Сын тұрғыдан ойлау технологиясы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы Атейбекова Раушан Талиповна
бастауыш сынып мұғалімі Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан -жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. «Білім негізі - бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы - бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасай отыра, осы жастағы балалардың ойлау қабілеттерін арттыратындай қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Интернет желісіне Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау - өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды.. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген пікірі жазылған.


Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйрету.

Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтанда сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген тапсырмалардың сабақта болуын қадағалаймын.
Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер - оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы байланысты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізу. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетеді, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті.
Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бір-бірімен талдаған кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, лидерлер қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жанашырлық пен көмектесе бастады. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін мен оқушыларға көп еркіндік беріп оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Менің бір түйгенім оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқушылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыттаудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Осындай тапсырмаларды беру кезеңінде-ақ еріксіз оқушылардың деңгейлері де анықталып жатты.. Шульман айтқандай мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.

Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.

Пайдаланған әдебиет:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012ж.
2. Қосымша материалдар: «Білім шапағаты» 26 ақпан, 2016ж.

3. Интернет желісінен алынған мақала «Сындарлы оқыту теориясы- оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін жол»



© 2010-2022