Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «№26 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек

Төреханова Ж.Т









Өскемен қаласы

2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Мектебім алтын ұям».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өз мектебін қадірлеуге тәрбиелеу.

Елін, жерін, тілін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.

Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.

Көрнекілік: Шарлар, плакаттар.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек

Сабақ барысы:

І. «Шаттық шеңбері». Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ. Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады.

І топ: «Болашақ»

Ұраны: Болашаққа кемел біліммен.

Ата-баба мұрасы

Ұрпағына аманат.

Тәуелсіздік туын біз

Биік ұстар болашақ!

ІІ топ: «Жас ұлан»

Ұраны:

Біз қазақтың жастары,

Болашақтың бастауы

Білім алып дәрістен

Алып ұшқыр өрістен

Болашаққа жол салып

Көрінеміз биіктен!

ІІІ топ: «Қыран»

Ұраны:

Биік қалқып аспанда,

Қыран құстай самғаймыз.

Білім алып мектептен

Болашаққа қараймыз.

ІҮ топ: «Алғыр»

Ұраны:

Алғырлар бар тобымызда

Ашық әрі жолымыз да

Алға ұмтылдық әрқашан

Жеңіс туы қолымызда.

ІІІ. Блиц-турнир.

Блиц-турнир сұрақтары: «Кім көп біледі?»

І топ:

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16 желтоқсан).

  2. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана).

  3. Мектебіміздің басшысы кім?

  4. Біздің мектептің құрылғанына биыл неше жыл болады? (10 жыл).

  5. Еркіндік қыраны шарықта,

Елдікке шақырып, бірлікке....

Қандай әннен алынған үзінді? (Қазақстан Республикасының Әнұраны).

ІІ топ:

  1. Отан үшін отқа түс... (Күймейсің).

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі (қазақ тілі).

  3. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев).

  4. Мектепте неше тілді үйренесіңдер?

  5. Мектепке кіре берісте кімнің сөзі жазылып тұр?

ІҮ. Жағдаяттарды шешу.

Нұсқау.

  1. Жағдаятпен танысыңдар.

  2. Топ болып талқылаңдар (3 минут).

  3. Жауабын сахналаңыз.


1-жағдай. Таңертеңгі астан соң әкең саған майда ақшасы болмағандықтан, 200 теңге берді де, тамақ алып жей ғой - деді. Сен мектепке қуанып келдің. Буфетке кірдің ....... оқиға ары қарай қалай өрбіді? 2-жағдай. Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты. Билет бағасы 100 теңге. Сондай-ақ ағылшын оқулығын 130 теңгеге алмасақ тағы да болмайды, сабақ өте алмаймыз дейді. Қайсысына барар едің, қайсысын алар едің? Не себепті түсіндір. 3-жағдай. Сенің былтырғы аяқ киімің биыл да өзіңе шақ. Бірақ оны кигің келіңкіремей тұр. Жыртық болмағанмен ескілеу. Ойыңды әкеңе айтып көріп едің, әкең әлі айлық ала алмай жатқанын айтты. Сенің әрекетің ...... 4-жағдай. Биылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ, алып келгенде оқулық өте ескі, сыртқы мұқабасы жыртық еді. Сен оқулықты ұстағың келмей қалды. Сенің әрекетің ..... Ү. «Болашақ - мектебім» атты тақырыпта мектептің суретін салу, спикер қорғайды.
ҮІ. Жүргізуші: Балалар, сендер жаңа өз сөздеріңде: «Қазақстан - болашағы бар ел» дедіңдер. Ал болашақ кімнің қолында? Оқушылар: Қазақстанның, мектебіміздің болашағы біздің қолымызда. Жүргізуші: Ия, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иелері, сендер қандай болуларың керек? Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек
(Спикер қорғайды).
ҮІІ. Әркім өз мектебіне деген тілегі, жүрек жарды сөздерін жүрекке жазады.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек





ҮІІІ. «Өнерлі өрге жүзер». Әр топтың өнерін тамашалау.
ІХ. Әділқазы алқаларына сөз беріліп, топтар марапатталады.


© 2010-2022