Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту. Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызы- ғушылықтарын арттыру. Құстарды қорғауға, қамқор болуға, экологиялық тәрбие беруге баулу. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: ой қозғау, жекелей жұмыс Сабақтың барысы: І. Бағдарлы-мотивациялық кезең А. Психологиялық дайындық жүргізу. Ә. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Б. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. В. Өткенді қайталау. *Үй тапсырмасын сұрау. *Электронды оқулықпен жұмыс. ( 1,2,3-тапсырмаларды орындау)

*Сұрақ-жауап әдісі

Г. Жаңа сабақ

-Балалар, біз сендермен жануарлар туралы біраз мағлұмат алған сияқтымыз. Ал, осы жануарлардың ішіндегі өзіндік ерекшелігі бар қандай топты білесіңдер?

Басқа топтарға ұқсамайтын ерекшелігі бар, маңызды топ, ол қандай топ? Қане, ойланайықшы.

- Дұрыс айтасыңдар, олар- құстар. Құстар несімен ерекшеленеді?

-Олар ұша алады, қанаттары бар, екі аяқты.

Алғашқы құстар қандай болған екен? (алғашқы құстардың суретін көрсету)

-Қазіргі құстарға ұқсай ма?

*Электронды оқулықпен жұмыс

-Балалар, жер бетінде құстар өте көп. Олар алуан түрлі. Осы құстар жайлы мағлұмат тыңдайықшы.

*Оқулықпен жұмыс.

-Мәтінді оқыту.

*Сөздік жұмысы

Қырағы-

Тұтқыр-

-Мәтінді оқығаннан кейін негізгі мәліметтерді слайдтан көрсету.(дене құрылысы, жыртыш құстардікі, бөдене мен бұлбұлдың ұясы, жыртқыш құстар, жыл құстары, ұша алмайтын құстар)

*Сұрақтарға жауап беру.

-Құстардың дене құрылысында қандай ерекшелік бар?

-Жыл құстары қайда және неліктен ұшып кететінін естеріңе түсіріңдерші?

-Қай құс ұясын шөптің арасына салады?

-Қай құс ұясын бұтаның басына салады?

-Құстар табиғат жағдайларына қалай бейімделген?

-Құстардың негізгі қорегі не?(өсімдікке зиянды жәндіктер)

ІІ Операционалды-орындаушылық кезең

*Тауып оқу.

-Бозтарғайдың шырылы не сияқты құйқылжып төгіліп тұрады делінген?

Бозторғайдың үнін тыңдау.

-Әр құстың үнінде өзіндік ерекшелік бар. Құстар алуан түрлі болса, сонша алуан түрлі құстардың даусы бар.Күнделікті естіп жүрген дауыстарды ажырата алады ма екенбіз көрейік.

Ойын: «Құстың даусын ажырат»

Сергіту сәті. «Құстармен бірге серігіп алайық»

*Электронды оқулықпен жұмыс (1,2,3-тапсырма)

*Дәптермен жұмыс Үй құстары Жыртқыш құстар Жыл құстары Қыстайтын құстар Тауық Күркетауық Қаз Үйрек Әтеш Жапалақ Үкі Бүркіт Қыран Кезқұйрық Ұзақ Бұлбұл Бозторғай Аққу Шағала Тырна Шымшық Сауысқан Қарға Тоқылдақ Суықторғай Кептер т.б

*Қызықты деректер

*Қазақ халқының болжамдары.

*Проблемалық сұрақ.

-Егер жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді?

*Логикалық сұрақ

-Бақта өсіп тұрған бәйтеректің бұтағына сауысқан ұшып келіп, қонды да, жөн сұраса бастады. Саңқылдап қойып, бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап, бір бұтақта отыр. Бұтақта неше сауысқан отыр?

ІІІ Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Тест тапсырма

  1. Жыртқыш құсты белгіле.

А. Бұлбұл М

Ә. Бүркіт Ж

Б. Көгершін С



  1. Ұясын шөп арасына салатын құс.

А. Бөдене А

Ә. Қарға Ө

Б. Қарлығаш Ү

3. Күміс қоңыраудың сыңғырындай құйқылжытып ән салатын құс.

А. Сауысқан Р

Ә. Әтеш П

Б. Бозторғай Қ

4. Құстың басқа жануарлардан ерекшелігі

А. Ұшады С

Ә. Жүгіреді Д

Б. Секіреді Т

5. Ұша алмайтын құс

А. Бүркіт О

Ә. Шағала І

Б. Пингвин Ы

1

2

3

4

5








*Құстарға көмек

-Қандай мезгіл келе жатыр?

-Жыл құстары ұшып келеді, оларға қандай көмек жасайсыңдар? *Құстарға байланысты тыйым сөздер * Бекіту: Миға шабуыл стратегиясы. Құстар туралы не білдік? ПАшық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»айдалы Дос Ағаштарға ұя салады Құрттарды жейді Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»Жыртқыш құстар Құстар Су құстары Тірі табиғат Жыл құстары Қыстап қалатын құстар

Қорытынды сөз.

Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар







































-Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме. -Құстар көп болас, зиянкес жәндіктер аз болады. - Бұлбұл үнді, жылан тілді.

- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер. - Құстар-достар. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді. - Құстарды өлтіруге, ұясына бұзуға болмайды. - Құстарды атуға болмайды. Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі» Ашық сабақ дүниетану пәні 2 сынып «Құстардың алуан түрлілігі»





© 2010-2022