Урок по литературного чтения на тему Қазақстан. Қазақ хандығы 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан / Қасым Аманжолов /

Қазақ хандығына 550 жыл


Сабақтың мақсаты: Шығарма авторының өмірінен түсінік беру және өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын ұғынуға төселдіру. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша білуге, мазмұнын талдай білуге үйрету. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына және сөздік қорларының молаюына ықпал жасау. Қазақ хандығы жайлы әңгімелей отырып, қазақ хандарын таныстыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, туған елі мен жерін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, автор портреті, сызбалар, қазақ хандарының суреттері мен жылдар кестесі.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық : Көгінде күн нұрын төккен, Алтын дәнді даласы бар, Жерінде гүл жұпар сепкен. Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем, Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем. Осы менің туған өлкем.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жасырын сөз» - туған өлкем сөзін тағы қалай айтуға болады?

туған өлкем туған жерім


атамекенім ??? туған елім


ата-қонысым Отаным


Шешуі: ҚАЗАҚСТАН
Ой-сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіздікті қашан алды? Тәуелсіздікке қанша жыл болды? Тәуелсіздік күні қай күн? Қайрат Рысқұлбеков деген кім? Ол жазу дәптеріне не туралы жазған еді?

  • Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
  • 1991 жыл 16 желтоқсан
  • 2015 жылы - 24 жыл
  • 16 желтоқсан
  • Қайрат Рысқұлбеков - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.
  • Қорқақтық, еркіндік және ойлы сөздер

  • Қазақстан туралы кімдер жазады? / ақын - жазушылар /

ІІІ. Жаңа сабақ
1.Кіріспе. «Ұлы тұлға»
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды. Мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне аударатын аудармашыда болған. 1941 - 1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.
2.Оқулықпен жұмыс а) Зерттеу: шығарманың тақырыбы, авторы, жанры, шумағы мен қатар саны
ә) Мәнерлеп оқу - мұғалім оқып береді - оқушылар тізбектеп шумақ бойынша оқиды
б) Сөздік жұмыс: Балқаш - көл атауы және оның маңындағы өндірісті қала. Қас тағдырды қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы.
3.Тарихи мәлімет
а) Математикалық тапсырма: * 999 бен 1 сандарының қосындысы; * 200 санын екі рет қос; * 70 санын 10-ға кеміт; * ең сүйікті баға;
Нәтиже: 1000 + 400 + 60 + 5 = 1465 2015 - 1465 = 550
  • 550 санымен байланысты қандай атаулы күнді білесіңдер?


Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хан-дығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негіздел-ген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.
Урок по литературного чтения на тему Қазақстан. Қазақ хандығы 2 классУрок по литературного чтения на тему Қазақстан. Қазақ хандығы 2 класс

Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465-1474 жылдары

Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474-1480 жылдары

Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480-1511 жылдары

Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511-1522 жылдары

Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522-1523 жылдары

Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523-1533 жылдары

Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533-1538 жылдары

Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533-1537 жылдары

Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533-1535 жылдары

Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538-1580 жылдары

Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580-1582 жылдары

Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582-1598 жылдары

Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598-1628 жылдары

Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628-1643 жылдары

Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643-1652 жылдары

Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652-1680 жылдары

Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680-1715 жылдары

Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715-1718 жылдары

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718-1729 жылдары

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729-1771 жылдары

Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771-1781 жылдары

Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841-1847 жылдары
4.Ой - толғаныс / сөз тіркестерін толықтыру /
................... жеріміз .......................... қазақпыз ................... жеріміз .......................... қазақпыз
.................... намысы азат ........................... .................... қиқаңы азат ...........................
Құл ......................... .......................... жанбыз
ІV. Сабақты қорытындылау

  • «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
  • Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.
  • Ақын неге қуанып, шаттанады?

5. Венндиаграмма
Қазақстан Қазақ хандығы

президент еркін болу хан

тәуелсіздік

қазақ халқы

қазақ тілі

6. Өлең құрастыру:

Жеріміз бар ..................................................... / қасиетті, киелі /

Біз бақытты .................................................... / қазақ баласы /

Ел намысын ................................................... / қорғаймыз /

Тәуелсіздікті ................................................. / сақтаймыз /

V. Үйге тапсырма

1. «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқу 98- бет

2. «Менің Қазақстаным» тақырыбында шығарма жазу.


© 2010-2022