Бастауыш сынып мұғалімі Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектеп

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кожабекова Макпал Бакитовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды қаласы

№6 жалпы білім беретін орта мектеп

Тақырыбы: «Ғажайып алаң» ойыны

3 сынып

Мақсаты: 1.Ата салт, дәстүрімізді қадірлеп кейінгі ұрпаққа жеткізу.

2/. «Ғажайып алаң» ойыны арқылы салт-дәстүрімізді, әдеп- ғұрыпымызды еске түсіріп, берілген тапсырмаларды орындап мәреге жету.

3/.Тапқырлыққа, сыпайлыққа, әдептілікке,білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: дайындалған тапсырмалар,магнитті тақта, ұлыстың ұлы күні туралы жазылған нақыл сөздер, гүлдер,суреттер,ұлттық ойындар.

Жоспары: 3-кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Жылу бер,Наурыз төріме!»

2-кезең. «Ата салтын-алтын қазынам!» Көрермендер көзайымы.

3-кезең. «Талпынған жетер мұратқа!»

4-кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан-тұлпар!» жеңімпазды марапаттау.

Жүргізуші: Наурыз -ежелгі мәдениеті,дамыған елдің бірі Парсының нау-жаңа,

рыз-күн, яғни «Жана күн»-деген сөзді білдіреді екен.

Наурыздың 22-ші жұлдызын жаңа жыл,ырыс,береке,жыл басы деп есептелген.Бұл күн көктемнің,бірліктің,татулықтың,еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланып отырғаны белгілі. Бұл күні жақсы тілек айту,құттықтау,кешірім жасау керек өйткені, барлық даланы Қызыр ата аралайды.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар,және наурыз мейрамына жиналған көпшілік қауым! Сіздерді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!

Наурызың үлкен-кіші құтты болсын!

Қой қоздап, қазандарың аққа толсын!

Біріне нұрын шашып көкткем келді,

Темірдей денсаулығын мықты болсын!

Наурызым бәріңізге дәулет берсін,

Далама төрт түлік мал көрік берсін,

Түтіні түзу шығып әр ошақтың

Шетінен берекеге көп кенелсін!- дей келе

«Ғажайып алаң» ойынымызды бастаймыз!

3 «A»сынып ата-аналарымен өткізіледі.

Көз салсаң мынау заманға,

Табылар түрлі амалда.

Белсенді ойыншыларды

Шақырам «Ғажайып алаңға»

1-кезең. «Жылу бер,наурыз төріме!»

Кең байтақ жатқан жеріме,

Қонақжай менің еліме,

Бақ сыйла менің жеріме!

Ойыншыларды ортаға шақырамыз. (Үш ата-ана шығады.)

(Магнитті тақтадағы жасырынған сөзді табу үшін барабанды айналдырып, ұпай алып дыбыстар айтып жасырынған сөзді шешеді. Егерде сөзді толықтай білсе, айтуға болады.Ұпайы сақталады. Шешкен бірінші кезеңнің жеңімпазына гүл шоғы тапсырылады)

Тапсырмасы: Сусын құюға арналған тері ыдыс. (Бұлқыншақ)

Жылқының сан терісінен жасалады.Аузына ағаштан тығын жасалады.

Бұлқыншақ ердің, керегі басына ілуге, жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс.

Ән: «Айгөлек» Орындайтындар: Жібек Аружан

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлы,бақыт, тілеймін

Бүкіл қазақ еліне!

2-айналымның ойыншыларын қошеметпен ортаға шақырамыз!

(Келесі ата-аналар шығады).

2-айналым: Ұлтымыздың айналайын сазынан.

«Салтым менің - өшпес алтын қазынам!»

Жан дүниені тебірентер бір сәтке.

Сұрақтарға жауап іздеп сабылам.

2-ші айналым тапсырмасы:Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-тусті гүлді қауашақты әсем өсімдік түрі қалай аталады? (Наурызшешек)

Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар, таулы аймақтарда бірнеше түрлері өседі. Қорғауға алынған өсімдік.

Жарнамалық үзіліс. (мақал-мәтел айтысы)

3-айналым. Болмайық ие құр атқа,

«Талпынған жетер-мұратқа»

Жасырған сөзді таба алмай,

Қалмайық біздер ұятқа!

Білімге егер сенсем,

Қайтсемде бәрін шешем-

Деп отыр мына қыздар,

Балжан, Анар, Жанар (Барабанды айналдырып ұпайларын жинайды)

3-айналымның тапсырмасы.

Сөктен жасалатын өте дәмді әрі кәделі тағамның бірі. (Келсоқ)

Қара тарыдан жасалатын тағам түрі. Бірінші тазалап алып,суға қайнатып қауызы ашыла бастаган кезде сүзіп алып, қазанға салып қуырады.

Көрермендер көзайымы:

Тапсырма: Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады. (Наурызкөк)

Би. «Радуга»

Шешуші кезең. (Үш айналымнан жеңген жеңімпаздар шығады)

«Жүзден жүйрік» күшімен,

«Мыңнан-тұлпар» шықты шың.

Балалармен білім үшін еңбек еткен

Сүйікті аналарды үлгі етеміз!

Әуен ойналып жеңімпаздарды ортаға шақырамыз.

Тапсырмасы: Ертеректе ауқатты адамдар киген, бұл күндері өте сирек кездесетін ер адамдардың жағалы киімдерінің бірі қалай аталады?(жақы)

Финал.(1ойыншы болады.) Тапсырмасы.

Бір-біріне жақын туыс, жұрағат адамдардың баласына сый ретінде берілетін мал қалай аталады. (Көгентүп)немесе (көгендік) деп те атайды.

Құттықтайық ал,енді.

Жеңіп шыққан ананы.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады.

Марапаттау қағазын тапсыру.

Бағы-жанып ата-ананың

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларыңыз,

Тойға ұлассын тойларыңыз! (Жинаған ұпайы есептеліп, сыйлығын беру.)

Ән - шашу. «Наурыз» әні.



© 2010-2022