Разработка урока по математике на тему Число 7

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты : 1.7 санының құрамымен таныстыру. Сандарды салыстыру

2 .7 санының құрамын жіктеп айта білу, түсіну.

1-7 көлеміндегі сандарды қосу және азайту.

3. Ұқыптылыққа,тапқырлыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі :

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

  1. 7 санын қалай шығарып алдық ?

  2. 7 цифрын жазу

  3. 7 саны қандай сандардың қосындысы?

  4. 7 саны қай сандардан артық?

  5. Қандай геометриялық фигураларды білесің?

  6. Тақ сандарды ата

  7. Жұп сандарды ата

  8. Аптада неше күн бар?

  9. Жеті атаңды ата

7 саны қасиетті киелі сан екенін айту.

ІІІ. Білімді тексеру.

  1. 5-ті 1-ге арттыру үшін не істеуге болады ? Қалай өрнек құруға болады? 5+1=6

  2. Шешей 6 катлет пісірді. Оның біреуін баласы жеді. Неше катлет қалды ? Бұл есепті шығару үшін не істеу керек ? 6-1=5

  3. 3-еу еді , 5-еу болды. 5- саны 3-тен артық. ( Егер артқан болса, онда қосу таңбасын қоямыз ).

3

=

5

4

=

2

4-еу еді 2-еуі қалды. Мәні кеміп тұр, демек 4-2=2

ІV. Мақсат қою : тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ :

1) Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең

7 7 7

6 2 4

2) Теңдіктер құру.

6+1=7 7-6=1 7-1=6

5+2=7 7-5=2 7-2=5

4+3=7 7-4=3 7-3=4

3) Кесінділерді өлшеу.

4) Тақтамен жұмыс: Салыстыру

7см > 6см 7см > 5см

2см < 7см 7см > 4см

0 <7 3<7 7>6 7=7

5) Жасырын санды тап.

2

4

6

1

3

5

7

Шығармашылық жұмыс. Салыстыру.

Дәптермен жұмыс. Берілген үлгі бойынша істеуге үйрету.

VІ. Сабақты қорытындылау. ( сұрақ - жауап ) Біз не білдік ?

Жасырынған сөзді тап :

10 7 5 3 6 4

Р а қ м е т

4+6=10 Р 9-6=3 М

2+5=7 А 2+4=6 Е

8-3= 5 Қ 9-5=4 Т

VІІ. Үй тапсырмасын беру № 3

VІІІ. Бағалау


© 2010-2022