Тақырыбы: Тамақты кім пісіреді?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:20.03.15

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Тамақты кім пісіреді? (аспазшының еңбегін бақылау) Мақсаты: Ересектердің қызметі және еңбек әрекеттері жайында балалардың түсініктерін жетілдіру. Аспазшының еңбек әрекеттері туралы білім беру: көже және компот пісіреді, тоқаштар дайындайды және т.б., ыдысты жуады. Баланың қиялы мен шығармашылығын және қол моторикасын дамыту.Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылығын және оның нәтижесін қадірлеуге тәрбиелеу. Балалардың қолдарынан келетін еңбек әрекеттерді орындауға тарту. ( тамақ ішкеннен кейін ыдысты әкету).

Көрнекі құралдар: аспаз , аспаз еңбегін бақылау, аспаз киімі: алшалғыш, аспаз қалпағы, бауырсақ, бауырсақ әзірлеу,қамыр илеу құрамына:сүт, жұмыртқа, тұз, қант, ұн және олардың ыдыстары ,қасық,балаларды ынталандыру аспаз суреті т.б

Билингвалды компонент: Сәлеметсіздер ме - Здравствуйте - HeIIo, Аспаз - Повар -Соок

Сөздік жұмыс: қамыр, қамыр илеу

Әрекет кезең-дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру-шылық немесе мотива-циялық қозғау-шы

Шаттық шеңбері Амансыңба, асыл күн! Амансыңба, асыл жер! Амансыңба, көк аспан! Амансыңба, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне,менің қолым. Достар бірге жүреміз, Аспазшы боп киініп, Бірге ойнаймыз , күлеміз. Бірге еңбек етеміз, Бірге асты ішеміз, Міне, біздер қандаймыз.

Балалар шаттық шеңберін құрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады

Іздену-шілік немесе қойыл-ған тап-сыр-маны орын-дау

-Балалар,қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасайық.

-Балалар, сендер неге алшалғыш тағып бастарыңа қалпақ кидіңдер?

Бұндай киімді кімдер киеді?

Аспаз не істейді?

Дұрыс айтасыңдар ,балалар.

Аспаз мамандығы қай салада болсын жұмыс істейді.Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде жұмыс істейді

-Аспазды орысша қалай атайды?

-Ал, ағылшынша қалай атайды?

-Балалар, сендер, аспаздар сайысына келдіңдер ма?

Сендер не жасайсыңдар?

Жарайсыңдар балалар.!

-Балалар, қараңдаршы, біздің топта біреу жасырынып тұр. Қане ашып көрейік па?

-Балалар, бұл кім, танисыңдар ма?

-Ол бізде кім болып жұмыс істейді?

Сіз неге жасырынып жүрсіз?

Аспаз: Бүгін «Ерке» асханасында аспаздар арасында бауырсақ жасаудан сайыс болатынын естіп, жасырынып отырмын.Мен сендердің достарыңмын ғой,менің де қатысқым келіп тұр. Сендерге көмектескім келеді.Мен де қатысайыншы?

-Тәрбиеші: алдымен біздің тапсырмамызды орындаңыз

Аспаз: Орындаймын

Бізге бауырсақ жасау үшін қамыр илеу керек, қамыр илеп беріңіз.

Аспаз: Балалар, бауырсақ әзірлеу үшін алдымен қамыр илеу керек.

Қамыр сөзін қайталау,қамыр, қамыр илеу.

Алдымен барлығымыз бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: Қамыр илесең терлеп - бұның аты еңбек, Кесте тіксең зерлеп - бұның аты еңбек, Киімімді кисем - бұның аты еңбек Тауға шықсаң өрлеп - бұның аты еңбек,

Қиындықтың бәрін - еңбек қане жеңбек

Балалар,біз аспаздың еңбегін бақылаймыз

Бақылау барысы:

Аспаз:

Алдымен ыдысқа сүт құямыз(балаларға көрсету.)

-Балалар алдарыңдағы сүтті қараңдар,сүттің түсі қандай?

Сүтті не береді?

Жұмыртқа қосамыз.

Жұмыртқаны не береді бізге?

-көз мөлшермен тұз себеді.

-тұздың дәмін көріңдер, дәмі қандай?

-қант себеді , қаныттың дәмін көріңдер.

-қанттың дәмі қандай екен?

-ең соңында ұн қосып араластырамыз

Ұнның өзі көп еңбектенудің арқасында келеді.қамырды осылай илейміз.біраз қойып қоямыз

Балалар 1-ден бұл мамандық асқан дәлдікті талап етсе, 2-ден тағамды әсемдеу үшін шығармашылық қабілеті болуы керек. Жақсы аспаз, зейінді, ұқыпты, есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек.

Қане, балалар,біз қиялдап қамырды ауада илеп көрейік. Әуен ойналады

Ауада қамыр илеу

-Балалар қамыр илеу оңай ма?

Алдымен саусақтарымызды жаттықтырайық

Сергіту сәті:

Бас бармағым- атам менің,

Сұқ саусағым -анам менің,

Ортан жілік -әкем менің,

Шүлдір шүмек -анам менің,

Кішкене бөбек -ол мен

Біз барлығымыз бір отбасымыз

Барлығымыз бірге еңбектенеміз. Ал енді бауырсақ жасау сайсын өткізейік

Ой тастау: балалар, бауырсақ жасар кезде мен үстіме не киуім керек?

Алшалғышты не үшін тағамын?

Қалпақты не үшін киемін?

Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Ал, енді бауырсақ жасауға кірісейік.

Практикалық жұмыс:

Қауіпсіздік ережесі:

Тақтайшамен ойнауға болмайды,

Ұнды,қамырды шашуға, лақтыруға болмайды

Ал, енді бауырсақ жасауға кірісейік.

Балалар берілген қамырдан домалақ, сопақша бауырсақтар жасайды.

Қане, кімнің бауырсағы әдемі шықты,кім сайыста жеңіске жетті.

Қолдарын сүлгіге сүртеді.

«Ерке» асханасында рөлдік ойын

Балалар, біздің топта «Ерке» асханасы ашылды.Көптеген қонақтар шақырылды.Асхана басшысын тыңдайық.

Құрметті қонақтар!, «Ерке» асханасының ашылу салтанатына, қош келдіңіздер!Асхана аспаздарының тіл үйіретін дәмді астарынан дәм татуларыңызды сұраймын.

Өмірлеріңіз мәнді,

Көңілдеріңіз сәнді,

Астарыңыз дәмді болсын.

Жарнама: (Ақерке) Ыстық бауырсаққа шақырамын!!! Уа, халайық,халайық! Мұнда назар салайық, Ақеркенің пісірген, Баурсағынан дәм татайық! Ыстық-ыстық шәй ұрттап,

Бауырсақтан алайық.

«Ерке» асханасында 3 топқа бөлініп отырады

1-топ үлкен,2- топ кіші, 3- топ кішкентай топ болып тапсырыстарын алып ішеді.

Тыныс алу жаттығуы:

Бауырсақты иіскеп мұрнымызбен демімізді ішімізге тартамыз, аузымызбен демімізді қайта сыртқа шығарамыз.

Нан қоқымын шашпаймыз,

Жерде жатса баспаймыз.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаймыз.

Астарың дәмді болсын!

-Сәлеметсіздер ме?

-Здравствуйте.

-HeIIo

Аспаз

Тағам дайындайды , ас пісіреді, дәмді тоқаш, бауырсақ пісіреді, т.б

Повар

Соок

Иә

бауырсақ

Эльвира апай

Аспаз болып



Балалар қамыр сөзін қайталап айтады.

Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап, қимыл-қозғалыстар жасайды

Аспаз еңбегін бақылайды

ақ

Сиырдан аламыз

Жұмыртқаны тауықтан аламыз

Тұздың дәмі ашты

Қанттың дәмі тәтті

Ұн өте ұнтақ

Балалар қиялдап музыка әуенімен ауада қамыр илейді.

Қиын

Өлең жолдарын қайталап,саусақ жаттығуларын жасайды,қолдарын біріктіріп, үй жасайды

Өз ойларын айтады.

Тазалықты сақтау үшін

Балалар берілген қамырдан домалақ, сопақша бауырсақ мүсінін жасайды.

Барлық бауырсақ әдемі,барлығымыз жеңіске жеттік.

Ерке тақпағын айтады

Ақерке жарнама жасайды

Дастарханда отырып, бауырсақты иіскеп, тыныс алу жаттығуларын жасайды.

ережелерді сақтап,өлең жолдарын қайталап айтады

Астарын тауысып ішіп рахметтерін айтады.

Қорыт-ынды-лау және рефлек-ция

Балалар аспаз не істейді ?

«Ерке» асханасында бауырсақ әзірлеу ден кім жеңімпаз атанды? Барлығымыз жеңімпаз атандық яғни, достық жеңді.

Балалар, бүгін ойынға белсене қатысқандарың үшін, сендерге естелікке сыйлық береміз.

Балаларды мадақтап, шаблондар тарату

Өз-өздеріне қызмет көрсетіп ыдыстарын тасиды

-Қонақтармен қоштасайық.

Балалар, «Колокольчик» тобына қайда барғандарыңды, не жасағандарыңды, қалай жасағандарыңды айтып беріңдер.

Тамақ пісіреді, ас әзірлейді.

барлығы

өз-здеріне қызмет көрсетіп, ішкен ыдыстарын апарады,алғыстарын білдіреді.

Балалар қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: аспаздың еңбек әрекеттерін және қолдарынан келетін еңбек әрекеттерін орындауды біледі

Игереді: қамырдан әртүрлі нан тағамдарын жасауға болатынын түсінеді және домалақтау, есу тәсілін игереді,кез келген тағам аспаз еңбегінің нәтижесі екендігін

Меңгереді:еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім алатынын, ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануды





Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ

Шағын орталық

«Ертөстік тобы (3-4 жас)



Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Тамақты кім пісіреді? (аспазшының еңбегін бақылау)





Тәрбиеші: Абылкасенова Алия Уалиевна



Өскемен қаласы,

2015 жыл



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзіндік талдау. Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Тамақты кім пісіреді?» (аспазшының еңбегін бақылау) Мақсаты: Ересектердің қызметі және еңбек әрекеттері жайында балалардың түсініктерін жетілдіру. Аспазшының еңбек әрекеттері туралы білім беру: көже және компот пісіреді, тоқаштар дайындайды және т.б., ыдысты жуады. Баланың қиялы мен шығармашылығын және қол моторикасын дамыту.Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылығын және оның нәтижесін қадірлеуге тәрбиелеу. Балалардың қолдарынан келетін еңбек әрекеттерді орындауға тарту. ( тамақ ішкеннен кейін ыдысты әкету). Қолданылған көрнекі құралдар: аспаз суреті, аспаз еңбегін бақылау, апаз алшалғышы, апаз қалпағы, бауырсақ, бауырсақ әзірлеу,қамыр илеу құрамына:сүт, жұмыртқа, тұз, қант, ұн және олардың ыдыстары Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан екінші кіші топ «Ертөстік» тобы, бала қатысты, қалғандары денсаулық жағдайына байланысты қатыса алмады.Күнтізбелік - тақырыптық жоспар бойынша «Тамақты кім пісіреді?» тақырыбы алынды. Бірінші ұйымдастырушылық немесе мотивациялық қозғаушы кезеңінде балалардың оқу іс- әрекетіне назарын аудару үшін яғни, зейінін жинақтау үшін шаттық шеңбері тақырыпқа сай ұйымдастырылды.Балалардың үш тілді меңгеруіне байланысты сәлемдесу, аспаз сөздеріне билингвальды компонент қолданылды.Ал балалардың қызығушылығын тудыру үшін тосын сый ұйымдастырылып, жетектеу сұрақтар қойылып тақырыпқа кіріспе жасалынды .Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау кезеңі бойынша аспаз еңбегін бақылау ұйымдастырылды, екінші кіші топ балаларының жас ерекшеліктеріне сайБақылау барысында балаларға сұрақтар қоя отырып, қамыр илеуде қамырға қосатын қоспаларды көріп, түсін ажыратып,дәмін сезіп,балалар қиялдай отырып ауада қамыр илеп еңбекке деген қызығушылықтары арта түсті.Сергіту сәті уақытында өткізіліп, еңбектенудің арқасында қиындықтың барлығын жеңуге болатындарын түсінді. Дайын қамырдан бауырсақ мүсінін жасар алдында саусақ бұлшықеттеріне арналған саусақ жаттығулары жасалып, балаларды еңбекке, достыққа баулып, домалақтау және есу тәсілдерін меңгертіп ,шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырдым.»Ерке» асханасында рөлдік ойынында балаларды басшы, аспаз қылып еңбекке деген талпыныстарын, қызығушылықтарын арттырып, балалардың көпшілік ортада өздерін дұрыс ұстауы, асханадағы ережелерді сақтап, асты қадірлеп, өз-өздеріне қызмет көрсетіп, ересектердің еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда жұмыстар жасалып,балалардың тілі, психологиялық жағдайы жақсартылды.Баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастыру.Ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша бекіту сұрақтарын қоя отырып, балалардың тақырыпты меңгергенін анықтап,балаларды ынталандыру негізінде сыйлықтар аспаз суреті таратылды.Алдыма қойған мақсатыма жеттім деп есептеймін.













«Ерке» асханасының ашылуына қош, келдіңіздер!

«Ерке» асханасында аспаздар арасында,

бауырсақ жасаудан сайыс өтеді.

© 2010-2022