Қмж қазақ тілінен тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19.11.15 Тексерілді

______________ дир.оқу ісі орынб.Тулепбергенова Г

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем 169-174 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін еске түсіру және оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлем мен сөздерді ажырату,

сөздерге сөйлем құра білуге машықтандыру. оқушыларға жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы түсінік беру
Сабақтың нәтижесі: 1. Хабарлы сөйлем туралы түсінік қалыптасады, хабарлы сөйлемнің тыныс белгісін біледі.Хабарлы сөйлемдерді ажырата алады. Сөздерді

пайдаланып, хабарлы сөйлем құра алады.

2. Сөйлем түрлері туралы біледі. Хабарлы сөйлемдер құрастыра алады. Пәнге қызығушылығы артады. логикалық тапсырмаларды,

шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

3. Еркін сөйлейді, нақты аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастырады, сол сөйлемдерді жүйелі жеткізеді және хабарлау мақсатымен

айтылғанын дәлелдейді. Каллиграфияға сай жазады.Мәтінді тыныс белгісін тауып, қиындықсыз жазады.

Сабақтың түйінді идеялары: сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажырата білуге үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Топтастыру» тәсілі,

Сыныбы: 2 «ә»

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданылатын ресурстар


Кіріспе

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

Психологиялық дайындық

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, - деп баршаңды!




Оқушылар шеңберде жиналып,бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Танысты

рылым

1. «Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қоя отырып, өткен тақырыптарға шолу жасаймыз

2. Сөйлем дегеніміз не?

3. Сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

4. Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

6. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

7. Лепті сөйлем дегеніміз не?

8. Бұйрықты сөйлемдер дегеніміз не?

2. «Топтастыру» тәсілі арқылы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуін тоқталамыз

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

Айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінеді.

Құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жалаң тек қана зат есім және етістіктен екі сөзден тұрады. Жайылма бірнеше сөздер құралған сөйлем.




Негізгі бөлім

169- жаттығу

Мәтінді түсініп оқып, әр сөйлем не туралы айтылғанын анықтау. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылған.

170-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

171- жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімдерін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастыр.

Жейде (ерлер көйлегі). Киілуіне және маусымына қарай жейде түрлі маталардан және трикотаждан тігілуі мүмкін.

Жаулық - әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадай немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады.

Күпі- матамен тыстал, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген.

Құлақшын- ерлердің бас киімі.

Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі.

Қамзол (камзол)- әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді.

Әйел затының нәзіктігін паш ететін киімнің бірі - шәлі.

Шекпен - жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады.

172-жаттығу. Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

1 - топ: орамал
2 - топ: құлақшын
3 - топ: қамзол

173-жаттығу. Хабарлы сөйлем екенін дәлелдеу

нүкте

Бұлбұл

Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.

Әйелдер киімі. Ерлер киімі:

Сәукеле Жейде.

Орамал Күпі

Жаулық. Құлақшын

Ішік. Шекпен.

Қамзол.

Шәлі.

Әр топ суретке қарап, қысқаша мәтін құрап оқиды.










Түрлі түсті смайликтер

Плакатқа жазылған мәтін түрлері

Сызба

Планшет

слайд


Қорытынды

Ыстық орындық

Рефлексия

Үйге: 174-жаттығу


Оқушылар кезектесе сұраққа жауап береді


бағдаршам

Сары, жасыл, қызыл жапырақтар

Мұғалім: Тойшыбаева С




© 2010-2022