Толағай отбасылық сайысы (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т.Жүргенов орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі:Бурамбаева Мейрамгул

Күні: 24.11.14 ж.

Тақырыбы : «Толағай» отбасылық сайысы.

Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды

орындата отырып , спортқа деген қызығушылықтарын

арттыру. Салауаттану - адам жанының да ,

тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы ,

салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, уақ доп,

үлкен қолғап, құрсаулар, аттар, конфеттер,

себеттер, қаптар.

Мұғалім: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға 1 «А» класының оқушылары мен ата-аналары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға -

1. Даянаның отбасын шақырамыз.

2. Ұлмекеннің отбасын шақырамыз.

3 Айбардың отбасын шақырамыз.

(әр отбасы орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)

Мұғалім: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықтыру бағдарламаларының бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1 Мектептің тәрбие-ісі орынбасары: Құдайбергенов Н

2. Мектеп психологі: Дабылова Б.

3. Дене шынықтыру пән мұғалімі: Матенов Ж.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

І Кезең: «Желаяқтар» Ойын шарты:

Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

ІІ Кезең: Шығыршықтан өту. Ойын шарты:

Бастапқы орыннан бірінші ойыншы шығыршықты ұстайды қалған ойыншылар шығыршыұтан өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске жетеді.

ІІІ Кезең: «Теңге ілу» Ойын шарты:

Әр топ хоп добымен секіріп, өздеріне берілген түстегі шарларды бір- бірден үш рет келіп межедегі шелекке салу керек.

ІV Кезең: «Секірмек» Ойын шарты:

Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы атпен шауып келеді.

V Кезең: «Кедергілерден өту» Ойын шарты:

Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып доға баспадан өрмелеп- түсіп, гимнастикалық стол үстімен жүгіріп түсіп, кері қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші ойыншы ойынды жалғастырады.

VІ Кезең: «Кенгуру» Ойын шарты: Қаппен секіру.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тарасса бізге жарады.

Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін

береміз. (Әділқазыларды тыңдау)

Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.

Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!



© 2010-2022