Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөз және оның мағынасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 2. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты:

сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығуды тексеру. Ол заттың түсі сары, дәмі тәтті, түрі сопақша, дәруменге бай. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б. Мына сөздер

ә) оқулықпен жұмыс, 8-жаттығуды мәнерлеп оқу, талдау. Сөл, шырын, сығынды, нәр.

б) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.

9-жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп, шапшаң оқыту, жаттату. 4-5 балаға жатқа айтқызып, тыныс белгілеріне назар аударту. Жатқа жазып, оқулықпен тексерту. Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі «алма-алма» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

10-жаттығу. Мақалды оқытып, мағынасын түсіндіру. Арзан, іші сөздеріне қарама-қарсы мағыналы сөзді (қымбат, сырты) тауып айту.

Тура: нанды тура, тура жол. Жас:машинаны жаса, мүшел жас.Түс: аттан түс, түс көру, қызыл түс. в) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: а) 13 -жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) 14-жаттығуды «Ұйқасын тап» ойыны түрінде өту. Ойының шарты: мұғалім өлеңнің басын оқиды, оқушылар топ бойынша ұйқасын табу керек. Жеңген топты мадақтау.

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 12- жаттығу, 7-бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022