Ашық тәрбие сағаты Ана тілім-ардағым

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана тілім - ардағым» Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. 1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім. Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Ән : Анамның тілі
1-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны, Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы. 2-жүргізуші: Тілім менің! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің. Тұнығым, рухани жан азығым Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. Ана тілім, туған тілім,бал тілім Сен арқылы дүние танып талпындым. Сен арқылы әлемге аян бар ісім Сен өмірде таусылмайтын алтыным. Би: Қаражорға Әзіл сұрақтар: Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? Қорқақ неден қорқады? Тауық түс көре ме? Қарғыстың ең жаманы не? Тастың жеңілі бола ма? Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек? Қандай кілт аспанда болады? Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?
Ән: Қазақстаным Мұғалім: « Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл - бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». Қорытынды: 1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. 2-жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл - арым, иманым, Аманат, саған, аманат.

© 2010-2022