Сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: Сөздер

Мақсаты:

Білімділік: Сөз, туралы ұғымарды таныстыру, түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

Дамытылушылық: Балалрдың ойлау, өзіндік пікір айту қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын

Жаңа сөздер:

Қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, суреттер

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу


Ұйымдастыру Ән ұран айту Балалардың назарын өзіме аударамын. (Есікті немесе партаны қағамын) -Балалар не естідіңдер? Шарды жарамын. Не естідіңдер? -Дұрыс. Дыбыс естідіңдер? -Бірақ ол дыбыстар бірдей шықты ма? -Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек, оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал Д-Д дыбысын айтсақ, оның айтылуы қысқа. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейікші. -Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Мысалы: Доп, алма, т.б. -Ойыншықтардың аттарын, заттардың аттарын атаңдар. Сөз дыбыстардан құралады. АНА сөзін талдайық. Ана неше дыбыс бар? -Дұрыс айтасыңдар, ана сөзінде үш дыбыс бар. Енді өздерің келесі сөзді ойлап айтыңдар. -Жеке дыбыстар ойлап айтыңдар. «Кім көп сөз біледі?» ойыны -Балалар, енді қазір қандай сөз білесіңдер, сол сөздерді айтыңдар.

Дыбыс естідік.

Жоқ.











Үш дыбыс бар.

Бала, ата, қуыршақ, т.б.

Балалар білетін сөздерін айтып, буынға бөледі.

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

«Кім шапшаң?» ойыны бойынша сабақты қорыту.

Балалар сөздер мен дыбыстарды айтып жарысады.

Біледі: Балалар сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың дыбыстардың қалай шығатыны далы түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар дыбыстардың әр түрлі болатыны, дыбыстардан сөз құрауды орындай алады.









© 2010-2022