Коучинг Критериалды бағалау Инклюзивті оқыту

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


коучинг сабақ:
Критериалды бағалау
Инклюзивті оқыту

Мақсаты-

Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім
қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны
қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісіне жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.


Түйінді идея

Қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, бағалаудың кез-келген оқушы жұмысында қолданылатын критерийлерімен танысады. Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер критерий арқылы бағалауды үйренеді.
- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
- Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады;
- Үлгі оқушыларға алдын-ала белгілі болады;
- Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі болады;
- Білім берудің сапасын артады;


Ресурстар

Интерактивті тақта, ақ қағаздар, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, стикерлер.

Жүргізу барысы

І. Ұйымдастыру:
1. СЕРГІТУ СӘТІ. " Комплимент" жаттығуы.
Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады;
2. ТОПҚА БӨЛУ . « Тәтті тілектер» ойынымен ұжымды 4 адамнан 3 топқа бөлемін.
1.Ағымдағы мәселені зерттеу - 10 мин.
1) Баға деген не? Топтастырады.
-жеке: - жұппен; - топпен; - ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды - 5 мин.
2) «Тағы да екі..» бейнежазбасы

Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.
2.Нәтижеге жетер жолдағы ішкі және сыртқы кедергілерді анықтау; 20 мин
Бейнежазба (видеоролик) « Топтағы жұмыс» қарастырылады. - 8 мин
Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Бейне жазба не дейді?» сұрағына жауап береді. Бағаның бала өміріне, ата-ана өміріне қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізе отырып талдап, талқылайды.
Теория Слайдты көрсету
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.
Бағалаудың мақсаты:
- Оқытудың қиындықтарын анықтау;
- Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);
- Уәж;
- Болжау және сұрыптау;
- Стандарттарды бақылау және орындау;
- Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау

4. «Аққала» суретін салу
а) Осы суретті жұпта бағалау
ә) Тақтадағы критерий арқылы бағалату
5. Критериалды бағалау бойынша слайд көрсету.
Сергіту сәті «Ең әдемі би» жаттығуы

6. Топтық жұмыс
Әр топ бір пәннен, бір тақырыпқа критерий құру.
Постерді тақтаға шығып, топ басшысы қорғайды.

7. Сауалнама алу
Сауалнама
1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
2. Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
3. Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?
Иә Жоқ
Олар қандай болды?
4. Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?
Иә Жоқ
Неге?
5. Коучинг сабағы кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе?
Иә Жоқ
Не үйрендіңіз?

6. Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма?
Иә Жоқ
Қалай?
7. Коучинг сабағы сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірбиеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?
Иә Жоқ
Қандай өзгерістер?

Сілтеме

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері





© 2010-2022