Ана тілі Құмырсқаның қанағаты 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы , Құрманғазы ауданы , Жыланды селосы.

Дина Нұрпейісова орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмабаева Лена Оханқызы

Пән: Бастауыш сынып.

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.

Сабақтың мақсаты: Ертегіні түсініп оқу арқылы өмір мен байланыстыра отырып негізгі идеясын ашу.

Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Оқыту нәтижесі : Алға қойған мақсатқа жету үшін төзімді болу.

Негізгі идеясы :Ертегі арқылы оқушыларды

жауапкершілікке, еңбекқорлыққа үйрету

Дереккөздер .: Дереккөздер

Тапсырмалар: Үй тапсырмасын сұрау.

Алтын балта ертегісінен көрініс көрсету.

Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ресурспен жұптық жұмыс.

Жигсо әдісі бойынша.

Жұптас, ойлан , талқыла.

Мәтінмен жұмыс.

Топтық жұмыс( постер қорғау)

Шығармашылық жұмыс.

(Талантты және дарынды балалармен жұмыс)

Бір айналым сөйлем стратегиясы» бойыншақорытындылау

Бағалау критериін ілу

Кейінгі тапсырмалар: «Егер мен құмырсқа болсам» эссе жазу

Бағалау критерийі : 0 -ұпай орындамаса.

1 -ұпай түсіндірмей орындаса.

2 -ұпай түсіндіре отырып орындаса.3 -ұпай толық мазмұнын ашып, талдаса

І.Ұйымдастыру.

Амандасу тренигі..

Топқа бөлу.

Түрлі-түсті қағаздар арқылы. Топтың атын шығару.

Топ басшысын «Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша анықтау.

Бағалау критерйлерімен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмас.ын тексеру.

1. Алтын балта ертегісінен көрініс.. диалог түрінде.

2. Бай мен кедейге сипаттама беру.

3. Осы ертегі бойынша сұраққа жауап беру.

ІІІ. Қызығушылықтарын ояту. Жұмбақ суретті табу.

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық.

Күнінде бір отырмас дамыл алып.Өзінен ауыр жүкті көтереді ( Құмырсқа)

ІV. Мағынаны тану сатысы.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Құмырсқа -бунақденелілер тобына жатады.

Құмырсқаның пайдасы бар . Емдік дәрілікке пайдаланады. Құмырсқа -жер шарында кеңәнен таралған. Құмырсқа еңбекқор, қанағатшыл, тазалықты, әділдікті. Қыстың қамын - жазда ойлайды Жинаған азықтарын қамбаға жинайды.

Сөздік жұмыс - қанағат сөзіне түсінік беру.

Аз демеу керек .

Үнемшіл.

Жоққа шыдау керек.

Ең асыл қасиет.

Қанағат қарын тойғызады.

Сергіту сәті .

Ұзын мұртты құмырсқа .

Келе жатты құмырсқа.

Оң жағына қарады ,

Сол жағына қарады.

Допты көріп қуанып,

Тау екен қалады.

V. Мәтінмен жұмыс . Ресурс бойынша мәтінді баяндау.

VІ. Ой толғаныс .

Жұптық жұмыс. талдау,

VІІ.Топтық жұмыс. Постер қорғау.

1 -топ Құмырсқаны сипаттау,топтастыру

2. -топ Бес жолды өлең.

3 -топ.Қанағат, еңбек туралы, мақал- мәтелдер айту.

VІІІ. Шығармашылық жұмыс .

Құмырсқа туралы мәлімет жинап қорғады.

ІХ. Қорытынды.

«Бір айналыс сөйлем» стратегиясымен «Құмырсқадан нені үйрендің». өз ойларын айтып шығу.

Үйге тапсырма беру. «Егер мен құмырсқа болсам» зссе жазу.

Х. Бағалау.

Топ басшылары, бағалау парақшалары арқылы бағалау.

Сумативті бағалау.


© 2010-2022