Қазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Қазына көтерген бала. Әнуар Жапаров.Мен не үйрендім? Мақсаты: Оқушыларға Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың өмірімен таныстыру Міндеттері: -мәтінді оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, -байланыстырып сөйлеуге, -ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; -қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: СТО Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды,

балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

әр сөзге зер салыңдар. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ

  1. Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
  2. Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді?
  3. Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды?
  4. Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба).
  5. Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
  6. Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің?
  7. Әңгіме саған қалай әсер етті?
  8. Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың?
  9. Қажымұратқа жазған хатың жайлы не аитар едің? Әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едің?
  10. Қажымұратқа хат
ОЖСБ 1. Жұптық жұмыс. (үлестірме карточкасы бойынша). 1. Халық ауыз әдебиетіне мыналар жатады: 1) ертегілер; 2) батырлар жыры; 3) аңыз; 4) бесік жыры; 5) жұмбақ - жаңылтпаш; 6) айтыс; 7) төрт түлік туралы жырлар; 8) мысалдар; 9) мақал-мәтелдер; 10) шешендік сөздер.

2. Анықтаманы аяқтап жаз: Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады. 3. Қандай жырларды білесің? 1) «Ер Тарғын» жыры; 2) «Қамбар батыр» жыры; 3) «Қобыланды батыр» жыры; 4) «Алпамыс батыр» жыры; 5) «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат». 4. Мына сөзжұмбақ батырлар жырының мазмұнына сәйкес келеді.Екі әріп қалдыра отырып оқысаң (сызық та әріпке есептеледі), мақал шығады. Ол қандай мақал? «Жақсы ат - ер қанаты». 5. Ертегілердіңқандай түрлерін білесің? 1) Қиял-ғажайып ертегілер; 2) Шыншыл ертегілер; 3) жан-жануарлар туралы ертегілер 6. Аитыстың түрлері: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) тұрмыс-салт айтысы; 3) жан-жануарлар айтысы; 4) жұмбақ айтыс. 7. Мысалды ертегіден қалай ажырата аласың? 8). Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап. 1. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, Шортан һәм Шаян» 2. Күлме босқа, келер басқа. «Арыстан мен Тышқан» 9). Мына суреттерге қарап, оларға қатысты мысалдың және кейіпкерлерінің атын ата. 1). Аққу, Шортан һәм Шаян; 2) Ара мен шыбын; 3). Арыстан мен тышқан; 4). Шыбын мен көбелек. 10). Мысалдың бір кейіпкерінің атынан (мысалы, Тышқан) шағын әңгіме жаз. ... мен Тышқанмын. Бір күні ұйықтап жатқан Арыстанға кез болдым... 11). «Қарабатыр» , «Әйел-ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екендігін айт. 12). «Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған? А) Ормандағы оқиға Б) Ең жақын кім адамға Ә) Аққу, Шортан һәм Шаян В) Қарабатыр 13). Қазына көтерген бала кім? А) Қаныш Сәтбаев Б) Әліби Жангелдин Ә) Шоқан Уәлиханов 14). «Мені іздеп жүр. Ұстамақшы». Үзінді қай шығармадан алынған? Кімді ұстамақшы? Неліктен? Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» шығармасынан үзінді. 15). Мына мақал қай шығармаға сәйкес келеді? Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болады. (Алғашқы көмек. ) А) Бала Тұрар (Ш. Мұртаза) Б). Дегелеңдегі жарыс (А.Алтай) Ә). Өткен күн (М.Жұмабаев) В). Алғашқы көмек (Б.Тұрсынбаев) 16). «Әй, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген сөз қай шығармада кездеседі? А). Қазына көтерген бала (Ә. Жапаров) Б). Жусан иісі (С.Мұратбеков) Ә). Қажымұқан (Қ. Әбдіқадыров) В). Құрманғазы (С.Бақбергенов) 17) . «Аспан өртеніп, топырақ жанды. Шың-құздан тас құлап, тау төсінен арқар ауды». Бұл оқиға қай шығармада баяндалады? ( Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай.) ІҮ. Мақсат қою кезеңі: ЕРКІН ЖАЗУ: Геолог, ғалым,кен, қазына, байтақ, алып 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. МАҒЫНАНЫ тану Қаныш Сәтбаев туралы не білесің? Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.

Қазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сынып
Қаныш Сәтбаев - қазақтың аса көрнекті геолог-ғалым әрі қоғам қайраткері. Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын ашқан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті Жазушы Әнуар Жапаровтың төмендегі «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолды жеке түсіндіріп айту. Рөлге бөліп оқу. 3. Сөздік жұмыс. Геолог - жер құрылысы мен қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын ғалым. Қосымша деректер Қазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сыныпҚазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сыныпҚазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сыныпҚазына көтерген бала. Әдебиеттік оқу, 4 сынып -Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған монета - Қ.Сәтбаев атындағы ғаламшар - Қ.Сәтбаев атындағы канал (Ертіс-Қарағанды каналы) - Ақсу қаласындағы ескерткіш мүсін
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

  1. Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім?
  2. Ол туралы не білесің? Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?
  3. Қаныштың ұстазы кім?
  4. Ол суретті көргенде қандай ойда болды?
  5. 2. Қаныш қандай бала болғанын мәтінге және кестеге сүйеніп жаз.
ЕКІ ЖАҚТЫ КҮНДЕЛІК
Меніңше
Шындығында








Қаныш қандай бала болған?

Дәлел

ҮІІ. Қорыту. Әңгіме неліктен «Қазына көтерген бала» деп аталған? Қаныштың салған суретін көз алдыңа елестету арқылы салып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

© 2010-2022