Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.

Атаниязова Майрамгуль Жоламановна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Математика 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.

Мақсаты: Білімділік: Ондықтан аттайтын жағдайда 2 - ні қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс - әрекет барысында қолдануға машықтандыру. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық жүргізу, ондықтан аттап қосу мен азайтудың тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, дәлелдеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, интербелсенді тақта, қосу кестесі, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. II Психологиялық дайындық.
« Шаттық шеңбер »
Оқушылар бір-біріне ықыласпен, жылы тілектер айтып,шеңберге тұрайық.
-Еліме тыныштық тілеймін!
-Күніміз жарық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Бүгін сабақта тек үздік баға алайық!
III Откен сабақты бекіту.
8+2 4+2
9-2 5-2
6+2 2+
7-2 8-2

Үй тапсырмасын дәптерден тексеру, жинап алу.

3. Жаңа сабақ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

2 - нің қосу кестесін еске түсіру.

А) Тақтамен жұмыс. Түсіндіру әдісі арқылы санға 2 - ні қосудың ауызша және кестелік әдісін меңгерту. 9+2=(9+1)+1=11 11 - 2=(11 - 1)- 1=9

Ә) Кестемен жұмыс.

Б) Оқулықпен жұмыс Ғажайып хаттар.

- Балалар, бүгін біздің поштамызға көптеген хаттар келіпті. Алдарыңдағы қызыл конвертті ашып, оқып көрейік. Бұл хат бізге 2а сыныбынан келіпті. Олар мынадай тапсырма беріпті. Оқулықтағы 2 есепті орындау. Есептің мазмұнын оқытып, шартын құру. Есепті шешу біртіндеп тізбектеле тақтада орындалады, содан соң талқылау жүргізіледі.

Осы есептерге не ортақ? Бұлар кері есептер ме? Екінші есеп біріншінің жалғасы бола ала ма?

Шарты: Қайың - 20 --------------- Барлығы - 36

Жөке - 16 ---------------------------- Жөке - 16

Барлығы -? -------------------------- Қайың -?

Шешуі: 20+16=36 ------------------ Шешуі: 36 - 16=20

Жауабы: барлығы 36 ағаш ------- Жауабы: қайың 20

Г) Өздік жұмыс. Сәйкестендір. Жүк машинасы мен қапшықтар суреті.

- Енді алдарыңдағы сары конвертті ашыңдар. Бұл хатты 2ә сыныбы жіберіпті.

Мына жүк машинасындағы жазылған өрнектердегі амалдарды орындап, нәтижені

қапшықтағы санмен сәйкестендір.

1+ ( 1+9) ( 11 - 1) - 8 2+ ( 10 - 1) (11 - 2) - 7

2 11

Ғ) Сергіту сәті. Домбыра, ат, қоян, аю, машина, ұшақ суреттері.

- Балалар, бұл заттар сендерге таныс па? Олай болса, осы заттардың қимылын көрсетіңдерші.(музыка ырғағымен қимыл көрсету.)

Д) Кім жүйрік? Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

11+2

12+2

13+2

14+2

15+2

16+2

17+2

13 - 2

14 - 2

15 - 2

16 - 2

Бұл өрнектерді бір - бірден парақшаға жазып үлестіремін.

Е)Әріпті өрнектің мәнін тап.

Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы 4 тапсырма.

а және 2 санының қосындысы, мұндағы а=30, 57, 9.

4. Қорытынды бөлім. «Кім тез есептейді?
1. Аулада 5 тауық,
Қорада 3 тауық.1 тауық тығылды,
1 тауық жығылдық
қалғаны неше тауық?
2.он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
өз қолында қалады?
5. Бағалау. 6. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.

© 2010-2022