Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Күн - жарық пен жылу көзі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Күн - жарық пен жылудың көзі

Сабақтың мақсаты: Күннің -ең жарық жұлдыз, жарық пен жылудың табиғи көзі екенін түсіндіру;

Оқушыларды ғарыш әлемі, ғарыш әлемін зерттейтін ғылым түрімен таныстыру, ойлау қабілетін дамыту;Танымдық қызығушылықтарын , бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру;

Ғарыш әлеміне табиғатты зерттеуге қызығушылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест, слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдістері: оқу, талдау, зерттеу, бақылау, ташлдау, қорытынды жасау


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірліктерін ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын анам!

Болайын мен де аман!

  1. Үй тапсырмасын пысықтау
Блиц - турнир сұрақтары (Тізбектей жауап беру)

1.Жұлдыз деген не?

2. Аспанда жай көзбен қарағанда қанша жұлдыз көрінеді екен?
3. Аспан әлемін бақылайтын аспап қалай аталады?
4. Телескоппен қарағанда қанша жұлдызды көруге болады ?
5. Жұлдыздардың тобы қалай аталады?
6. Қанша шоқжұлдыз бар ?
7.Түнде адасқандарға бағыт беретін шоқжұлдыздың аты қалай?
8. Жер қандай дене?
9. Оның диаметрі қанша?
10. Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
11. Аттарын ата:
12. Ең үлкен ғаламшар не?
13. Ол жерден қанша есе үлкен?
14. Қандай ғаламшар күн жүйесінен алынып қалған?
15. Галактика дегеніміз не?
16. Галактикаларды қалай атайды?
17. Ғарыш денелерінің арақашықтығы қандай жылдамдықпен өлшенеді?
18. Жердің серігі не?
19. Жер күн жүйесінде нешінші орында орналасқан?
20. Сенің шоқжұлдызың қандай?


  1. Жаңа сабақ (кестемен жұмыс )

Білдім

Білгенім

Білгім келеді?

2.Мағынаны тану

а/ оқулықпен жұмыс (Түртіп алу стратегиясы) б/ қосымша мағлұматтармен танысу (слайдпен жұмыс )Күн қандай ғаламшар

  • Күн - аспан әлеміндегі сансыз көп жұлдыздардың бірі. Оның жасы - 5 миллиард жыл.

  • Күн бетінің температурасы + 6000 ⁰С жуық , ал ішкі жағының температурасы тіпті көп.

  • Қатты қызып тұрған зат жарық сәуле таратады. Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен тарайды. Күннен шыққан жарық Жерге 8 мин 19 сек жетеді.

  • Күн - Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Күнді Жер айналып жүреді. Күн балқып қызған, аса үлкен газды шар.

  • Ол кКүн жүйесіндегі ең үлкен жұлдыздардың бірі. Күннің тарту күші өте зор, сондықтан өз орбитасындағы барлық ғаламшарларды ұстап тұрады.


  1. Қосымша дереккөздермен жұмыс

Қазақстандағы Күнді зерттеу жұмыстары

Қазақстан Республикасында Күнді бақылау және зерттеу жұмыстары 1950 жылдар-
дан басталды. 1954 ж. бірінші рет коронографтың көмегімен Күн тәжінің ішінде толқын ұзындығы 5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте Күн стансасы салынды. Бұл бекет үлкенді-кішілі екі жаңа коронографпен, горизонтальды Күн телескопы, спектрограф және еселік фотогелиографпен жабдықталып, Күн физикасын зерттеуге үлесін қосуда. [1]

Астрономдар соңғы жаңалықтары

Асыл тастан тұратын ғаламшар табылды
17 Қазан 2012, 10:06 327 0
Астана. 17-қазан. BAQ.KZ. Франциялық-америкалық зерттеушілер тобы Шаян шоқжұлдызынан ерекше ғаламшарды анықтады. Жер шарынан 40 жарық жылы қашықтықтағы аспан денесі алмас тастардан тұрады.
Lifenews.ru порталы таратқан мәліметке қарағанда, жаңа ғаламшарға
55 Cancri e деген атау берілген. Йель университетінің зерттеушісі Никка Мадхусудханның айтуынша, бұл ғаламшар Жер шарынан өзінің химиялық құрылымымен ерекшеленеді. Оның беті графиттен және алмастан тұрады.
55 Cancri e-дің радиусы біздің ғаламшардікінен екі есе үлкен, ал оның массасы Жерден сегіз есе артық. Температурасы Фаренгейт өлшемі бойынша 3900 градусты құрайды. Француз ғалымдары соңғы жылдары табылған аспан денелерінің құрылымына қарап, ғарыш кеңістігіндегі ғаламшарлардың үштен бірінің алмастан тұруы мүмкін деп топшылайды


  1. Сабақтың қорытындысы. Ой толғау

«Күн - тіршілік көзі» эссе жазу

Кестемен жұмыс

  1. Үйге тапсырма Оқулықпен жұмыс , қосымша мағлұматтар іздестіру

  2. Рефексия «БББ» кестесін толтыру

  3. Бағалау /Бағалау парағы бойынша/



© 2010-2022