Менің атым қожа әдебиеттік оқу 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:
білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың түрі: жинақтау
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ой қозғау.
Көрнекілігі: АКТ, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру :
Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын пысықтау:
«Менің есімімнің құпиясы» атты тренинг бойынша сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Жауап: Қожа туралы
«Түртіп алу» стратегиясы
V - "білемін"
+ - "мен үшін жаңа ақпарат"
? - "мені таң қалдырады"

1924 ж Алматы облысы,
Нарынқол ауданы,
Қостөбе ауылы
Ата-анасынан ерте айырылған Бердібек Соқпақбаев
Қазақ балалар жазушысы 1950 ж "Бұлақ","Чемпион", "Алыстағы ауылда", тұңғыш жинақ "Балалық шаққа саяхат, "Өлгендер қайтып келмейді"
«Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат беру
«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап -түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды». Б.Соқпақбаев

Жанр: комедия, отбасылық.
Мемлекет: Қазақстан
Шыққан жылы: 1963ж
Әңгіме авторы: Б.Соқпақпаев
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген түрлі қызық оқиғаларды басынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Сергіту сәті. «Иесіне қайтар» ойыны

«Ойлан тап»
1-30 "Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!"
2-30 Бұл қай сәт? "Қожа шыбыным... Сен бисмілла деші.Бисмілла деші, шыбыным...Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. Бисмілла деші.
3-30 Бұл қай сәт?

"Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?"
1-40 " Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш."
2-40 Бұл кімнің сөздері?

"Мен сенің әкеңе қарыздыкер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр".
3-40 (суретте Сұлтанның бейнесі шығады,сол туралы әңгімелеп беру керек)
1-50 Класс жетекшісімен Қожаның қарым-қатынасы не себептен дұрыс болмады?
2-50 Бұл кім? " Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:..."
3-50 Қожа мен Жантасқа салыстырмалы мінездеме бер

Роль - Қожа
Аудитория - Класс
Форма - ішкі ой
Тақырып -
1-т "Жақсы бала жеткізеді мұратқа"
2-т "Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді"

Сабақты қорытындылау:
V - "білемін" + - "мен үшін жаңа ақпарат" ? - "мені таң қалдырады"
Үйге тапсырма:
"Бақытты балалық"
Ой толғау жазу.
Бағалау:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Садуакасова Гульнара Орынгалиевна
Әдебиет
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге, үлгілі болуға, өнерге қызығушылығын ояту, эстетикалық тәрбие беру.
Білімділік: Повесть кейіпкерлеріне мінездеме беру, проблемалық сұрақтар арқылы повестьтің негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өнер туралы, актер туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, повесть бойынша иллюстрациялық суреттер шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау
3. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу
2. Шар арқылы оқушылардың сабағына сәттілік тілеу
Мыс: (көтеріңкі көңіл-күй тілеймін, келе жатқан мерекеңмен, сабақты үлгілі оқы т.б.)
ІІ. 1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Үй тапсырмасына сұрақтар
1. Жазушы повесті қай жақтан баяндайды?
2. Басты кейіпукерлер кімдер?
3. Повесть деп нені айтамыз?
Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғаны көркем шығарманың түрін повесть дейміз. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
4. Жазушы туралы не білеміз?
ІІІ. Мақсатын түсіндіру.
- Жақсы, ендеше сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
- Сабақтың мақсаты:
1. Үзінді бойынша Қожаға мінездеме беру
2. Қожа қандай бала?
3. Хикаяттан үзінді келтіремін, сендер әрі қарай жалғастырасыңдар?
ІV. 1) Хикаятта ең бірінші не жайында айтылады?
2) Өздеріңе қандай есім ұнайды?
3) Сыныптан Қожадан басқа Қожаны кім деп атайды екен?
4) Қожа әкесі туралы қалай ойлайды екен?
5) Оқулық сатып алуда Қожаның ісі дұрыс па? Оның орнында өздерің болсаңдар қайтер едіңдер?
6) Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі
7) Дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісі.
8) Екеуін салыстыра суреттейміз
9) Қазақ тілі мұғалімінің сумкасына бақа салып жіберген Қожаның іс-әрекетін қалай түсінесіңдер? Қожаның осы әрекетіне қалай қарайсыңдар?
10) Қожаның ісіне мұғалімдер қандай наразылықтар айтты?
11) Майқанованың «Түбінде адам болатын бала» дегенін қалай түсінесіңдер?
- Қожа кәзір барлығын балалықпен істеп жүр, кейін есі кіре үлкен азамат болады деп сенім білдіреді.
V - Балалар, көгілдір экраннан әр түрлі қызықты бағдарлама көріп тамашалаймыз
- Сендер қандай бағдарламаны тамашалайсыңдар?
- Ендеше, «Алтын сақа» бағдарламасы сияқты біз де жұмыс істеп көрейік.
- Сендердің хикаятты қаншалықты оқығандарыңды мен тексерейін. Оқулықты жауып, партаның бір жағына қоямыз.
1. Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша тәуелді аты болмайды. «Ортаншым».....
2. Бірнеше күннен кейін оқу жылы басталады. Мәссәған, керек болса, әнеугүні маған дүкенде жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың етіп, қағаздарын қолтықтап, біздің сыныпқа кіріп келе жатыр...
3. Ал Анфиса Михаиловна өйтпейді. Алфавитті қуаламай,тәртіп сақтамай сұрайды...
4. Мамам қолын иығыма салды
- Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда кетпеймін...
5. Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін, Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды.
VI Үйге тапсырма: Шығарма «Менің сүйікті кейіпкерім» немесе «Маған ұнайтын жазушы»
VII 1) «Менің атым Қожа» фильмін жақсы көреміз
2) - Осы фильмді қойған режиссер Абдолла Қарсақбаев екен. 1963 жылы түсірілген.
3) Қожа фильмінде ойнаған Нұрлан Сегізбаев
4) - Фильмді бәріміз тамашаладық
5) - Ендеше, балалар, осы фильмнен үзінді тамашалайық
6) - Мүмкін, сендердің араларыңда да болашақ актерлар мен акртрисалар отырған шығар.
7) Қорытынды
8) Бағалау
9) «Сарыжайлау әні» Қатысушылар: Жантас, Қожа, Сәбира Майқанова (мұғалім, сынып жетекші)

1 - көрініс

Мектептің қасында Қожа (қолтығында добы бар) келе жатқанда Жантасқа
ұшырасады.
Жантас: (қолында мор басылған бір жапырақ қағазы бар. Соны шертіп-шертіп койып):
- Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?
Қожа: - Ол не?
Жантас: - Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен, көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Қожа: - Оны саған кім берді?
Жантас: - Кім беруші еді? Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.
Қожа: - Неге жоқпын? Майқанова апай қайда?
Жантас: - Мектепте
(Қожа келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп шертті де жүгіре жөнелді)

2 - көрініс

(Қожа екпінлеген қалпымен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп барады. Майқанова бірдеме жазып, жалғыз отырады)
Майқанова: (Басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады):
- Не болды? Не болды Қадыров?
Қожа: - Лагерьге жолдама беріңізші маған
Майқанова: - Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың
Қожа: - Неге?
Майқанова: - Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетпейді, Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.
Қожа: - Жантас немене... менен артық болғаны ма?
Майқанова: (ашуланып)
- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?
Қожа: - Бермесеңіз қойыңыз (жалт бұрылып, есікті тарс жауып жөнеле береді)
Майқанова : - (Соңынан ілесе шығып): - Қадыров! Бері кел.
-Қадыров. (Қожа есіктен жүгіре шығып кетеді)
Жантас: (жолын тосып)
-Немене, жолдама алдың ба?
Қожа: - Алдым
Жантас: - Кәне, көрсетші?
Қожа: - Міне. (Сарт еткізіп танаудан тағы бір шертіп кетеді)


© 2010-2022