Табиғатты зерттеу және бақылау (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеу және бақылау

Сабақтың мақсаты: а) Бейтаныс ортада, қандай болмасын жағдайда жергілікті жердің

белгілеріне, Күнге қарап, көкжиек тараптарын анықтай білу

дағдыларын қалыптастыру.

ә) Байқампаздық пен ізденімпаздығын дамыту.

б) Оқушылылардың табиғатқа, адамдарға деген адами қарым-қатынасын

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: құбылнама, альбом парағы, қарындаш.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.

1.«Адам» тарауын қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

2.Тест жұмысы.

1.Ағылшын ғалымы Чарльз Дарвиннің адам туралы ілімі бойынша адам қалай пайда болды?

а) Адам тәріздес маймылданә) Адам атты адамнанб) Ғарыштық кеңістіктен.

2.Қандай тірі организмдер бірінші пайда болды?

а) Динозаврларә) Балықтар, жәндіктер, құстарб) Маймылдар

3. Ежелгі адамдар алғашында нелерді қорек етті?

а) Жеміс-жидек, өсімдіктердің тамырынә) Балдырларменб) Аңдарды

4. Ежелгі адамдардың еңбек құралын көрсет.

а) пышақ ә) сүйек б) тас

5. Ежелгі адамдар қандай жануарларды азық етті?

а) құстарды.ә) піл, мүйізтұмсық, бизон т.б.б) жылқыларды

6.Ежелгі адамдар қайда тұрды?

а) інде ә) үңгірде б) үйде

7. Ежелгі адамдар аңға қалай шықты?

а) барлығы бірге ә) жалғыз б) жұппен, екі-екіден

8. Ежелгі адамдар отты қандай мақсатта қолданған?

а) Аңшылық үшін қолданды.

ә) Отты жылынуға, тамақ пісіруге, жыртқыш аңдарды үркітуге қолданған.

б) Екі аяғымен жүргеннен соң.

9. Адамның жануардан айырмашылығы қандай?

а) Денесі жүнмен жабылған.ә) Қолмен жұмыс істей алады.б) Ақыл-ойы дамыған.

10. Әлемнің жеті кереметіне қайсысы жатады?

а) Мысыр пирамидаларыә) Биік үйлерб) Мәскеудегі мавзолей.

11. Аспалы бақ қай қалада орналасқан?

а) Галикарнаста ә) Түркістанда б) Вавилонда

12.Ежелгі адамдар қоршаған ортадан алған әсерлерін қалай жеткізген?

а) Жартастарға сурет салу арқылы.

ә) Қағазға сурет салу арқылы.

б) Сазбалшық тақтайшаларға жазу арқылы.

13. Мәдени ескерткіштердің қайсысы біздің еліміздің аумағында орналасқан?

а) Александрия шамшырағыә) Сфинксб) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

14. Алтын адам қай қаланың маңында табылды?

а) Алматы ә) Есік б) Талғар.

ІІІ.Жаңа сабақ

-Адам қай жерде болмасын, оны кеңістік қоршап тұрады. Біз оның жартысын ғана көреміз. Кеңістіктің бізге көрінетін бөлігін көкжиек деп атайды.

Адам жоғары қыратқа көтерілген сайын көкжиек кеңейе түседі. Жер мен аспанның түйіскен жерін көкжиектің сызығы деп атайды.

Сарамандық жұмыс.

Көкжиектің негізгі төрт тұсын (солтүстік - С, оңтүстік - О, батыс - Б, шығыс - Ш), негізгі көкжиек тұстарының арасындағы аралық тұстарды (СБ, СШ, ОБ, ОШ) анықтау.

! Құбылнамамен бірге темір заттарды ұстап жүруге болмайды.

Тоғай немесе орманда құбылнаманың тілі өзіңе белгілі бір жерге қалай қарап тұрғанын анықтап алу қажет. Өйткені орманнан шыққан кезде осы бағытқа қарама-қарсы бағытты ұстап шығады.

Егер адам өзіне белгілі жердің бағытын білмесе, онда оған құбылнама да көмектесе алмайды.

Оқулықпен жұмыс.

3 топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауабын қорытындылайды.

ІV.Сабақты бекіту. Қорытынды.

Мәтін соңындағы 4,5,6-сұрақтарға жауап алынады.

V.Үйге тапсырма беру. Бағалау.

1. Оқулықтағы мәтінді оқу.

2. Жаңбырдан соң ғимарат қабырғаларының қай жағы жылдам кебетіндігіне бақылау жүргізіп келу.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағалау.



© 2010-2022