Сыныптан тыс жұмыс на тему /Жаңа жылға дайындық/ /2 класс/

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

29 қараша Сабақ № Сыныбы: 2а

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылға дайындық. Шырша дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шырша туралы мағлұмат беру. Оқушыларға шыршаның жасалу

жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін,

шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақты, қауіпсіздік ережесі, электрондық оқулықтар.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, қар жинау ойыны, МОТ.

Пәнаралық байланыс: Математика, еңбек, бейнелеу, дүниетану.

Құрал - жабдықтар: Қалам, өшіргіш, түрлі - түсті қағаз, желім, таспа, жіп түрлері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу


Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме деп

Сәлемдесіп аламыз

ІІ. Кезең. Үй тапсырмасын сұрау.

Қар жинау ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтап аламыз.

  1. Аппликация дегеніміз не?

  2. Оригами дегеніміз не?

  3. Заттық аппликация дегеніміз не?

  4. Сюжетті аппликация дегеніміз не?

ІІІ. Кезең. Оқушылардың қызығушылығын ояту. Ой қозғау әдісі.


  1. Балалар біз қандай ойын ойнадық? (қар жинау ойыны)

  2. Қыста қандай аңдар ұйқыға кетеді. (аю, борсыз, суыр, саршұнақ)

  3. Қыс айларын атаңдар? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  4. Қар жылдың қай мезгілінде жауады? (қыста)

  5. Қыста қандай мейрамдар болады? (Желтоқсанда Тәуелсіздік, Қаңтарда Жаңа жыл мейрамы)

IV. Кезең. Жұмбақты шешу.

Сол кезде біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (шырша)

Дәптерлеріне күннің ретімен жаңа тақырыпты жазу.

Шырша туралы мағлұмат беру.


Шырша қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты мәңгі жасыл ағашы. Шыршаның барлық түрі күн көзіне ұнайды. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек. Шыршаның биіктігі 30 - 50 метр. Ол 15 - 20 жылға дейін жай өсіп, одан кейін жылына 30 см ге дейін өсетін болған. Шырша ағашының өзге ағаштардан ара қашықтығы 6м болғаны дұрыс. Шырша ауа тазартатын болғандықтан аурухана, шипажайлар маңына көптеп еккен дұрыс. Дүние жүзінде шырша ағашының 50-ге жуық түрі бар. 50 - 150 жыл өмір сүреді. Шырша ағашы жеңіл, мықты емес.

V. Кезең. Сарамандық жұмыс.


Шыршаны пирамида тәрізді етіп жасаймыз. (1-сурет) Оның негізі - барлық жағынан өлшемдері бірдей үшбұрыш. Шыршаның жан - жағы желімденбейді, таспа немесе баумен тартып байланады.

  1. Мұндай шырша жасау үшін қалың қағаздан оның жазбасын жасап алу керек.

  2. Әшекейлер түсті қағазбен, матадан жасалады.

  3. Ілгіштер мен байлағыштарға жіңішке таспалар жарайды.

Қайшымен жұмыс істеу ережесі:


  1. Қағазды қиған кезде қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт.

  2. Сол қолыңның саусақтарына абай бол.

  3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.

  4. Қайшыны біреуге бергенде жабық күйінде бер.

  5. Жұмыс біткен соң, қайшыны арнайы қорапшаға сал.


Қане балалар көмектесейік. Әдемі шыршаны жапсырмалау үшін түс таңдайық. Шырша қандай түс. (жасыл түс) дұрыс айтасыңдар. Енді қағазды қиып алайық. Қиып алған қағазымыз неге ұқсайды? (үш бұрыш пирамидаға ұқсайды). Аққала, шырша, жұлдыз бейнелері қандай пішіндер? (геометриялық пішіндер)

VІ. Кезең. Ой - толғаныс.

Сабақты бекіту:


  1. Балалар біз бүгін нені жапсырмаладық? (шыршаны)

  2. Шыршаны немен безендірдік? (ойыншықтар)

  3. Безендіруге қандай құрал пайдаландық? (түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы)

Балалар және бір ойын ойнап сабағымызды аяқтайық.

Ойынның аты: не жетіспейді?


  1. Жұмбақты қою арқылы аққалаға не жетіспейтінін анықтау.

Бойымызға шаққана

Көзі көмір қап-қара

Мұрны сәбіз сап-сары

Тұрғыздық біз...(аққала)

Тікен-тікен тіл пісте

Қысы-жазы бір түсте (шырша)


  1. Балалар бүгінгі сабағымызды бекіту үшін мыналардың не екенін білесіңдер ма?

Бұл адамның көңіл - күйін білдіретін смайликтер деп аталады. Сыныптан тыс жұмыс на тему /Жаңа жылға дайындық/ /2 класс/Сыныптан тыс жұмыс на тему /Жаңа жылға дайындық/ /2 класс/Сыныптан тыс жұмыс на тему /Жаңа жылға дайындық/ /2 класс/



Осы смайликтер арқылы сабағымызды жақсы түсінді, жақсы меңгерді деп бағалаймын.



© 2010-2022