Тәрбие сағаты Мемлекеттік тіл тәуелсіздігімнің тірегі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл тәуелсіздігімнің тірегі»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.

Көрнекілігі: Тіл туралы мақал - мәтелдер, шарлар, дәйек сөздер.

Сабақтың барысы: Әнұран

Кіріспе сөз:

  • Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш.

Әдеби монтаж:

Бекзат

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамызды сыйлап, бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің солай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім бағалай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Қамарсұлу

Айналайын халқымнан,

Айналайын даңқыңнан.

Ана тілдің бағасы,

Қымбат екен алтыннан.

Болат

Туған тілім табындырған талайды,

Ел ертеңі саған ғана қарайды.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім әрқашанда арайлы.

Гүлзат

Ана тілі - асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын

Асылхан

Тілім бар да қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар

Кең даладай жиналмаған жан-жағы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

Сұрақтар;

  1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл?

  3. Біз оқулықты қай тілде оқимыз?

Ән: Үшқоңыр

Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Оқушылар өздерінің білетін мақал-мәтелдерін ортаға салады

Қорытынды:



© 2010-2022