Урок Хабарлы сөйлем (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері. Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаттары: білімділік: оқушылардың сөйлем туралы білімдерін нақтылай отырып, хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру. Тапсырмаларды оқып, мазмұнын ашу арқылы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін, әдемі, көркем жазу дағдыларын дамыту. Ой-өрістерін, өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Жақсы мінез-құлыққа, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға жетелеу.

Тәрбиелік: сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін құрметтеуге, сүюге баулу.

Күтілетін нәтиже Тапқырыптың негізгі маңызын шығармашылық тапсырмалар арқылы байланыстырып түсіну, сөйлеу, ойын тиянақты жеткізу.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ДО (диалогтық оқыту)

Деректер: тақта, стикерлер.

Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл, Инсерт, Сөздер банкісі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Құмырадағы гүлдерді таңдау арқылы топтарға біріктіру. (1мин)

ІІ. Қызығушылығын ояту:

  1. «Миға шабуыл». Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы интерактивті тақтамен диалог арқылы жүргізу. «Не?Қайда? Қашан?». Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады? Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

(2 ми







ІІІ. Жаңа сабақ. Электрондық оқулықпен жұмыс.

  1. «Сәулең болса кеудеңде!» шығармашылық тапсырма. (10 мин).

  2. Оқулықпен жұмыс: жеке жұмыс.169-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған? Сөйлем соңындағы тыныс белгілерге назар аудар.

  3. Дәптермен жұмыс: Сөздер банкасы. Топ мүшелері банкідегі тапсырмалар ретін таңдап алады.

І топ: 170-жаттығу. Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

ІІ топ: 171-жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімдерін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімдерін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырып жаз.

Сергіту сәті: ІІІ топ: 172-жаттығу. Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

ІҮ топ: 173-жаттығу. Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде. (10 мин)

Қорытынды: топ басшылары топтарындағы балалардың жұмыстарына тоқталып өтеді.

Сабақты бекіту: Оқушылар сабақты түсінсе жасыл құмыраға стейкерлермен гүлдерін жапсырады, түсінбеген болса қызыл құмыраға гүлдерін жапсырады.

Үйге тапсырма: 174-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау.



© 2010-2022