Разработка по әдебиеттік оқу на тему Өзен

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өзен.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңді түсініп оқуын ұйымдастыру, өзен туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ой - өрісін, тілін дамыта отырып, өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын таңдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа үйрету, шығармашылық қабілетін, танымдық ой -өрісін арттыра отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, түсіндірме, көрнекілік, ребус шешу, топтық жұмыс, СТО технологиясы.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, суретті плакат, интерактивті тақта, слайд, Қазақстанның физикалық картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұ йымдастыру.

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Тарауға кіріспе.

1 - топ― Табиғатқа не жатады?

2 - топ ― -«Табиғат және адам» деген тақырыпқа әңгіме жазу

3 - топ ―Таза ауа, мөлдір судың қандай пайдасы бар?

Ребус шешу. (шешуі: өзен)

ІІІ. Мағынаны тану.

а) - Өзен дегеніміз не? (Дүниетану пәнінен алған білімдерін еске түсіру)

- Өзеннің сағасы, саласы, арнасы туралы не білеміз?

- Бүгін Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз?

ә) Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз?

б) Өлеңді мәнерлеп оқу. ( Слайдпен көрсету)

в) Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс: картадан көрсете отырып, ірі өзендер туралы түсінік беру.

Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі

Қазақстандағы ірі 7 өзен.Жайық Каспий теңізіне құяды.Мағлұмат беру

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

а) оқушылардың оқуы.

ә) сөздік жұмысы

Ү. Ой толғау.

1 - топ Өзеннің қандай пайдасы бар?

2 - топ Қазақстанда қандай өзендер бар? Ата.

3 - топ 3 - сыныпта Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдыңдар? Бұтақтарға жаз.

ҮІ. Сергіту сәті.

Қызықты мәлімет

Әлемдегі ең ұзын өзен - Мысырдағы Ніл өзен. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 м. Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.

ҮІІ.Шығармашылық жұмыс.

Жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Бірақ су тапшы. Неліктен? Судың ластануына не себеп? Суды қорғау үшін не істеу керек?

ҮІІІ. Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма

Бес жол өлең.

Өзен.жаттау.

ІХ. Бағалау.

№1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Айсулу Утегеновна



© 2010-2022