Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Құндыз Әмірбайқызы



Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс: - оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу; - бір ғана түп нұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету; - берер білімнің ғылымилығын арттыру; - алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету; - оқушысының ой белсенділігін дамыту; - әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту - білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету; Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі "Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті" деп көрсетілуі, "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында елбасының "біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек" деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында "Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту" өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»- тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. . Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады. Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Отаным менің байтақ өлкем.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мектеп пен өндірістің байланысы.

Тақырып мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын айтқан оқушыға сұрақ жазылған кеспе қағазды беру. Оқушы сұрақты оқып, жауап береді. Әр кеспе қағаз Қазақстанның облыстарының жер көлемін бейнелейді. Сұраққа жауап бергеннен соң тақтадағы тиісті орнына жапсырады.

Сұрақтар:
1. Мектеп пен кәсіпорынның байланысы не үшін керек?
2. Ауылдық мектептерде қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?
3. Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесің?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Кеспе қағазды алып сұрақты оқу.
-Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар?
Сұраққа жауап берілген соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.

ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.
Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.

Ү. Жаңа сабақ.
Кеспе қағазды алу.
-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған. Сөзжұмбақты шешу. Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»


Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- Балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.

Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.

- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең білесіңдер ме?

Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.
Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру. Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу. «Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.

Дәптермен жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.

Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу. Бақылау күнделігіндегі 62-бетте тұрған тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.
Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сергіту жаттығуы
Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу. Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»

Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.

Тапсырма: Кестені толтыр.
Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»
Барлығы бірге орындап, тақтаға жазады. Соңғы сұраққа әркім өз ойларын айтады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу. «Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.

1. 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)
2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)
3. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)
4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)
5. Астананың бұрынға аты қалай аталған? (Ақмола)
6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы. (Бәйтерек)
8. Мемлекетіміздің мәйегі,
Дербестігіміздің дәйегі… (Елорда)
9. 1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Орынбор)
- Соңғы тапсырманы орындайық. Тапсырманы оқып, қағазды тақтаға ілу. Тапсырма: Қазақстанды гүлдендір.

Барлық тапсырмалар орындалып болған соң, кеспе қағаздар өз орнына ілінгеннен кейін тақтада Қазақстанның картасы құрастырылып шығады.
- Міне, балалар, біз 14 тапсырма орындап, Қазақстанның 14 облысын өз орындарына орналастырып, Қазақстанның жерін құрастырдық.

Оқушылар үйден жасап әкелген гүлдерін карта бетіне жапсырады.
- Міне, балалар, біз Қазақстанды гүлдендірдік. Болашақта Қазақстанның дәл осылай сақталып, гүлденуі біздің қолымызда.
Отанымның ұлымын.
Бұл-гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар Отаны.
Ә.Табылды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.
«Менің елім» тақырыбына эссе жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады. Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек: - өзіндік пікірлерін дәлелдеу; - пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет; - өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы; - жолдасының жауабыңа пікір айту; - сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау; - үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу; - үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру; - өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау; - танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету; - өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау; - танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау. Бастауыш сыныпта «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн - бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын.(1. 4-бет) Олар мыналар: 1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Қайсар атасымен қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен. - Қайсар не істеді? Бұл мәтінді бір - екі бала былай деп аяқтапты. Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан - жақтан көмеккеадамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсызөшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кездеқораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға ризашылығын білдіріп, қошақан сыйлады. 2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау. Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады: Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңізін ешқашан жамандамайтын болыпты. 3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 4. Мәтін бойынша мақал құрастыру. 5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Дидардың құраған жұмбағы: Өзі жас, мұртты Сүтті ұрлап ішті. /мысық/ Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/ 6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 7. Шығарма, мәтін құрастыру. Тақырып бойынша. Жоспар бойынша Тірек сөздер арқылы 8. Өлең құрастыру. Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы. Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы. 9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу. 10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету. 11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу. 13. Рөлге бөліп оқыту. 14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.) 15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру. 16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады. Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың "Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы" дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар - білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.



Қолданылған әдебиеттер: 1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл. 2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» // «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл. 3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г. 4. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл. № 2. 2008 жыл №5. 2008 жыл 5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл. 6. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

© 2010-2022