Мәңгілік естен кетпес отты жылдар тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мәңгілік естен кетпес отты жылдар

Мақсаты:

  1. 9-мамыр- Жеңіс күнінің мән-мағынасын ұғындыру, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерден мағлұмат беру;

  2. оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру, шеберліктерін шыңдау;

  3. соғыс пен бейбіт күнді салыстыра отырып, бейбіт күннің қадірін түсіне білуге, майдангерлердің, тыл ардагерлерінің жасампаз ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,бейнематериалдар.

Барысы:


Көрініс «Соғыс қасіреті»

Немересі: -Әже, әже! Бүгін мен мектепті бітірдім.Енді дәрігер болғым келеді.

Әжесі: -Талабыңа нұр жаусын, балам, арманыңа жет!

Радиодан диктор: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва.Кеше біздің ұлан

байтақ жерімізге гитлерлік Германия тұтқиылдан басып кірді...


  • Соғыстың басталуы туралы бейнематериал көрсетіледі

1-әйел: - Соғыс,соғыс дейді, естідіңдер ме?

2-әйел: - Сұмдық-ай соғыс дей ме? Енді қайттік?!

Ақ жаулықты ана: - Қойыңдар,түге, жамандық шақырмай.. Ел шетіне жау тисе арқа сүйер азаматтар бар емес пе?

Әкесі баласына: -Тыңда, балам, тыңда, күнім,

Боларсың деймін қолғанат.

Кәрі анам, сәби інің

Барлығы саған аманат...

1-жүргізуші: 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы осылай басталған еді

2-жүргізуші: Бұл соғыс 1418 күнге созылды.Бұл қасіретті соғыста 70 миллионнан астам

адам құрбан болды.

1-жүргізуші: Оның 20 миллиооны Кеңес Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ

бауырларымыз еді

2-жүргізуші: Сол бір сұрапыл жылдарда қазақ халқы да Отанына деген патриоттық сезімін

дәлелдеді. 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атанды.

1-жүргізуші: Сол батырлар сапында шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүк те

бар еді.

2-жүргізуші: Жерлестерімізден Жәлел Қизатов, Жаппасбай Нұрсейітов те ерлігі үшін

батыр атағына ие болды.

- Сонау жылы жер-көкті - Үстінде сұр шинелі

Соғыс бұлты торлаған Дулығасы болаттан

Сонда Мәншүк апамыз Мәншүк апа күн-түні

Жаудан елді қорғаған. Жауға оқты боратқан

- Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк апа ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.

Хор: «Соғыс болмасын»

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

Оқ даусы мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнына тегістеген

Күректер музейге қойылсын

Кел,достарым,

Ән бастадым

Көтеріп жаңғырық

Даласын дана,

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік!

Көгерсін жас ағаш одан әрі

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы

Сүртсін тек тершіген маңдайды.

1-жүргізуші: Майданда жауынгерлер қасық қаны қалғанша жаумен шайқасты.

2-жүргізуші: Ал тылда қалған аналар мен балалар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс

үшін» деген ұранмен күн-түн демей еңбек етті.


  • Ашу мен кек оятты ел намысын,

Әйелдер төкті терді майдан үшін.

Сұрапыл соғыс әлі бітпей қойды.

Сеніммен күтті халық жеңіс тойды.

Пошташы: - Сүйінші, сүйінші! Фашистер кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін

мойындапты.Жеңіс,Жеңіс! Біз жеңдік!

« День Победы» әні ойналады. Бейнебаян көрсетіледі.

Мәңгілік естен кетпес отты жылдар тәрбие сағаты




  • Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді қуандық көңіл тасып.

Жауды жеңіп батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ ашып.


  • Мамыр келді ағаштар бүрін жарып

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

-Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

-Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға.

-Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді, алақай,

Тойып жейтін нан болып!

-Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем, шуақ- тоғызыншы май күні

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1-жүргізуші: Биыл міне, Ұлы Жеңіске 66 жыл толды. Сол бір сұрапыл соғыста мерт болған қаhармандардың ерлік рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық!...

2-жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.. Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты аға-апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.


  • Жас ұрпақ асыр сап

Шырқайды ерлікті ән қылып.

Небір заңғар таулардан

Құлазып шөксе де

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

  • Біздерге, өскелең ұрпаққа бақытты өмір сыйлаған аға -апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Күш-қуаттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

- Қалғымасын шекарада тұрған ер.

Айналмасын ешқашанда мұңға шер

Ескерткіштер орнатады ерлерге

Бейбіт өмір салтанатын құрған ел.

- Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есте сақта, құрметте!

Мұғалім:

- Жеңіс күні-адамзат баласы аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен күн. Бейбіт күнде, тыныш заманда өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз. Олай болса бейбіт күнді әнге қосайық, балалар!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Аспаным ашақ болып

Күн күлсін көгімізде

Шырқайық тағы бір ән

Шалқысын төрімізде

«Елімнің ертеңгі иесі -біз» Әнін жазған: Ақзира Еспенбетова

Сөзін жазған: Зағира Еспенбетова

Арманды арманға жалғаймын, жалғаймын.

Қиялмен шыңдарға самғаймын, самғаймын.

Балалық жүректен,ең ізгі тілекті

Отаным, өзіңе арнаймын.

Қайырмасы:

Отан-туған еліміз

Атамекен, жеріміз

Елімнің ертеңгі иесі- біз.

Көк байрақ желбіреп көгімде, көгімде.

Айбын боп тұрады төрімде, төрімде.

Асқар тау көлімді,

Кең байтақ жерімді.

Сүйемін, сүйемін бәрін де

-Осымен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай өткізілген ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

4

© 2010-2022