Жақсы адам болу деген не?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жақсы адам болу деген не?»

Мақсаты: Балалардың бойында адамның жағымды қасиеттері туралы

ұғымды қалыптастыру.

Балалар санасындағы адамның жалпы мүмкіншіліктері туралы

ойды дамыту.

Адамдармен мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Құрал- жабдықтар: суреттер, әліппе дәптер, түрлі түсті қарындаш,

тапсырмалар.

Шаттық шеңбері.

-Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін - өзі тану» сөзін естеріңе сақтағандарыңа өте қуаныштымын.

«Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат, өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.

Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.

Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем! (Қолдарын жайып, көкке көтереді)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады)

Армысың менің досым!

Әңгімелесу.

-Бүгін бізге «Жақсы адам» деген ерекше ұлы тұлғамен таныс боламыз. Адамның бойындағы өзіне тән қандай жағымды қасиеттердің бар екені туралы білетін боламыз. Тек Адам ғана өзге адаммен кездескенде «Сәлеметсің бе!» деген жақсы сөзді айта алады. Адам осы сөзді айту арқылы барлық жақындарына, таныс және бейтаныс адамдарға, Табиғат-Анаға саулық пен бейбітшілік тілейді.

-Айта қойыңдаршы, адам тағы не істей алады?

(Балалардың жауаптары.)

-Дұрыс! Басқа адаммен дос бола алады, қоршаған ортаны қорғайды, өсімдіктер мен жануарларды күтеді. Адам үй сала алады, ағаш отырғызады. Адам өзге адамды, оның үлкенін де, кішісін де, танысын да, бейтанысын да қуанта алады.

Тыныштық сәті.

Балалар көздерін жұмады. Сендердің жүректерің - сендердің жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер.

Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға- әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға бәріне - бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Дәйексөз

-Әр уақытта жақсы болуға тырысу керек.

-Жүрек таза болса, жаман қылық саған жоламайды.

-Әр адамға жылы жүзбен қарау керек.

-Жаман қылықтар жасамау керек.

Ойын: «Тілек шоғы».

Балаларды шеңберге жиналып, қолдарындағы гүлдерді келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналып, тәрбиешінің өзіне оралады.

Дәптермен жұмыс.

Екі баланың жақсы мен жаман қасиеттерін көрсететін сурет көрсетіледі. Тапсырма: Екі баланы салыстыр. «Жақсы бала» деп қай баланы айтуға болады. Жақсылық жасаған баланың суретін бояу қажет.

Сергіту сәті.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

-Балалар, айналаларыңа қараңдаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар?

-Ал енді бір-бірлеріңе қарап, қай жерлерің ұқсайтынын немесе ұқсамайтынын айтыңдаршы.

(Балалрадың жауаптары.)

-Балалар! Адам басқа адамнан бойы, шашы, көзінің түсі, жасы бойынша ерекшеленеді. Ал ұқсастығымыз - әрқайсымызда қол, аяқ, бас, көз, жүрек бар. Біздер сөйлесе аламыз. Бәріміз адам деп аталамыз.

-Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, сендер әр түрлісіңдер, ұлдар мен қыздарсыңдар. Сонда да біздің бір ұқсастығымыз бар. Бәріміз де мейірімді және кішкене жүрегіміз бар. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, дүрсіліне құлақ салыңдар. Ол сендерге жақсы адам әрқашан жақындары мен туыстарына көмектесетін, оның мейірімді, батыл және қамқоршы болатынын түсіндіреді.

Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-Гүлдей әдемі болайық.

-Күндей мейірімді болайық.

-Жақсылық жасай білейік.

-Мейірімді, қамқоршы болайық.

Қорытынды бөлім.

-Бүгін біз жақсы адам болу үшін бойымызда қандай жағымды қасиеттер болу керектігін білдік. Айналамыздағы адамдармен мейірімді қарым-қатынас жасаудың, достармен шаттанудың қандай жақсы екенін білдік. Мен сендердің ер жетіп, жақсы адам болып өсетіндеріңе сенемін!

Сендердің әрқайсың жақсы адам болғандарыңды қалаймын.

Жүректен - жүрекке.

-Балалар, Өзіміздің шуақты «Жүректен - жүрекке» шеңберіне тұрайықшы.

Бір - бірімізге достығымыз үшін, қуаныш сыйлағанымыз үшін, әңгімелескеніміз үшін алғыс айтайық.


© 2010-2022