«Алтын балта» -разработка урока по литературному чтению для 3-го класса

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы,Тайынша ауданы

Тайынша қаласы№ 2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Куандык Арай
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта» 3 - сынып
1. Оқушылармен халық ауыз әдебиетіне, оның ішінде ертегі әлеміне тоқтау, мәтіннің мазмұнын меңгерту
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін дамыту, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушылардың білім деңгейіне байланысты тапсырмалар беріп, жазба тілдерін дамыту.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, концептуалды кесте

Сабақтың барысы:
Ой шақыру: «Балта» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Балта -еңбек құралы .Онымен ағаш жарады.
-Дұрыс айтасыңдар.

Ал ертегіні оқымас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.
- Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін бе?
- «Алтын балтаның қандай қасиеттері болар еді?»
- Тақырыбына қарап әңгіме не туралы деп ойлайсың? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың

тақырыбы Алтын балта" .

Бұл ертегіні талдау барысында біз мынадай әлемдерге саяхат жасаймыз.

1.Білім әлемі:

. Мәтінді оқу, талдау

- Балалар мәтін кейіпкерлерін атаңдаршы. Мәтінді қаншалықты түсінгендерімізді байқау үшін, мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Балтаның иесі кім?
2. Балта кімнің қолына түседі?
3. Судан балтаны алуға көмектескен кім?
4. диірменші қандай балталарды ұсынады?
5. Кедей қандай балтаны алады?
6. Бай қандай балтаны алады?
7. Диірменші кедейге қандай балта сыйлайды?
8. Диірменші байға қандай балтаны сыйға ұсынады?
9. Балалар, қалай ойлайсыңдар, диірменші неге олай жасады?
10. Олай болса ертегі бізді қандай адам болуға шақырады?

2.Шешендік сөздер әлемі

Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту

  • Еңбек етсең ерінбей,

  • Тояды қарның тіленбей.

  • Ерінбеген етікші болады.

  • Еңбегі бардың өнбегі бар.

  • Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.


3.Әдептілік әлемі

Бай мен кедейге мінездеме беру

Қызғаншақ адал

бай





Бай

кедей

күншіл өтірікші өтірікші

шыншыл еңбекқор

дүниеқоңыз көрсеқызар емес

4.Еңбек әлемі

Оқушылар алдарындағы картон қағаздан балтаның бейнесін қиып алады.

5.Өнер әлемі

Еңбек туралы өлең құрастыру

1-оқушы:Еңбек еткен адамдар ,

Бай болады әрқашан.

Ал тілалғаш балалар,

Тез барады жұмсасаң.

2-оқушы:

Қолымда бір балтам бар,

Ерінбей еңбек етемін,

Алдыма мақсат қойып ап,

Мақсатыма жетемін.
6.Сарапшылар әлемі:
Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Күннің сәулелеріне кейіпкеріңіздің мінез - құлқын жазыңдар, Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
- Балалар, қай кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?
- Балалар, мінезі жайдары, ақ жарқын адамды да күнге балайды, қалай ойлайсыңдар, не себептен?
Дұрыс айтасыңдар, ондай адам күн сияқты айналасына жылу таратады, кез-келген жағдайда көмекке келеді.
Сабақты бекіту:
5 жолды өлең
Балта
Темір,ағаш.

Кеседі, жарады

Балтамен ағаш жарды.
Еңбек құралы

Бағалау:
Үй тапсырмасы: ертегіні мазмұндау


© 2010-2022