Брэйнг ринг ойыны сабақтан тыс шыралар 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Брэйнг ринг ойыны сабақтан тыс шыралар 2 сынып

Бекітемін: келісемін:

Мектеп директоры ДТІЖО.

А. О. Шомакова. А.А.Идрисова.

«БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ

Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі»КММ.

2014 - 2015о. ж.


Жауапты: Сембекова Р.Д.

Брэйн - ринг ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрістерін , таным қабілеттерін жетілдіру. Туған тілімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Шығармашылық ізденіске баулу.
Ойын барысы:

  • Сәлеметсіздер ме, ойынға қатысушылар!
Сіздер бүгінгі ойынымыздың тақырыбын білесіздер. Біздің ойынымыздың басты қонағы - құдіретті де ғажайып қазақ тілі. Біздің көрнекті ғалымдарымыз бен шетел жазушыларының тіл туралы айтқан пікірлері мен өлеңдерінен үзінді тыңдайық. Балалар тіл туралы пікірлер, өлеңдер оқу.
  1. - оқушы. Тіл байлығы - ой байлығы.( Н. Карамзин)

2- оқушы. Ең жақсы тіл - ана тілі.(М. И. Калинин.)
3- оқушы. Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып - ақ алыңдар. (Дихан Әбілев)
4 - оқушы. Мен қазақтың тілімін. Мен қазақтың тілімін, Беретін көп білімім. Достасатын сендермен Жаңа пәннің бірімін.
Үйретем тіл заңдарын, Сөзіме құлақ сал бәрің, Менімен тез іске асар, Ойға алған арманың. Ойын ережелері ескертіледі.
Брэйн - рингтің сұрақтары.
  1. жұмбақты шешіп, ондағы ұяң дауыссыз дыбысты атау.

Аузы жоқ үреді, аяғы жоқ жүреді. (жел) (ж)
  1. мына шифрді шешіп, «артық» сөзді табыңдар.
Ышаңғ (шаңғы) Нааш (шана) Кьонк (коньки) Лпі(піл) 3.мына сөздердің жекеше , көпше түрлерін топтап жазыңдар.
Жиһаз балапандар Орындық кітап Мұғалім ыдыс - аяқтар ойыншықтар Оқушылар доп
4«кітап» сөзін тәуелдеп беріңдер.
5.буындардан сөздер құрау.
Бал ғы ме шал Те дыр ла қан Бо ған та пан Ңіз ба ке Балдырған , теңіз, ботақан, кеме, шалғы, балапан.
6.Дыбыстарды кері қарай қайта оқу. Қандай сөз шықты? Шырақ (қарыш) Табақ (қабат) Есек (кесе)
7.мағыналары ұқсас сөздерді жазыңдар. Мысалы: сұлу , әдемі, келбетті, көрікті, сүйкімді.
8.Берілген сөздердің қарама - қарсы сөздерін табыңдар. Жақын - жалқау - Жаман - ұзақ - Қатал - биік - Үлкен - ұзын - Жуан - ақ -
9 «Адамгершілік» сөзіндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастыр. Алма , адам, ала, шілік, кіші, дала, кеме, келешек
10. Мақалды жалғастыр.
  1. Еңбек түбі - береке, .............
  2. Қоянды қамыс өлтіреді,...............
  3. Ата көрген оқ жонар, ................
  4. Қына тасқа бітеді, ......................
  5. Білікті бірді жығар, ..........................

11.Мына сөздерден сөйлем құраңдар. Мен, бердім, оқып, қызық, әжеме, әңгіме
12 Жұмбақты шешіңдер. Бұрылса болды қлағы, Бұраса уақытты табады. (сағат)
Ақ қарда тек тұрмадым, қос таяқпен зырладым. (шаңғы)
ну орманды құйғытады, көтеріп ап қу бұтаны. (бұғы)
дауылға да теңселмейді, даусына ел тамсанған, тиіп кетсе ән салады. (домбыра) иілместен өлсем дейді. (емен) бір жауаптан кейін қорытынды шығарылып отырылады.








© 2010-2022