Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:1) Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру.

2) Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек - сызба, слайд, ребус, карточка
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

96 - жаттығу. Мақалды түсініп оқы. Мақалды сөйлем мүшесіне талда. Сөйлем мүшелерінің байланысын тап.

Ағын су арнасын табады.

ІІ. Өтілген материалды қорытындылау

-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

-Сөйлемнің қандай мүшелері бар?

-Тұрлаулы мүшелерге не жатады?

-Бастауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар бүгін бізге тағы да Негеш қонаққа келді. Оның бүгін не үйренгісі келіпті.

-Негеш: Мен жай сөйлем ,оның түрлері туралы білгім келеді.

-Білгішбек: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Мысалы, Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті сөйлемдері- жай сөйлемдер. Қане, балалар біз бугін Негешке көмектесейік.Ол үшін көмекке Білгішбекті шақырайық. Білгішбек тапсырманың барлығын дұрыс орындай алады.

Негештің сұрағына жауап берсін.

Негеш, жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз « Жалаң және жайылма сөйлем »

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді. Жазира биледі.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Жазира әдемі биледі.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. Оқушылар Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.Сызбаны толтырып, қорытынды шығарады.

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)

Жай сөйлем мен оның түрлері

туралы білгім келеді?

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс) Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.

Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Негеш, жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз « Жалаң және жайылма сөйлем »

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.Жазира биледі.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.Жазира әдемі биледі

97 - жаттығу.Сөздерден сөйлем құрап оқы, оларды сөйлем мүшелеріне талда.

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)

Күн бұлттанды.

Түн ұзарды.

Динара қуанды.

Ұшақ биікке көтерілді.

Мұғалім сыныпқа кірді.

Арман кітапханаға барды

Құраған жалаң ,жайылма сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналастыр

Дәптермен жұмыс-Балалар енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Сабақтың тақырыбын жазамыз жалаң және жайылма сөйлем.

Көркем жазу минуты.

ЖжжЖжжжж

Жалаң және жайылма сөйлем (3 класс)

98-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, Жай сөйлемнің түрін анықта. Ол жалаң сөйлем бе, әлде жайылма сөйлем бе? Кестеге орналастыр.

99-жаттығу Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Оқушылар кездесті. Жолаушылар жақындады. Ұстаз түсіндірді. Айдын қатысты.

Оқушылар ардагерлермен кездесті. Жолаушылар автобусқа жақындадаы. Ұстаз сабақ түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты.

Сергіту сәті.

5) Сергіту сәті

Оқушылардың назарын слайдқа аудару , көзге арналған жаттығуларды орындату.

100 - жаттығу. Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір.

Жалаң сөйлем Ұшақ биікке көтерілді

Айман мені кітапханада күтеді.

Күн жылынады.

Жайылма сөйлем Керек - жарақтың бәрі бар.

Әжем шұлық тоқыды.

Бау байланды.

Шығармашылық жұмыс.

Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып жаз. Өзіңе ұнаған сөзден

1 жалаң, 1 жайылма сөйлем жаз.

Ар, жел, бала, ұшақ.

Қар жауды. Жел соғады. Бала ойнады. Ұшақ ұшты.

Қар жапалақтап жауды. Самал жел соғады. Бала ойыншықпен ойнады. Ұшақ биікке көтерілді.

Қорытынды
Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдік? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім.

Бағалау.

Үйге.101 - жаттығу. 89 бет.


© 2010-2022