Құстардың көктемгі тіршілігі туралы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд,«Құстар әлемі» бейнелі суреттер, жануарлар суреті бар буклет.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын түрлері, кубизм, венн диаграммасы, семантикалық карта, мәнерлеп оқып, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), 5 жолды өлең, ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс: Тіл дамыту, биология, көркем әдебиет, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
1. Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Әрдайым көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Табиғаттай әдемі бол!
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мағынаны тану: Кубизм әдісі.
А) Сыныпты 3 топқа бөлу.
Б) Үй тапсырмасын «семантикалық карта» бойынша сұрау, сипаттау, салыстыру.
- Үйге не берілді?
«Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»
Слайд №1.
1 - топ: Сипаттайды, анықтама береді.
2 - топ: Салыстырады, айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін айтады.
3 - топ: Пайдасын айту.
Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі:
Жыл мезгілі. Табиғаты. Қар ериді. Жер құрғайды Оянады. Балалайды. Көбейеді
Көктем
Наурыз
Сәуір
Мамыр
2 - топ салыстыру: Барлығы омыртқалы жануарлар, аяқтары төртеу, жабайы аңдар, өз беттерімен тіршілік жасайды, балаларын өздері туады, сүтпен емізеді.
Айырмашылықтары: Тұқымдары әр түрлі, әр түрлі тіршілік етеді, жемдерін өзі түрлі тәсілмен тауып жейді.
Пайдасы: Аңдар табиғатпен бірге байланысты. Құстар, аңдар болмаса табиғат құриды, аңдарды атуға болмайды. Табиғат құрыса адамға өте қауіпті.
Қоян, кірпі, аю туралы айту.
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Қызығушылықтарын ояту. «Ойға шабуыл» Слайд №2
А) Жұмбақтар шешу. Б) Өзі сақ, өзі ұсақ,
Жер көкті кезіп, Шықылықтап тұрмайды.
Тамағын табады. Құйрығы ұзын, өзі ала,
Үйіме үйін, Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Балшықтан соғады. Ол не? (Қарлығаш)
Ә) Құстың мекені? (Ұя)
В) Тоқ - тоқ етеді, Г) Көлдің көркі, сәні екен,
Ағашты ояды. Ұшқанда сазды ән екен.
Тауысып қояды, Адамдар қорғап сақтаған,
Қандай құс орман - емшісі?(Тоқылдақ) Қандай құс - киелі құс?(Аққу)
Д) Қазақ халқы қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт.)

1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Сөзжұмбақтар шешу.
3 - топ: Қараторғайлар.
Слайд №3.
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
Ұ Я
С А У Ы С Қ А Н
Т О Қ Ы Л Д А Қ
А Қ Қ У
Б Ү Р К І Т

V. Жаңа сабақ: «Мағынаны ашу»
Осы құстардың өміріне қысқаша мінездеме беріп өтейік, ортаға ойымызды салайық. 3топ оқып немесе білгендерін айтады.
1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Туралы сипаттама береді.
3 - топ: Қараторғайлар
Мұғалім сөзі: Қыран құсы туралы не білеміз? Қыран қандай құс?
Қайда бейнеленген? Еліміздің рәміздерінде. Туымыздағы бүркіт бейнесі - тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған, қазақ елінің қыраны, еркіндік алған қайратты құс.
VI. Оқулықпен жұмыс.(Сабақты бекіту)
1. Оқушылар 1 - топ дауыстап оқу.
2. Оқушылар2 - топ сипаттаманы толықтыру, ерекшелігін айту.
3. Оқушылар 3 - топ1 - топтың сұрағына жауап беру.(Пайдасын айту)
Келесі кезең: Слайд бойынша.
1 - топ: «Халық болжамдарын айту»
 Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
 Торғай терезеге қонса, күн суытады.
 Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
 Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады; Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
 Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық,
Біз құстарша самғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!
Слайд №4.
2 - топ: «Өз ұясына қондыр» ойыны. Әр құсты өз ұясына қондыру керек.
Слайд №5.
3 - топ: Ойын: «Қараторғайдың ұясын жасайық»
Шығармашылық жұмыс:
Слайд №6.
1. Құстардың үнін тыңдайық. (Сергіту сәті).
2. Осы әдемі сазды үнді тыңдай отырып, 5 жолды өлең, мәтін, сөйлем құрастырайық.
Слайд №7.
Құстар қанатты
досымыз орнатты
адамға ұясын
пайдалы құстардың
тосамыз аялап
көктемде табиғатты
асыға қорғаймыз
Слайд №8. Венн диаграммасы.
VII. Сабақты қорытындылау.
Жабайы құстар Үй құстары

1. Жерде, құрлықта, көкте өмір сүреді. 1. Екі аяқты. 1. Қолда күтіледі.
2. Өз бетімен тіршілік етеді. 2. Қанаттары бар. 2. Алысқа ұшпайды.
3. Далада мекен етеді. 3. Балапан басады. 3. Үйде мекендейді.
4. Пайда келтіреді.
5. Көбейеді

 Бүгінгі тақырып қалай аталады?
 Бүгін сабақта не істедік?
 Қандай құстар жыл құстары, жабайы құстарға қандай құстар жатады?
 Құстарды қалай қорғаймыз?
 Қалай көмек береміз?
VIII. Үйге тапсырма беру.
1 - топ: Шығарма шағын мәтін құрастыру. «Менің қанатты достарым»
2 - топ: Сурет салып әкелу, ұя салу.(Үй маңына, ағаш)
3 - топ: Туралы сипаттама береді.
IX. Бағалау. Әр топты бағалау.
X. Қоштасу. «Құстар қайтқанда» әнімен.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Құстар, құстардың көктемгі тіршілігі

«Құстар-көктем жаршысы»

Мақсаты:

1. Құстардың көктемгі тіршілігі туралы білімдерін қортындылау;

2. Оқушылардың бұрыңғы игерген білімдері толықтыра отырып, олардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын одан әрі дамыту;

3. Оқушыларды әділдікке, шыншылдыққа, бірін-бірі қорғай білуге, достыққа, табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: құс маскалары, құстар туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, карточкалкр, киімдер, т.б.

Сабақ барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы «Құстар күні» мерекесіне арналған «Құстар- көктем жаршысы» атты тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.

Болатхан: Құрметті достар. Біздер жыл сайын сәуір мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.

Санжар: Сондықтан да достар сендерді мектебіміздің оқушылары осы мерекемен құттықтаймыз. Ендеше мерекемізді бастайық.

Мақпал: Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді

Кең дала жасарып, жаңғырды

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ап жаңбырды

Тірлікке жан кірді көктемнен

Айнала сай-сала көкпеңбек,

Диқанның арқасы босады.

Қытымыр қысымыз өтті деп.

Нұржан: Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды

Қос қанаты желпілдеп,

көлге үйрек-қаз қонды.

Мақпал: Қызыл тал, қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар,

Бүршігін сол жарғаны

Көктем келіп қалғаны.

Ұшып келген ең алғаш

Қараторғай қырағы.

Санжар: Мерекемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орыны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, викторина, жұмбақ шешеміз, би билеп, ән саламыз.

Болатхан: Адам мен құстардың достығы сонау, ерте заманнан-ақ басталған. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қабілеті болған. Себебі, ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы,, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтірер пайдасы көп.

Санжар: Ендеше, құстарды «Көктем» әнімен қарсы алайық.

Ән: « Көктемде көңілді» Орындайтын:Кәрімова Мақпал.

Санжар: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал- мәтелдер, аңыз-әңгімелер көп жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл адамның құстарға деген көзқарасын айқындай түскедей.

Болатхан: ендеше қанатты достарымыз туралы білетін мақал-мәтелдерімізді ортаға салайық.

1. Бұлбұл үнді, жылан тілді.

2. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

3. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

4. Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

Исмигүл: Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап, құттықтап

Біз оларды қорғаймыз.

Ортаға Көктем шығады.

Айжан: Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем

Жайнап нұрлы гүлін,

Басқар құстар күнін.

Көктем: Сәлем достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Шат шадымен көктеммін.

Шаттық болсын әмәндә

Ән құрдым үнімен

Сән құрадым гүліммен

Қуантамын бәріңді

Құс-береке күніңмен!

Санжар: кербез құстар әнімен,

Келді міне сәнімен

Қос аққудың биіне

Қол соғайық сүйсіне

Би: «Аққулар биі».

Болатхан: Енді құрметті достар, құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап берейік.

1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

Санжар: Қандай құстарды жыл құстары дейміз? (күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта келетін құстарды)

Болатхан: Құстың негізгі мекенін атаңдар? (ұя)

Санжар: Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)

Болатхан: Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960)

Санжар: Құстардың неше түрі бар? (2. Жабайы және үй)

Болатхан: Алдымен қай құс қайтады? (қараторғай)

Санжар: Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?

Болатхан: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күн суытып, құрт құмырсқалар тығылып қалады. Алдымен бунақденелермен қоректенетін құстар қайтады. Ал, су құстары су салқындап қатысымен бәрінен кейін қайтады.

Санжар: Көкте ұшқан құстардың қиқуланған, тыраулаған, шиқылдаған дауыстары естіледі. Құстар ұшқанда қандай дауыстар естиміз. Соны көрсетейік.

Бұлбұл қарқылдайды

Торғай бырқылдайды

Қарға шықылықтайды

Үйрек шырылдайды

Қаз тыраулайды

Сауысқан сайрайды

Тырна қаңқылдайды

Болатхан: Құстарға байланысты көптеген жұмбақтар да бар, соларды көктем бізге жасырмақшы, енді соларды шешіп көрейік.

Көктем:

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз аққандай

(қарлығаш)

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балғағып

Тоқ-тоқ соғады

(тоқылдақ)

Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

(сауысқан)

Заң жоқ еш уақытта

Біздерді атуға

Түсім де аппақ

Атым...... (аққу)

Болатхан: Құстар біздің досымыз. Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Оны біз балаларына құстардың атын қойып, батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегендерінен біле аламыз.

1. Құстардың атын қойған қандай кісі аттарын білеміз? (Аққу, Тоты; Қарлығаш, Қарлыға, Лашын, Торғай, Бүркіт, Көгершін)

2. Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран бүркіттей қандай батырларды білесіңдер? (Бөгенбай, Қарасай, Қабанбай,т.б)

3. Ал, бұлбұлшасайрайтын қандай әншілерді білесіңдер? (Б. Төлегеновна, Р. Рымбаева, М. Есқалиева, К. Байсейітова)

4. Балалар біз құстар туралы жазылған өлең, ән білеміз бе?(«Бозторғай», «ақ көгершін», «Аққулар», «Құстар қайтып барады»).

Қазір бәріміз қосылып, Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін орындайық.

Ән. «Құстар қайтып барады»

Санжар: Балалар, бұдан басқа халқымыз құсқа қарап ауа райын болжаған:

-Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

- Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

- Қарға қарқылдаса, қар жауады.

Сонымен қатар аңыз, әңгімелерде көп.

- Қандай ертегі, әңгімелер білесіңдер?

- Жақсы. Енді мынадай әңгіме тыңдандар:

- Төле би шаңырағына қарлығаш ұя салған жылы көшпей отыратын болған. Бұны көрген өзбек ағайындар Төле биді «Қарлығаш би» деп атаған. Қазіргі кезде Ташкенттегі Төле би күмбезін «Қарлығаш бидің күмбезі» дейді екен. Қазір назарларыңызға көрініс ұсынамыз.

Көрініс. «Көкекті қорғау»

Көктем: енді балалар менің мынадай тапсырмам бар. «Жасырын құстың атын сызу» Әңгімеден 15 құстың жасырын аттарын тауып астын сызу.

Болатхан: міне, балалар құстар туралы біраз біледі екенбіз. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал құстар табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500-ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады. Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар. Бізге жақыны Қорғалжын қорығы. Онда құстардың 100 шақты түрі бар.

Көктем: Жарайсыңдар балалар, құстарды жақсы қарсы алыңдар. Әр уақытта көктем гүліндей құлпырып жайнай беріңдер. Сендерге көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекті сыйлаймын.

Санжар: Құрметті достар, көктем жаршысы адамзаттың досы жыл құсын әрдайым осылай қарсы алайық, оларға әр уақытта қамқоршы болайық. Келген көктеміміз, жаңа жылымыз құтты болсын.

Болатхан: Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Ақ көгершін-өздерін білесіңдер, тыныштықтың, бейбітшіліктің белгісі. «Ақ көгершін» әнін сіздерге шашу етіп сыйлаймыз.

Мұғалім: Осымен «Құс- көктем жаршысы» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.

Просмотров: 2378

Құстардың жазғы тіршілігі

Жарияланды 23-11-2013, 11:19 Категориясы: Бастауыш сынып

Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі
Мақсаты:
а) білімділік: Барлық тыныс - тіршіліктің қызған кезі жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту.
б) тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Бүктеме, слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

II. Үй тапсырмасы
1. Оқушылар үйге берілген «Аңдардың жазғы тіршілігі»мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
2. Ойын «Қай аңның баласы?»
3. Үй тапсырмасын қорытындылау. Аңдардың қысқы тіршілігі мен көктемгі тіршілігін салыстыру
4. Жаз мезгіліндегі жабайы аңдар мен мал тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Айырмашылығы неде?

ІІІ Жаңа сабақ
Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды.

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз).
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)

1. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/
Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/
Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/
Самғап биік ұшады /құсша қанат/

Ұқсастық пен даралық
Құстар:
Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі
Үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасын, мамығы пайдаланамыз

Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
Ойын «Қай құс?» (Құстардың дауысынан қай құс екенін ажырату)
- Балалар, құстарды қалай қарсы аламыз? (ұя жасап)
«Мұны білесің бе?»
- Сендерге құстар туралы мәліметтер берейін.
Қазақстанда 474 құстың түрі тіршілік етеді. Бұлар сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді құртып, кемірушіні құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. Өсімдік тұқымын басқа жерге таратады.
«Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған.

ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
- көңілдене сайраса - келер күн ашық;
- үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса - келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
- күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
- қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.

І V Бекіту кезеңі:
- Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
V Қорытындылау
Ұйқасқа өлең құрау
------ айтпаймыз,
------ баспаймыз,
------ сатпаймыз,
------ қорғаймыз.
VІ. Балаларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 1Құстардың жазғы тіршілігі оқу, мазмұндау.
2 Қалаған бір құстың суретін салып келу

Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.
Ұрпақ қамы. Үй құстарын көктемде күтіп - бағу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктем мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, балапандарына қамқорлығы жайында түсіндіру, құстардың түрлері туралы білімдерін толықтыру, үй құстарының ерекше жағдайлары жайында әңгімелеу.
Шығармашылық қиялын, ой - өрісін, есте сақтауын, ой қорыту, талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Құстарға қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу
сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
сабақтың типі: аралас сабақ
сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жекедара
сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқалар, слайдтар
сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, ізденушілік, проблемалық, көрнекілік
пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
техникалық жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
- Армысың, сұлу күн!
- Армысың, ашық аспан!
- Қайырлы күн, баршаға!

II. Үй тапсырмасы
1. Оқушылар үйге берілген «Малды көктемде күтіп - бағу»мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
2. Қосымша тапсырмалар бойынша төрт түлік туралы өлеңдер оқып, мақал - мәтелдер, жұмбақтар айтады.

Үй тапсырмасын бекіту
Себеп - салдарды айқында
1. Малды арнаулы қорада төлдетеді, себебі...
2. Жас төлді қосымша қоректендіреді, себебі...
3. Күн жылына малды өріске жаяды, себебі...
4. Малды адам күтіп - бағады, себебі...

III. Жаңа сабақ
Айдары: Қанатты достар әдемі,
Қорғайық достар, әлемді!

Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)

1. Сызба бойынша жануарлар тобын еске түсіру, әрқайсысына түсінік беріп өту.
2. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу
4. Оқулық соңындағы тапсырмаларды орындау

С е р г і т у с ә т і
Қане қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық

Ұқсастық пен даралық
құстар ұқсастығы
Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі
үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасы, мамығы

Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?

Ойын: «Жалғастыр»
Не істеу керек?
Не істеуге болмайды?

IV. Бекіту. Жинасаң ойдың түйінін,
Не ұғындың, не білдің?

Тест «Дұрыс немесе бұрыс»
1. Құстар - көктемде туған жерге оралады
2. Ең бірінші ұзақ ұшып келеді
3. Көпшілік құстар көктемде балапандайды
4. Көктемде құстар тіршілігінде көп қиындық кездеспейді
5. Үй құстарының пайдасы жоқ
Жұптық тексеріс
Кілті:
1+
2+
3+
4 -
5 -
V. Қорыту. Табиғат Ана, құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ!
Адамзат! Табиғатты аялайық!

Бағалау
Үйге тапсырма: 1. мәтінді оқу
2. «Құстар - біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Ашық сабақ, құстардың туған жерге оралуы, тәрбие сағаты, биологияЖариялаған Жансауле Оқылды: 1033 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару

Басқа жаңалықтарды оқу:



Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы - құрттың адам ағзасына пайдасы»

Жарияланды 25-11-2011, 20:21 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп - кешені» ММ

Секция: Этномәдениеттану
Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы - құрттың адам ағзасына пайдасы»
Орындаған:Чусовитина Олеся 3 «Г» сынып
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Смаилова Әлия Әбутәліпқызы
Петропавл қ. 2011 ж.
Мазмұны

1. Аңдатпа 1
2. Кіріспе 2
3. Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық 3 - 5
4. Қазақстанның ұлттық бренді - құрт 6
5. Қорытынды 7
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 8

Аңдатпа



Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын зерттегу арналған.
Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім.
Кіріспе
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас - адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру - экономикалық, дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.

Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.

Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін
түсіндіру.
Жобаның міндеттері:
- Қазақтың ұлттық тағамы - құртпен танысу;
- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Мәселе: Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу

Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.


Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы - дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына "ірімшік" деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.

Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті - қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 - 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған.

Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 - 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 - 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 - 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 - 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 - 0, 21%) мен фосфор (0, 05 - 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 - 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 - 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып - ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып - ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек.

Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 - 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық - бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай - ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.

Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт - ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл - желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт - май деп аталады.

Қазақстанның ұлттық бренді - құрт.



Ұлттық брендті құру - Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес - құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні - кешке киетін сәнді киім емес. Ал, Алматылық Айдар Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген жоқ.
Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. Әлі нәтижесіз.
- Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен тыс қала алмаймын, - деп Айдар Ақаралұлы атап кетті. - Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім.
1990 жылы Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.

- Менің алғашқы білімім - мүсінші - суретші, сондықтан бастапқыда, суретші ретінде, мені құртың мүсіні қызықтырды. Және мен сыйға тартатын құрт құру бойынша жұмыс істей бастадым, - деп жалғастырды. - Ол кезде тағамның құрамы мен сапасы туралы, оның жасалу технологиясы туралы ойлаған жоқпын. Менің бірінші ойлап шығарған құртым үшбұрышты боды, және әр бұрышы үш жүзді білдірген. Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі - киіз үй, қойлар, жылқылар, түйелер. Сонымен қатар, сыйлық ою түрінде де әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық.
Басқа шетелде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу - бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шайларын әкелеміз. Әр елде достарына сый ретінде әкелуге болатын, ерекше тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Тек базарда кемпірлермен тауарсыз түрінде сатылатын құрттан басқа ештеңе жоқ.

Жылдар бойы құрт тақырыбын зерттеген Айдар Шалбарбаев тұзды домалақтардан ерекше тауар шығаруын біледі.
- Егер мен бастапқыда тек мүсіні туралы ойласам, кейін мені құрттың дайындалу технологиясы қызықтырды, - дейді Айдар Ақаралұлы. - Мен ұлттық ащы сүт өнімдерінің өндірісін зерделедім. 2004 жылы осы зерттеуіме патент алдым. Осы патент қазіргі заман технологияларын қолданып, шетелдерге мақтанышпен шығарылатын сапалы құрт шығаруға мүмкіндік береді. Мен біздің құрт голландықтардың ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы қажет деп ойлаймын.
Айдар Шалбарбаев құртты өндірудің үш бағытын ойлап шығарды. Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған.
Екінші бағыт - етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады. Үшіншісі - балық құрт. Бұл өнімді сыра ішетіндер жақтайды деп ойлайды зерттеуші. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.

Айдар Ақаралұлы өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, бірақ жолы болмай жүр. Жақында, ол премьер - министр Кәрім Мәсімовтың блогі туралы біліп, премьер - министрге ұлттық брендті құрғаны туралы хат жазды. Жауабын әлі алған жоқ.
- Мен, өзім де құртты өндіретін цех ашар едім, - дейді зерттеуші. - Бірақ, қазақтың байырғы тағамын ұлттық бренд бола алмас еді. Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет.

Қорытынды

Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
4. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.





2013-2014оқу жылы

«Кішкентай мектеп оқушысы -зерттеуші» Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы- құрт» Көкейкестілігі; Қазақтың қай ұлттық тағамын алсаң да, ерекше қасиетін біліп таң қаласың.Сондықтан біз бүгін ұлттық тағам құрт жайлы айтпақпыз.Өйткені сыныпта оқушылар қалталарына кәмпит орнына құрт әкеп ,үзілісте жейтінбіз. Екі сыныптың да оқушылары жақсы көреді. Бір күні үзілісте құртты жеп отырып, осы құртты қалай істейді екен,неге осылай тәтті болады екен деген ой барлығымызда туындады. Осы ойымызды мұғалімге айттық. Мұғалім білгілерің келсе ,кәне барлығымыз осы құртты зерттеп көрсек қайтеді деді.Сөйтіп , құрт жайлы тереңірек білу мақсатымен осы жұмысты бастап кеттік, Жоба мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасау мақсатында ұлттық тағам -құрт жайлы ұғымдарымыздыкеңейту.Шығармашылық ойларымызды дамыту.Тәжірибе жинақтау үшін жан-жақты ізднеуге ұмтылу.Таңдап алған жұмыстарымызды үлкен нәтижеге жеткізуге жауапкершілікпен қарауға баулу. Жұмысты талдай білуге үйрену. Ұлтымыздың тағамдарының құндылығын біле отыра,қастерлеп пайдалануға үйрену. Мазмұны: I.Кіріспе II.Теориялық бөлім «Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым III.Зерттеу бөлім Құрттың дайындалу тәсілдері: а) бұрынғы заманғы жасалу жолы б)қазіргі кездегі дайындалу тәсілі 1.Құртты кептірудегі пішін түрлері: а) күлше ә)сықпа б)шүйірмек в)жарма Құрттың түрлері: а)ақ құрт ә)қара құрт 2.Құрттан жасалатын ұлттық тағам түрлері а)малта және құрткөже 3.Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы IХ.Қорытынды. Х.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. I.Кіріспе Қазақ қалқы- қонақжай.Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан -ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан үлкен емессің» деп дастарханға шақырған.Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған .Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуіміз шарт.Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады. Бірақ оны қалай жасауын және оған сай ыдыстарды мал терісінен алу , оны қалай сақтаудың сырларын ашқан.Қазіргі кезде қарап отырсаң осының барлығын ойлап, оны іске асыра білген шебер апа-әжелеріміз бен ата- бабаларымызға таң қаламыз.Неткен тапқырлық! Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі бүгінгі зерттеу жұмысы сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы -құрт жайлы. II.Теориялық бөлім. Қазақтың ұлттық тағамы -құрт.Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.Ата- әжелеріміз құрттың қуаты талай аштықтан сақтаған деген.Құртты сиыр,қой, ешкі сүтінен алуға болады.Ал біздің бүгінгі жұмысымыз әрине сиыр сүтінен құрт өнімін дайындау тәсілдерін айтып ,жеткізу.Бүгінгі күнге дейін сүт өнімінен жасалатын құртты әркім әр түрлі әдіспен дайындайды. 1-тәсіл:Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі.Сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да,іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуін қырып,әлсін- әлсін араластырып отырады.Құрт кайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап өреге жайып кептіреді. 2-тәсіл:Сауылған сиыр сүтін қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа, не ағаштан жасалынған бөшке болуы мүмкін, не үлкен 40-50 литрлік ыдысқа құяды. Күннің астына немесе жылы жерге құйылып қойылған сүт ашып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналады.Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтеріледі.Астында одан бөлінген сарысу қалады.Сондықтан ағаш бөшкеге жиналған іркіт болған жағдайда бөшкенің төменгі жағынан сарысу ағызатын арнайы шүмек тесіп қояды.Сол шүмекті ашып - жабу әдісімен сарысу ағызылып алынып ,ал қою іркітті қазанға салып,отқа қойып бабымен қайнатады.Алыдысқа ашытқан іркіттің қоюын екінші ыдысқа сүлгімен сүзіп алып,сарысуынан ажыратамыз.Қазанға іркітті құймас бұрын қазан түбіне және ернеуіне кез- келген жеуге жарамды майдан жағып қойса қазан түбі жабыспайды және майланған ернеуінен асып төгілмейді.Қазан астына жағылған оттың бабы тәтті және біркелкі құрттың пісуіне әсер етеді.Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы құртқа тез айналады,Дайын құртты қазаннан таза қапқа немесе сүлгіге аударып алып 10 сағаттай ашаға іліп немесе үстіне ауыр зат бастыру арқылы суын әбден сарқылтамыз.Одан соң дайын құртты өзіңізге ұнаған пішінмен кептіріп аласыз.Оны кептіру үщін жылы жел, ыстық күн керек. III.Зерттеу бөлімі Құртты кептірудегі пішін түрлері: Құртты кептіру үшін әр түрлі пішінге келтіреді.Оның негізгі түрлері -күлше, сықпа, шүйірмек, жарма. Күлше-күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп(уысқа сиярлықтай) домалақтайды.Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек пішінге келтіреді. Күлше ұзақ сақтау үшін жасалады.Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп,керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді.Оны ауыстырып отыру әдісімен әбден кептіру керек, әйтпесе көгеріп кетеді. Сықпа-сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгіуіне салып сығып жасайды. Шүйірмек-шүйірмек құртты жасағанда құртты екі саусақтың бүгіуіне салып,екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Бұл құрттың пішіні тез кебеді Жарма- құрттың тағы бір түрі .Жарма құртты негізі үлкендеу етіп алып оны түзу жерге қойып, қатты жіп немесе кендір жіптің көмегімен бөліп жарып, төрт бұрышты пішінге салады..Ол ұзақ кепкенімен дастарханның көркі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін,ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні,күзде шайға салып немесе жәй жеу үшін дайындайды. Сіздер көрген боларсыздар құрттың кейбіреуі ақ түсті, ал кейбіреуі-қара түсті болады. Ал оның сырын бірі білсе , бірі біле бермейді. Ақ құрт-ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп,майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады.Кейде аздап тұз қосып кептіреді.Ақ құрт көбіне жазда , күз мезгілдерінде желінеді. Екінші -қара құрт.Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай майын жартылай алады немесе алмай қайнатылады. Қара құртты көбінесе қыста езіп, дәмді құрт көже дайындайды.Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Малта- дегеніміз сорпаға не ыстық суға езілген құрт.Сорпадағы не судағы қиыршық құртты езу үшін кей кезде әжелеріміз қойдың бас сүйегіндегі азу тістерін қолданған.Малтаға немесе құрткөжеге ыдысқа тұздап сақталынған сүзбе құртты да пайдаланылған.Малта сорпаға құрт қалдығын езуден жасалса,ал құрткөженің жасалу жолы басқадай. Құрткөженің қарапайым жасалу жолы :Суық суға ұнды езіп алу керек, өйткені суық суда ұн тез әрі түйіршіксіз біркелкі езіледі.Суық суға езілген ұнның үстінен қайнаған ыстық су құйып сұйықтықты молайтамыз. Араласқан қоймалжыңды отқа қайрадан қайнатамыз да үстіне құрт және сары май салынады,Ол қайнаған соң көжені ожаумен әбден сапырамыз. Қажетті заттар: 0,5 литр суық су 100г ұн 100 г сүзбе құрт 1 литр ыстық су 50 гр сары май Әбден сапырылғандықтан оның ішіне сары майдың қосылғаны да білінбейді.Құрткөже аса қуатты әрі жұғымды ас.Бұрынғы кезде қыстың қытымыр аязы мен ақ түтек боранында тебін малын далада жайған аталарымыз құрткөженің буының арқасында өзін де малын да аман сақтаған деседі.Жас босанған келіншекке енелері 40 күнге дейін буының тез бекісін және ана сүті құнарлы болсын деп тура осы мәзірмен жасалған құрткөжені берген. 3.Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы Құрт -сүйектің қатаюына,көздің көруіне, тістің түзу және қайратты ,азулы өсуіне ,асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор. Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына қосары мол . Мысалы.сіздің қандай да бір малыңыздың ыстығы көтерілсе сарысуды шүберекке малып алып ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашыңды сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп.жылтырай түседі.Ал 3 мезгіл бетіңізді сарысумен шайсаңыз әжімденуден арылып , жасара түсесіз.Және де құймаққа (блины) сүтке араластыра қоссаңыз құймағыңызға ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап қылдыруға болмайды. IХ.Қорытынды. Қорыта келе ұлтымыздың құндылығы ұлттық тағамының ерекшелігіне де байланысты.ЕХРО-2017 жылы өтетін көрмеге қазақстаннан екі қыз осы құрт өніміне жемістер мен көкөністер арқылы оған түрлі түс және ерекше дәм беру үшін қосып, кептіріп құрттың қасиетін әлемге дәләлдетпекші .Апаларымызға додада жеңістік тілейміз.Құрттың адам денсаулығына қаншалықты қымбат екенін зерттеу арқылы танып білдік. Әжем:« Қанша асықсаң да, оразаңды ашпай босағадан аттама .Тым болмаса бір түйір құртты аузыңа салсаң .түстік тамағыңа дейін әл береді » деген.Ендеше «Қарныңыз ашса құрт жеңіз, Шөлдесеңіз құрт жеңіз!» Бүгінгі біздің қасиетті тағамымыз құрт жайлы ақпаратымыз осындай.

Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.

Aug15
Құстардың көктемгі тіршілігі туралыІші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы - дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына "ірімшік" деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады. Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті - қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 - 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған. Құстардың көктемгі тіршілігі туралыҚос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 - 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 - 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 - 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 - 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 - 0, 21%) мен фосфор (0, 05 - 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 - 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 - 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып - ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып - ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 - 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет. Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық - бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай - ақ одан тері илеу үшін малма жасайды. Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған. М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт - ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі. А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді. К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл - желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт - май деп аталады. Материалдың алынған жері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Бастауыш мектеп. «Оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының жазылу реті»а.Аңсабаева 7, 2009 жыл 2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, «Ұлттық тағам- ұлт мақтанышы»Г.Мұрынова. 4. 2003 жыл 3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. «Қазағымның дәстүрлері -ай»С.Хуатай.-11, 2010 жыл 4.Сен білесің бе энциклопедиясы «Ыдыс- аяқ жасау өнері»Алматы : «Аруна баспасы» 5.Хрестоматия. «Қарлығаш оқу - әдістемелік кешені»-Астана:«Арман -ПВ»баспасы,2011 жыл. 6.Ана тілі . Алматыкітап баспасы -2012 . Малта. 133 бет.







үркенова Толқын Сырымқызы
Астана қаласы
№56 мектеп-лицейі
3 "Б" сынып

Ғылыми жетекшісі:
Есиркеп Г. Қазақ технология және бизнес университетінің «Технология және стандарттау» кафедрасының т.ғ.к., доцент
Жетекшісі:
Имашева Т.М. Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Құстардың көктемгі тіршілігі туралыҰлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі - ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой - ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.


Құстардың көктемгі тіршілігі туралы«Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» - деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын. Сүт тағамдарының осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт.

Құстардың көктемгі тіршілігі туралыҚұртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. Мен зерттеу барысында жазда ауылға барып апалар мен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадым. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім. Сауалнаманың нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадым. Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы жобаны ұсынып отырмын.
Құстардың көктемгі тіршілігі туралы Мені қазақ құртының және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі - сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді.
Өз мақсатыма жету үшін, алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
* Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
* Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтау;
* Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
Жұмыстың мақсатына жету үшін үлкен кісілермен сауалнамалар жүргіздік, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әр түрлі басылымдардан, Интернеттен материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадық.
Құстардың көктемгі тіршілігі туралы Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екенін білдім. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болатынын түсіндім. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайтыны туралы білдім. «Құрт - қыстың қымызы» - дейтіні сондықтан екен.
Құстардың көктемгі тіршілігі туралыЗерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын әртүрлі етіп жасап достарыма, сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттан да тәттілеу құрттың көп ұнайтынын анықтадым. Сондықтан құрттың құрамы мен жасау әдістеріне қарай «Майлы құрт», «Майсыз құрт», «Қышқыл құрт», «Тұзды құрт», «Тәтті құрт», «Жеміс қосылған құрт» деп бірнеше түрге бөлдім. Бұл құрт түрлеріне қағаздан арнайы қораптар дайындалып, ішіне тамаққа арналған полителенмен оралып салынды. Қорап сыртында құрттың құрамы, шыққан заводтың аты,мекен-жайы,құрттың дайындалған күні , айы, жылы және сақталу мерзімі туралы толық мәлімет жазылған. Мысалы,
Құстардың көктемгі тіршілігі туралыҚұрт халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екені белгілі және құртты үнемі қолдануда үлкен мән - мағына бар екеніне көз жеткіздім. Менің алдыма қойған мақсатым мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау. Осы еңбегімнің нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады. Полителендік қапқа салынған құрт, ірімшік, сүзбе ғарышкерлердің негізгі азығына айналмақ. Осындай қорытындыға келген Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары бұл ұлттық тағамдар дәрумендерге бай екенін айтады.
Алдыма қойған мақсатыма жету үшін болашақта құрт жасайтын арнаулы завод ашпақшымын. Завод заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталмақ. Арнаулы қондырғылардың көмегімен сиыр фермаларынан әкелінген сүттен құрттың әр түрін жасаймын.Төмендегі суреттен сиыр сүтінен жасалатын құрт шығаратын менің заводым. Завод «Толқын» деп аталады. Суретте сүт сиыр фермаларынан бастап дайын құрт болып дүкен сөрелеріне түскенге дейінгі әрекеттер көрсетілген.

Құрттың құрамы мен формалары балаларды қызықтыратындай болады. Олар жануарлар, құстар, аңдар бейнесінде болмақ. Құрт түрлері санитарлық нормаға сай арнаулы көз тартарлықтай ыдыстар мен қағаз қораптарға салынады. Қораптың сырты пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес безендірілген, құрамы мен қасиеті толық жазылған болады. Қазіргі кезде балалар көп пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен шоколодтардың (киндер сюрприз, синикерс, чупа-чупс,т.б.) орнын сол құрттар басады деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салғанша құрт салса, денсаулығына да өте пайдалы болар еді.
Менің зерттеуімнің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
Зерттеу жаңалығы: - Болашақта құртты үнемі пайдалану әдістері;
-Қоғам дамуына байланысты ұлттық тағамның жасөспірімдер арасында кең таралуына ықпал ету;

Пайдаланған әдебиеттер

1. Дүниетану оқулығы 1сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008ж.
2. Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000ж
3. Қазақ энциклопедиясы Алматы 2002ж
4. Ғаламтор

Қосымша №1
Зерттеу жұмысы кезінде сауалнаманы екі бағытта жүргіздім:
1. Өз сыныптастырымның арасында
2. Үлкен адамдар арасында
Сыныптастарыма қойылған сауалдар:
1. Сүтті қайдан алады деп ойлайсың?
2. Сүттен жасалған құртты білесің бе?
3. Құрт жеп көрдің бе?
4. Құртты кімнен, қайдан көрдің?
5. Құрттың дәмі ұнай ма?
6. Отбасында құртты жиі пайдалана ма?
7. Қант қосылған тәтті құртты ұнатасың ба?
8. Тұз қосылған құртты ұнатасың ба?
9. Бал, жеміс қосылған құртты ұнатасың ба?
10. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 25 бала қатысты.

Қосымша №2
Үлкен адамдарға қойылған сауал:
Жасыңыз:
Қазақстанның қай аймағында туып-өстіңіз:
1. Құртты жақсы көресіз бе?
2. Өзіңіз сиыр сауып, оның сүтінен құрт жасап көрдіңіз бе?
3. Құрттың дәмінің қандай түрін ұнатасыз?
4. Құртты отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?
5. Құрттың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?
6. Құрт жасаудың қандай технологиясын білесіз?
7. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
8. Құртты бала жасынан жеп өссе, оның денсаулығына пайдасы
бола ма?
9. Қазіргі тәттілердің орнына сүттен жасалған, дәмі
әр түрлі құртты пайдалануға бола ма?
10. Сізге құрттың қандай түрі ұнайды:
қышқыл, тұзды, тәтті (қант,т.б.тәттілер қосылған) ?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 32 адам қатысты.
Сауал мазмұны
Көрсеткіші
Құрт ұнайды
32
Құртты жиі пайдаланамын
26
Құртты сирек пайдаланамын
6
Құртты жасау технологиясын білемін
29
Құрт жасап көрмекпін
3

Қосымша №3
Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
1. Сүтті ыдысқа құйып ашытып ұйытасыз (айран түрінде).
2.Ашыған айранды матадан тігілген қалтаға (дорбаға) құйып, іліп қоясыз.
3.Сарысуынан арылған сүзбені арнаулы ыдысқа құйып, қайнатасыз.
4.Құрт кайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін қазанның түбін араластырып отырасыз.
5.Әбден қоюланған құртты матадан тігілген қалтаға (дорбаға), іліп коясыз, сонда оның қалдығы тағы да ағып, құрғайды.
6.Қоюланған құрттың құрамын өз қалауыңызша толықтыруыңызға болады. 7.Құрамына мөлшерлеп тұз, бал, қант (шекер), жеміс-жидек тосабын қосу қажет.
8.Дайын болған қоспаны қолмен бөлшектеп, сықпалап тақтаға жайып кептіресіз.
Ескертпе:
Құрттың қышқылдауын ұнатсаңыз, ашыту уақыты ұзақтау болды.Бұндай құртты сұйық күйінде аузы жақсы жабылатын құмыраларға құйып, сақтауға болады. Ол сорпаға, кеспе және наурыз көжеге қосуға өте ыңғайлы және ұзақ мерзімге жақсы сақталады.
Достарым мен сыныптастарыма өзіме ұнайтын құрттың түрлерін үнемі пайдалануды ұсынамын:
1. Құрттың құрамына бал қосылған;
2. Құрттың құрамына қант (шекер) қосылған;
3. Құрттың құрамына әр түрлі жеміс-жидек тосаптары қосылған;
4. Құрттың құрамына шамалы тұз қосылған;

Құстардың көктемгі тіршілігі туралы

Құрт

ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ / 1 ЖЕЛТОҚСАН 2012, 23:46

АҚұстардың көктемгі тіршілігі туралықуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. "ҚҰРТ" сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай 52,6 &. 100гр сүзбе 227ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады. Түйе сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтер кездеседі. Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Осындай э заттардан құралған құртты жылдар бойы сақтауға болады.

Құрт түрлері;
Жас құрт. сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шәймен бірге дастарханға қояды. Кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін үлкен кісілер үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық бауырға қосқан.

Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіпаҚұстардың көктемгі тіршілігі туралыуырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпа құрт. Мұны қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіліп, тұздалып, түрлі үлгімен бөлшектеліп кептіріледі. Бұрынырақта сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

Малта. Езілге құрттың түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі ас саналған. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

ЕҚұстардың көктемгі тіршілігі туралызген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталып, келіге түйілген.

Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте дәмге жағымды, тез сіңетін тағам болып саналады. Оны тек сұйықұ түрінде ішеді.

ҰҚұстардың көктемгі тіршілігі туралынтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

Құрт май. сары май батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл желпі түстік ретінде дастарқанға қояды.Құртты қайнатқан кездегі кенеп қаптан аққан сарысу да емдік қасиетімен ерекшелінеді. Онымен қыз келіншектер шашын, басын, бетін, қолын жуған.Құстардың көктемгі тіршілігі туралы

  • езген

  • , ақмалта

  • , дәрумен

  • , сүзбе

  • , сүт

  • , қымыз

  • , ұнтақ құрт

  • , құрт май



© 2010-2022