Қосудың қасиеттері. Қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұйық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Шынар Токтаргожаевна

Пәннің аты: математика

Уақыты: 11.15

Сабақ №43

Мұғалім

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы

Қосудың қасиеттері. Қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту.

Мақсаты

1. Оқушыларды қосудың терімділік қасиетіне негізделген көршілес екі қосылғышты олардың қосындыларымен ауыстыру тәсілімен таныстыру. Үш қосылғыштың қосындысын табуға берілген есептерді мысалға ала отырып, есепті шығарудың әртүрлі тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін және зейінін дамыту.
3.Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдық қа, ептілікке тәрбиелеу.

Әдісі: ойын элементтерін қолдану әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік

+Психологиялық ахуал

Қайырлы күн деп айтамыз,
Дос болып бүгін қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үндемес ойыны арқылы қосу азайту

Кестелерін еске түсіру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Түсіндіру.№1.Есепті шығару сол арқылы терімділік қасиетін түсіндіру.

Азамат 5 жасыл жалауша,ал Болат 3 қызыл және 2 көк жолауша жасады.Азамат пен Болат барлығы неше жалауша жасады.

Суретті пайдаланып,есепті шығарудың әр түрлі тәсілін түсіндіру.
Ш:5+(3+2)=10

Ш:(5+3)+2=10

Ш:(5+2)+3=10

Ж:10 жалауша

№2.Амалдарды орындау арқылы қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін түсіндіру.

(3+2)+4=9 (3+4)+2=9 (2+4)+3=9
№3. Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыр

-Бұл қосудың қандай қасиетті?

Қорытынды жаса:

Санды қосындыға қалай қосады ?

Санға қосындыны қалай қосады ?

Қосындыдан санды қалай азайтады ?

Саннан қосындыны қалай азайтады?

№4.Есепті оқу, талдау, шығару.

Үшбұрыш-6 Ш:6+4-3=7

Төртбұрыш-4 Ж:7фигураны бояу керек.

Бояды-3

Бояу керек-? ф

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

№6 Өрнекті құрастырып мәнін табу

Қосу мен азайту кері амалдар екенін байқату.

6+5=11 11-5=6

16+5=21 21-5=16

26+5=31 31-5=26

Шығармашылық тапсырма:

Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс №5 87-бет

Тапсырма түсіндіріледі.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

бағалау

Бағалау





© 2010-2022