«Ойыншықтар» ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақ«Ойыншықтар» ашық сабақСауат ашу 1 сынып

Тақырыбы:Ойыншықтар.Буын.

Мақсаты: а)ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;

ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;

б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру:

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені

1.Сурет бойынша жұмыс

-Балалар, не көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар.

-Кімде қандай ойыншық бар?

-Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.

2.Сурет сал

Өз ойыншықтарыңның суретін сал

2.Хормен айту:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Солармен ойнап жүремін.

II Негізгі бөлім:

1.Өлең оқу «Менің ойыншықтарым»

Ойыншығым -күшігім,

Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.

Шіренгені болмаса,

Отырғандай ұл жұмсап.

Ойыншығым -қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді.

Ойыншығым-қонжығым,

Анасын да білмейді.

Қорбаңдаған аюды,

Түсінде де көрмейді.

Ұшағым бар ойыншық,

Ұшырмасам ұшпайды.

Айналам деп аспанды,

Шаршағанға ұқсайды.

Ойыншығым-роботтың,

Тілін өзім білемін.

Жасанды темір адамның,

Басқарамын жүрегін.

Ойын:Буындар сыйлығы

Осы ойыншық аттарын буынға бөлу

2.Тіл жаттықтыру:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін.

III. Қортындылау:

Сызба бойынша сөйлем құра:

• .

.

-Балалар, бүгін не туралы айттық?

-Қандай ойыншықтармен таныстық?

-Ойыншықтарды неден жасайды?

-Ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

Сахналау:Ойыншықтар айтысы

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін





© 2010-2022