Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгерту. Күзгі еңбек туралы түсінік беру,табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидек суреттері, шарлар.

Қатысушылар: Күз, оқушылар, жемістер.

С/б: Ұйымдастыру бөлімі. Ертеңгілікке даярлау.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер!Күз-береке,молшылық демекші әрдайым отбасымыздан береке,дастарханымызда молшылық болсын деген тілекпен,балалардың күз мезгілінің табиғаттағы өзгерістері туралы дайындаған шағын ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

-Кәне,балалар,қол соғып күз ханшасын қошеметтеп ортаға шақырайық!

Күз ханшасы: Бұлттар төніп,жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады.Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Айтыңдаршы,бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Ақбота

Күздің сыйын алайық

Қызығына қарайық Күзге арнап бәріміз,

Әнімізді салайық.

Жұпар Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Нұрболат: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Айгерім : Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Нұржарқын: Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады,

Күз айы да сол себепті.

Толғанай: Алтын сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ернар: Қараңдаршы ,қандай сұлу,

Бидай басқан кең дала.

Алтын жайып тастағандай,

Біздің дала,бай дала.

Айнара: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Мади : Жайдары күз,жарқын күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып тұр.

Анжела: Алтын,сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Бекзат: Күншуаққа маужырап

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

- Балалар,көкөністерді атайықшы?

Қарбыз,қауын,қияр,қызанақ,сәбіз,пияз,картоп,орамжапырақ,қызылша.

-Енді жемістерді атайық? Алма,алмұрт,өрік,шие т.б.

Т.Ақбота: Астық, жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз, мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Енді жұмбақ шешейік.

1.Іші жұмсақ,сырты қатты, Еті қызыл,сүті тәтті. /Қарбыз/

Нұрбол: Мен қарбызбын,қарбызбын,

Күннің көзін сүйемін.

Ауырса бауыр-бүйрегің,

Көмегімді беремін.

2.Аласа талда ,алуан алма Ал қызыл болмай Аузыңа салма. /қызанақ/

Данияр: Мен қызанақ,қызанақпын,

Қызарып -ақ пісемін.

Дәмім тәтті болғасын,

Мені халық көп жейді.

3.Бойын жерге жасырған, Бұрымы бар жасылдан. /сөбіз/

Бекшат:Мен сәбізбін,сәбізбін,

Емдік қасиет көп менде.

Егер жесең өзімді,

Денсаулығың төзімді.

4.Жатып жерде желіндейді, күз түскенше желінбейді. /қауын/

Нұрислам: Мен қауынмын,қауынмын,

Емделем десең дәрімін.

Бүйрек,асқазан,жүректі,

Барлығын емдеп беремін 5.Қырық қабат орамалға , Оранады ол бала./орамжапырақ/

Нұржарқын: Мен орамжапырақпын,

Толық адамдарға өте керекпін.

Көп аурудың емімін,

Емделем десең өзің біл.

6.Кіргенде ініне сыңарды, Ұрпағын ертіп ол шығарды. /картоп/

Ернар: Мен картоппын,картоппын,

Жер жүзіне керекпін.

Шырынымды ішсең сен,

Айығарсың кеселден.

7.Ызақор бұғып жатыр, Сақалын тығып жатыр./пияз/

Бекзат: Мен пиязбын,пиязбын,

Емдермін менде сені.

Пайдалансаң жөтелге,

Балмен қосып өзімді.

:Мен қиярмын,қиярмын,

Жесең есті жиярмын.

Шырыныммен жуармын

Барлық дақты кетіріп

Мен қызылшамын,қызылшамын,

Пісіріп жесең салатпын.

Өттегі тасты жібіткен,

Қызылша деген мен боламын.

Алма,алма дейсің,

Берсем бас сап жейсің.

Айтқан жоқсың деме,

Жумай мені жеме.

Міне, балалар біздер жемістер мен көкөністердің не үшін қажет екенін білдік.

Сонда балалар күздің қандай белгісі бар екен?-Жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа кетеді,күн суытады,жаңбыр жауады, жеміс-жидек піседі.

Күзді неге береке,байлық дейміз? Себебі, күзде барлық жеміс-жидек піседі,егін пісіп, мал семіріп ет көп болады, молшылық болады.Біз мектепке келеміз.

Бидайдан не аламыз? - Нан.

Нанмен өмір сәнді де,

Нанмен өмір мәнді де.

Дастарханда нан тұрса,

Шырқайды жұрт әнді де.

Нан ардақты асыл ас

Аттамас оны кәрі-жас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасымнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Төресіндей гүлдердің

Тұр ғажайып ақ бидай.

Асырайтын күллі елді

Біздің байлық-ақ бидай.

Дақылдар әні:

Бидай- Нан анасы-бидаймын,

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып,піскенде

Қауызыма сыймаймын

Арпа Күміс мұртты -арпамын

Ырыс-құтты арпамын

Еңбек етіп,баптаған

Еліме сый тартамын

Тары- Ақ,қарамын,сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірсе

Қайтарамын қарымын

Сұлы- Мен сұлымын,ұланның

Тұлпарыма ұнадым

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын

Күріш Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су ішті хормен: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар



© 2010-2022