Қазақ тілінен ашық сабақ Сын есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есімМаңғыстау облысы Ақтау қаласыҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есім

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен

гимназия сыныптары бар №6 жалпы

білім беру орта мектебі»ММ

бастауыш сынып мұғалімі:

Жумагалиева Гульшат Танатаровна

Сабақ жоспары 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға сын есім туралы білімді меңгерту,ойлануға ізденуге жетелеу. Дамытушылығы: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру,таным қабілеттерін арттыру. Өзіміздің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін аңғару.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын технологиясы .

Пән аралық байланыс: математика,дүниетану,бейнелеу.

Көрнекілігі: карта ,поезд,семантикалық карта,жыл мезгілдерінің суреті , схема

І.Ұйымдастыру

Сабақтың барысы:

Амансыңба Алтын күн!

Амансыңба көк аспан!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

-Оқушылар биыл қандай мереке тойлап жатырмыз?

- Маңғыстау облысына 40 жыл,Ақтау қаласына 50 жыл.

-Өте дұрыс балалар!

- Ақтау - Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы . Қала теңіз және әуе порты болып табылады. Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекені, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған.

Маңғыстау үш қиянның өрген жері.

Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.

Атамыз Адай мекен еткен жері,

Той қылып «Адай» туын тіккен жері.

Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері.

-Балалар бүгін біз Маңғыстау облысы бойынша саяхатқа шығамыз.Біз барлық аудандарға бару үшін алдымызда кездескен тапсырмаларды орындау барысында Ақтау қаласына жетеміз.Ендеше балалар Ақ жол!

Саяхатқа шықпас бұрын көлік таңдап алайық. Қандай көлікпен шығатынымызды мына жұмбақты шешкеннен кейін білеміз.

Жұмбақ шешуҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есім

Бір керуен қатарында өңшең түйе,

Аузынан жалын шығар қара күйе. (жүрдек поезд)

Саяхат бағыты:

1. Форт-Шевченко

2. Түпқараған ауданы

3. Бейнеу

4. Мұнайлы аудан

5. Шетпе

6. Маңғыстау

7. Жаңа өзен

8. Қарақия

9. Жетібай

10. Ақтау

ІІ. Өткенді қайталау (Форт-Шевченко.)

- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- Зат есім дегеніміз не?

- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

- Етістік дегеніміз не?

- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

- Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер?

- Мысалы:жұлдыз,оқушы , қалам.

- Енді ,осы зат есімдердің түрін,түсін,сапасын білдіретін сөздерді табайықшы,ол үшін есімізге түсірейік заттың түрін,түсін сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?

- Қандай? Қай?

- жарық жұлдыз,тәртіпті оқушы,көк қалам.

- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

ІІІ. Жаңа сабақ (Түпқараған ауданы)

а) Сөзжұмбақ шешу

-Сиқырлы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Мен сендерге зат есімдерді айтамын, ал сендер сол зат есімнің түрін,сапасын,түсін білдіретін сөздерді немесе қандай? қай?сұрағына жауап беретін сөздерді табасыздар.

1.Қой

2. Тон

3. Арқан

4. көше

5. жапырақ

6.тау

7.қыз

ж

у

а

с



ж

ы

л

ы

ұ

з

ы

н





к

е

ң



ж

а

с

ы

л


б

и

і

к


ә

д

е

м

і


жасырын торкөзден сын есім деген сөз шықты. Ереже:Заттың түрін,сапасын,түсін білдіретін сөзді сын есім дейміз

Қазақ тілі -өте бай тіл.Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар.Сол сөздер құрамына,қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді,яғни сөз табына бөлінеді. Зат есім заттың.құбылыстың атын білдірсе,етістік сол заттың қимылын, іс-әркетін білдіреді,ал сын есім сол заттың түрін,түсін,сапасын білдіреді.

Сын есім

Қимыл,іс-әрекетіне,мезгіліне қатысты сынды білдіреді

Заттың дәмін,

иісіне сипатталатын белгілері

Заттың көлем-дік,салмақтық белгісі

Заттың сапа-лық белгісі,

сипатын білдіреді

Заттың түрін,

түсін білдіреді

Балалы,тасты,

жазды, аспалы,

білімді

Ащы

Тәтті

жұмсақ

Жақсы,жаман

тентек,зерек,

ақылды, жалқау

Биік

Кіші

ұзын

Ақ

сұр

қызыл





ІV.Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау (Бейнеу) А) Көркем жазу. Ж ж. Жанар әдепті оқушы. 70-жаттығу(өлеңді мәнерлеп оқып сын есімді табу) Жазғы,жасыл,ақ,мөп-мөлдір. - Олар заттың несін білдіріп тұр? - заттың сынын білдіріп тұр

Дидактикалық ойын «Адасқан сөздер» Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл. 4 3 1 2

2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр. 2413

3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.3241

71-жаттығу.(көп нүктенің орнына қарсы мағыналы сын есімдерді тауып жазу.)

ащы-тұщы жаңа-ескі

таза-лас жіңішке- жуан

ұзын-қысқа қою-сұйық

V. Сергіту сәті: "Сиқырлы сандар" ойыны. (Мұнайлы аудан,Шетпе)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

т

щ

і

ы

к

с

қ

ұ

р







6

4

2







5

3

1















8

5

2

7

5








VІ. Ойын: «Мен қандаймын» (Жаңа өзен) Ойынның шарты: Сыныптағы әр баланың аты қандай әріптен басталса,оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтамыз. Мысалы:

Жұлдыз - жақсы Қазыбек- қамқор

Әсел - әдепті Айым -ақылды

Мерген - мейрімді Салтанат -салмақты

74 -жаттығуЖұмбақтын шешуін тауып көшіріп жаз.

Үй жанында көгенде,

Жатыр бір зат жалықпай.

Сарғыш шапан кигенде,

Жесең дәмі қанттай. (Қауын)

VІІ. «Кім жылдам?» ойыны (Қарақия) Төмендегі сын есімдерді жыл мезгіліне байланысты суретінің астына қатыстырып жазу: Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.Қазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есімҚазақ тілінен ашық сабақ Сын есім

Қазақ тілінен ашық сабақ Сын есім

Қыс Көктем Жаз Күз

... ... ... ...
V ІІІ. Сөздік диктант (сөз құрамына талдау)

Көкшіл,келеді,жұмыспен,теңізші,достық, әжемнің.

XI.Семантикалық карта (Жетібай)

Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

Оқушы

Тәртіпті

Келеді

Кітап

Оқып отыр

қызыл

X.Сабақты қорытындылау (Ақтау)

Тест тапсырмалары: 1.Етістік дегеніміз не? а) заттың сынын білдіреді? ә) заттың іс-қимылын білдіреді. б) заттың атын білдіреді. 2.Сын есімді тап. а) өнер ә) сұлу б) бес 3. «Биік» деген сөз қай сөз табына жатады? а) сан есім ә) етістік б) сын есім 4. Сын есім болатын сөзді тап. а) үш ә) жасыл б) санады 5.Сын есімді тап. а) қызыл, әдемі, тәтті ә) дәрі, парта, ойын б) барды, келді, оқыды. - Сын есім дегеніміз не? - Қандай сұрақтар қойылады? ХІ. Үйге тапсырма: 76- жаттығу, ереже жаттау ХІІ. Оқушылардың білімін бағалау



© 2010-2022