«Достық мерекесі» корытынды сабак

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта.

«Ботақан» екінші сәбилер тобы

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас» , «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту», «сурет салу»

Тақырыбы: «Достық мерекесі»

Мақсаты: 1-мамыр - халықтар достығы мерекесі туралы айту.

БМ: Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар туралы айту.

ДМ: Ауызекі сөйлеу тілдерін , ақыл - ойын, байқағыштығын дамыту.

ТМ: Өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

Қажетті құралдар: Әр балаға бір-бір шардан, түрлі түсті шығыршықтар, қарындаштар, фламастерлер, ақ қағаз.

Қос тілдік компонент: Бейбітшілік - независимость, достық-дружба, ұлт- национальность

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Сөзін жазған Серікбай Оспанов,

Әнін жазған Мэлс Керейбаев

Бейбіт күн

Ақпыз, сары, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір ауылда тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз.

Қ-сы:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын бейбіт күн

Ақ,қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз татумыз,

Биіктерге өрлейміз.

Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, төмендегі өлең жолдарын әндете шырқайды

Іздену ұйымдас

тырушы

Алдын ала әр ұлттардың киімін киген басқа топтың балаларын шақырып қоямын.

Музыка ойналып, басқа ұлт өкілдері болып киінген балалар топқа кіреді.

Кірген балалармен амандасып, төрге шақыру.

Балалардың назарларын төрде отырған әр ұлт өкілдері болып киінген балаларға аудартамын.

  • Біздің елімізде қазақ, орыс, өзбек т.с.с ұлттар тату тәтті тыныштықта өмір сүреді. Қараңдаршы ұлттардың өздеріне тән киімдері де бар.

«Ұлттық киімді ата!» дидактикалық ойыны

Кез келген баланың киімін көрсетіп:

  • Мынау не?

  • Көйлектің түсі қандай?

  • Ал, мынау не?

  • Бас киімді не деп атаймыз

  • Айтыңдаршы, камзол мен бөріктің түсі қандай?

  • Ал, аяғында не?

  • Сендер қандай ою-өрнектерді білесіңдер?

  • Жарайсыңдар, әр ұлттардың киімдеріндегі ою-өрнектері де өзгеше.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өніп-өсіп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Шарлармен ойын- жаттығуы

Балаларға жақында мейрам болатынын,мерекеде балалар ата-аналарымен бірге алаңға шығатынын айтамын. Барлық тұрғындар мерекенің көңілді өтуі үшін өздері тұратын ауылды әдемілеп безендіретіндерін әңгімелеймін. Мейрамда барлық адамдар көшеде қолдарына түрлі-түсті ту, шар, гүлдер ұстап шығады.

«Үлкен және кіші шарлар үрлейік» тыныс алу жаттығуы

«Жандандыру». «Достық шарлары» сурет салу.

Балаларға ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаш, фламастерлер үлестіріп беремін де ұшып бара жатқан шарлардың суретін салуды ұсынамын.

Салынып, аяқталған суретке «Достық шарлары» деп ат қойып, топ ішіне көрме ұйымдастырамын.

«Достар алаңы» ойыны

Әр жерге түрлі-түсті шығыршық (обруч) қоямын. Балалар қолдарына шар ұстап көңілді музыка әуенімен билейді. Әуен тоқтаған кезде балалар шардың түсіне қарай шығыршықты тауып, «дастар алаңына» бес баладан бірігеді. Алаңға кіріп үлгермеген бала доссыз қалады. Ойыны 2-3 рет қайталауға болады.

Балалар қызыға қарайды ,

Амандасады.

Дидактикалық ойынды қызығушылықпен айнайды.

  • Көйлек

  • Ақ

  • Камзол

  • Бөрік

  • Қызыл



  • Мәсі

-Ирек су, қошқар мүйіз

Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды

Балалар түрлі-түсті шарлармен ойнап, оларды түсіне қарай топтап, іліп қояды

Балалар әртүрлі көлемде шар үрлегендей қалып көрсетеді.

Балалар қарындаштардың түстерін өздері таңдап алып, шарлардың суретін салып бояйды

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексті-

коррекция

лаушы

«Біз не білдік?»

Қазақстанда орыс, кәріс, неміс, өзбек т.б ұлттар мекендейді.

Әр ұлттың өздеріне тән киімдері болады

Балалар осы сабақтан не білгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-мамыр - халықтар достығы мерекесі екенін

Қандай түсініктерді игерді: Қазақстанда тұратын ұлттар жайлы түсінікті

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әр ұлттың өздеріне тән киімдері болатынын



КМКҚ «Дәншік» балабақшасы

1-Мамыр халықтар достығы мерекесі

«Достық мерекесі»

Өткізген: «Дәншік» балабақшасының тәрбиешісі Нурпиисова Мақпал.

«Ботақан» екінші сәбилер тобы



Самар ауылы 2015 жыл.







© 2010-2022