Ашық сабақ Сөйлем және сөз (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектебі: «Қ.Рысқұлбеков атындағы » №33 мектеп

Пән мұғалімі : Мукажан Динара Бакытбековна


Күні:

Пәні:Қазақ тілі


Сыныбы: 2

Сабақтыңтақырыбы:

Сөйлем және сөз

Жалпы мақсаты:

Сөйлем мен сөзді дұрыс ажырата білу. Тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін , өзін- өзі бағалауын жетілдіру; өз біліміне сын көзбен қарай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Г.И. Уайсова, Р.С.Әміров, Ә.Е. Жұмабаева,

  3. Алматы «Атамұра» 2013ж

Оқу нәтижесі:

Сөйлем мен сөзді ажырата білу.

Негізгі идеялар:

Түрлі тапсырмаларды топпен бірлесе орындау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігі артады

Ресурстар:

Маркер, суреттер, оқулықтар, А-4,смаиликтер

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жаңа оқыту әдістері,


Жұмыс түрлері:

Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық

жұмыс, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

2 мин

«Жүрегімнің жылуы» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнатты

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушыларды топқа бөлу

2 мин

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Оқушыларды сөйлемді сөзді табу арқылы екі топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау

4мин

Үй тапсырмасын ынтамен тыңдайды

Топтар: Өткен тақырыптар бойынша бір-бірлеріне ашық және жабық сұрақтар қояды, жауап береді.

Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды. Әр оқушының дәптері тексеріледі.

І. Білу


7мин

Жаңа сабақ сөйлем туралы түсіндіру.Сөйлемнің ережесімен таныстыру.

Ережені ереже дәптеріне көшіру.

ІІІ. Қолдану




10

мин

Кітаппен жұмыс

164-жаттығуды орындау.

Сөйлемдерді салыстырып оқы.

Сөз:Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.

Сөйлем: Шекарашылар күзетте тұрады.Олар еліміздің шекарасын қорғайды.

Сергіту сәті

2 мин

Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылды

Оқушылар «Қарлығаш» әуенге жаттығуларды бірге орындайды.



ІҮ. Талдау


10

мин

Топтық жұмыс.

165- жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

166-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

168-жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Топтық жұмыс.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана)адам көп. Ол(кітапхана) кітап алды.

Сырғанақ,бірнеше ,бала,теуіп жүр. Ақан,сырғанады,шанамен. Ол,айырылып,қалды,шанадан,абайсызда. Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.

«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрайды.

Ү.Жинақтау


5 мин

«Қай сөзді жоғалттым ? ойыны бір сөзі кем: Асан ... құйды. Айдос әжеге ..... . Ерасыл ..... отырғызды. Елдос .... салды. Қыздар .... биледі.

ҮІ.Бағалау


4 мин

Әр топқа келесі топты бағалау үшін смаиликтер береді.

Оқушылар келесі топты бағалау үшін смаиликтер қолданады.

V. Үй тапсырмасын беру

2 мин

167-жаттығу

Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

VII. Кері байланыс

2 мин

Рефлексия парақтары таратылады

«Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?»

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады



© 2010-2022