіп - жетіледі деп айтсам артық болмас. Ендеше, сүйіспеншілік - бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
3 - оқушы:Ең алдымен, баланың пікіріне құлақ асу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді.

4- оқушы: Ол қандай қателік жасаса да, әуелі тыңдау керек. Мүмкін, ол балалықпен жасаған шығар. Оның ішкі жан дүниесімен сырласпай жатып, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес.

5- оқушы: Баланы шектен тыс көп тыя бермеу керек. Ол балаға барлық жағынан үлкен зиянын тигізеді. Кейін баланың ынжық болып өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

6 - оқушы:Ата - ана қашан да баласының тілеуін тілеу керек. Оған әрқашанда сүйеу болып, өз көмегін тигізу қажет.
7- оқушы: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата - анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.» (Абай)


8- оқушы: «Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы»
«Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос»
«Қызды қырық үйден тый»

9 - оқушы:Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да жақсылығы болады.

10- оқушы: Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

11- оқушы: Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, ақылың парасатты болса - іздеген досың алыстан үйірліп өзі келеді.

12- оқушы: Баланы хұсайын етіп тәрбиелеу бесіктен басталады, бұл әр ананың парызы, оны естен шығаруға жол жоқ.

13- оқушы: Адамды тәрбиелеймін десең, оның тілегін орында, одан арғысы белгілі болады.

14- оқушы: Ұлы адамдар да өле-өлгенше тәрбиеленіп өтеді. Тәрбие -телегей теңіз, байтақ ұғым, шеті мен түбіне жете алмайсың. Тәрбие - адамның екінші

табиғаты.

15- оқушы: Тәрбие - теңіз, сондықтан тәлімдегің келсе, малтый білуді үйрен


Топтық жұмыс.

Әр топтар өздеріне бөлініп берілген тапсырмалар бойынша орындайды.

1 топ Менің бақытты отбасым /сурет салу/

Өздеріне ең қымбат, ең сыйлы отбасы мүшелерін қағаз бетіне бейнелеу.

2 топ Тәрбие туралы мақал - мәтелдер

Топ мүшелері тәрбиеге байланысты мақал мәтелдер ойлап қорғап шығады.

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

Үлкенге ізет, кішіге құрмет.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

3 топ Тәрбие тал бесіктен басталады. Эссе жазу

Тәрбие тал бесіктен басталады. Тәрбие өлшемі де шегі де жоқ үрдіс. Тәрбие адам баласы жерге шыр етіп түскеннен бастау алып кейін балабақша, мектепте жалғасын табады. Себебі бұл оңай үрдіс емес.

Тәрбие - адамның екінші табиғаты.

Екі жұлдыз, бір тілек

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз

Сабағымызды қорытындылай келе сіздерге алғысымды білдеремін. Тәрбиенің жан - жақты ойлармен талқыға түсіріп, сіздермен ой тарқаттық. Ойғ түйетініміз

Тәрбие үздіксіз жүргізіледі, әртүрлі әдістер арқылы беріледі.

Ән: «Әдепті бала»



© 2010-2022