Дүниетану пәні бойынша Үй құстары тақырыбында ашық сабақ жоспары (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні

Дүниетану

Сыныбы

1 «б»

Сабақтың тақырыбы

Үй құстары

Сілтеме

Әдістемелік құрал, дүниетану 1 сынып (Атамұра)

Жалпы мақсаты

Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру,оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;

Оқушылардың ой-өрісін,тілін,құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.

Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


  • топта жұмыс жасау

  • ортақ пікірге келу

  • сабақтан қорытынды шығару

Негізгі идеялар


  • жаңа тақырыпты меңгерту

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру

  • топ жұмысына белсене араласу

  • диологқа түсе отырып, білімін тереңдету

  • оқушылардың жетістігін формативті бағалау

Қолданылатын әдістері-тәсілдер

«Сын тұрғысынан ойлау», «Оқу және оқыту үшін бағалау», «АКТ», «Дарынды және талантты балаларды оқыту».

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

1..Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Дөңгеленіп тұрайық ,

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп ,

Шаңыраққа киіліп .

Киіз үйді құрайық

Салем беріп бәріне

Басымызды иейік.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Түсіну

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Оқушыларға ашық сұрақтар қою.

2. Үй құстары туралы көрсетілім көрсету.

3.Постермен жұмыс

Оқушылар ашық сұраққа жауап береді.

Посер жасайды. Ойланып,жауап береді.

Қолдану

Топпен жұмыс
1- топ. Тауық пен әтештің суретін беру

2- топ. Қаздың суретін беру

3- топ. Үйректің суретін беру

2.Оқулықпен жұмыс (оқулықты оқытамын )

3.Дәптермен жұмыс

Әр топқа берілген пазлдар бойынша сурет құрап, оқушылар құстар туралы білетіндерін постерге түсіреді .

Сергіту сәті

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

Тары теру қимылын жасайды

Қолдарын айқастыру

Бүйірлерін ұстау

Басын шайқау

Тауық сияқты дыбыс шығару

Тауыққа ұқсап жүру.

Талдау

Дидактикалық ойын. Не қалай дыбыстайды?

/ интерактивті тақта арқылы түрлі құстардың сайраған дауыстарын кезектестіре жібереді/.
Сәйкестіндіру : «Анасын тап»

Оқушылар қай құстың дауысы екенін тауып сол құстың суретін көтереді .

Жинақтау

«Сандықша » оқыта үйрену әдісі

-Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
- Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
- Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!


Жаңа сабақ бойынша ойларын жинақтайды

Бағалау критерий

Смайликтер

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер жапсырады.

Өздері қандай деңгейде екенін белгілейді.

Үйге тапсырма беру

Өлеңді жаттау







© 2010-2022