Әдебиеттік оқу. С. Сейфуллин «Туған ел» (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин "Туған ел" Мақсаты: Окушыларға С.Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу. Мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру. Туған елін, жерін суюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер Сабақтың типі: Жана білім енгізу Түрі: дәстүрлі Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары түгелденіп,дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. II. Психологиялық тренинг
  • Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн болмаса жербетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік. 1-слайд. Көк аспанда күн күлсін! Бірге күлсін бүлдіршін. Көк аспанда Күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын! Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік. («Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады) -Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық. III. Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады. Бекіту сұрақтары: - М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған. - Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? - Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету. 2-слайд Үш бақытым Әдебиеттік оқу. С.Сейфуллин «Туған ел» (3 сынып) - Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не? Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ. 3-слайд: .... Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ол ақын, жазушылардың тілі - сөз. - Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері - С.Сейфуллин.
4 - слайд. (С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)
  • С.Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді Әйгерім ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен өзінің дайындап келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.
  • Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.
(Туған жер, табиғат туралы сурет)

5-слайд

Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу. «Туған ел» туралы мәнжазба тыңдалады.

IV. Дәптермен жұмыс.

а) Тақырып, авторы жазылады. «Ой толғау».
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.

V. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.

VI. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)

Сарғайды ... ... ....

Сап - сары ... ... ....

Соңғы әнін ... ... .... Құс кетті ... ... .... VII. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады. "Қызыл кітап"туралы мәнжазба тыңдалады. Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік. VIII. Бекіту.
- Қандай өлеңмен таныстық?
- Авторы кім?
- Өлеңде не туралы айтылған?

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау





© 2010-2022