Әдебиеттік оқу. 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Көркем негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаркынбекова Жанаргүл Оралбайқызы

Әдебиеттік оқу

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігін ұғындыру; Ұлағатты ұлттық ұғымдар жайлы кеңінен түсінеді. Киелі сандардың қадір-қасиетін біле отырып,танымдық қызығушылықтары артады.Сандардың сырларын терең ұғынады

2 Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері дамып,сөздік қорлары молаяды.

3. Кішіпейілділік,адамгершілік тәрбиелері қалыптасып,ата тегінің тарихына құрметпен қарауға үйренеді. Өсиет сөздер мен мақал-мәтелдер қорлары көбейеді

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» слайд ,интербелсенді тақта,флипчарт, түрлі -түсті бояулар, шежіре,оқулық

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз

«Алақанға алақан» ( оқушылар шеңбер құра тұрып, бір-біріне жүрекжарды лебіздерін білдіреді)

Үй тапсырмасын пысықтау

Шешендік сөздердің мазмұны,ерекшелігі.

Көрініс Даудың шешімі «Талассаң, бағаң кетеді»

Топқа бөліну Оқушыларды тақырып көлемінде «Талап» , «Ақыл» тобы деп екі топқа бөлe

I Қызығушылықты ояту

Балалар ,қандай қазақтың киелі сандарын білесіңдер?

«ББҮ» кестесін тарату «Білемін» бағытын толтыру

Жеке,топта талқылау

Сыныптастарымен топта талқыға салу

- өзің үшін жаңа ақпарат ала алдың ба?

-Сені не таңқалдырды?

- Қандай сандар киелі сандар қатарына жатады екен?

«Топтастыру» флипчартпен жұмыс

Интербелсенді тақтадан слайд арқылы қысқаша қажетті деректер көрсету.

Киелі сандарға 7,9,12,40,3,5,4 т.б сандары және оларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақта қасиетті киелі сандар деп есептелген.

Бір жетіде жеті күн бар. Бұл күндер ішінде әр күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы,қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастаған. Өздерің оқып жүрген ертегілерде «жеті қабат жердің асты» дегенді көп естіген боласыңдар (слайдтардан үзінді)

Жеті жетекші :

1.Адамның басшысы -ақыл

2.Жетекшісі-талап

3. Жолаушысы-ой

4. Жолдасы-кәсіп

5. Қорғаны -сабыр

6. Қорғаушысы-мінез

7. Сынаушысы-халық

Төрт тұлға-1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.

Төрт қылыш: 1.Хәмхам 2. Омар 3.Оспан. 4.Әли

Үш би:

Үйсін Төле би.

Арғын Қазыбек би.

Алшын Әйтеке би.

Бес жаратылыс: 1. Күн 2.Ай 3.Жұлдыз 4.Күндіз 5. Түн

Үш қуат:

  1. Ақыл қуат

  2. Жүрек қуат

  3. Тіл қуат.

Төрт қорлық:

  1. Шақырылмаған жерге бару.

  2. Бейбастық сөйлеу.

  3. Дұшпаннан жәрдем күту.

  4. Сараңнан қажет сұрау.


  1. Мағынаны тану.

-Ал енді балалар, біз бүгін осы киелі сандар ішінде 7 санына толығырақ тоқталамыз.

Оқулықпен жұмыс «Жеті ата» «Жеті байлық» өлеңін оқып шығамыз

Топта талқыға салып флипчарт бетіне түсіреміз.

Осы екі өлеңнің мазмұнын өз ойларыңмен салыстырып көріңдер.

Сергіту сәті

(кезекші оқушы даярлап келген сергіту сәтін орындату)

Жеке жұмыс /интербелсенді тақтадан слайд арқылы әр оқушыға әзірленген тапсырмалар мен сұрақтар көрсетіледі.

1-оқушыға тапсырма «Жеті ата» өлеңін оқығанда кімді есіңе алдың,қандай сюжет есіңе түседі?

2-оқушыға тапсырма Отбасылық шежірең бар ма? Жеті атаңды білесің бе? Атап шық

3-оқушыға тапсырма Жеті жұтты атап бер

Жеті ата кім?

Өзіңнен бұрынғы жеті ата-бабаң.

Білгенге маржан

Жұлдызшалар есебі

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады.1 саны батылдар саны,қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді,қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық,көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны. 4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш,еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән,өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл,арманшыл адамдарға сәйкес келеді,олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп,жария еткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын,ешқашан жарты жолда тастамайтын,жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.

Сызба толтыру

Сен кімге баласың?

Сен кімге немересің?

Сен кімге шөбересің?

Сен кімге шөпшексің?

III Ойтолғау

«Киелі сандар ұғымынан не алдым?» «Нені үйренуім керек?» тақырыптарында эссе жазу

Оқушылар жеке жұмыс жүргізеді.

  • көршіңмен ой бөліс

  • Көршіңнің жұмысына алып қосарың бар ма? Саған не ұнады?

ББҮ кестесін толықтыру

Сабақты қорытындылау барысында

Деңгейлік тапсырмалар орындау

А деңгейлі оқушы бүгінгі тақырыптың мазмұнына сай бірнеше мақал-мәтел жазу.

В деңгейлі оқушы «Жұт» ,»Зілзала» , «Оба» сөздерінің мағынасын түсіндіріп беру.

С деңгейлі оқушы

« Төрт мұрат» жалғасын тап

1. Дау мұраты.................. /біту/

2. Саудагер мұраты............/ұту/

3. Қыз мұраты................./кету/

4. Жол мұраты ............./жету/

Үйге тапсырма 3,4,9 сандарына байланысты ұлағатты ұлттық ұғымдар жинақтау, кітапша әзірлеу.

Бағалау Сыныптастарын және өзін бағалау.

Кері байланыс


© 2010-2022