Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сыныпСынып:4 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.

дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.

тәрбиелігі: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО,АКТ стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, суреттер,т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!

Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Сыныпты топқа бөлу.Әр оқушы өзіне ұнаған гүлді (қызыл,жасыл,сары, көк) таңдайды.Сынып 4 топқа бөлінеді.Топ басшылары сайланып, бағалау парағы беріледі.

«Ыстық орындық» стратегиясы

Мақсаты: оқушылардың ойын жинақтауға бағыттау, өткен тақырыптарды еске түсіру;

Сыныптың білім деңгейін анықтау.Топтар бір-бірлеріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды.

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар анықтау үшін алма жемісі көрсетіледі.Оқушылар алманың сапалық қасиеттерін айтады, сабақтың тақырыбын ашады.

Сабақтың мақсаты және тақырыбын хабарлау.

Көркем жазу минуты.

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

Өнерлі бала елдің көркі,

Үкілі қамыс жердің көркі.

II. Мағынаны тану 1-жаттығу

Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.

Топпен жұмыс: «Артығын тап» ойыны.

Әр топқа сөздер жазылған парақтар беріледі.Сөздердің ішінен сын есімге жатпайтын сөздерді тауып, қай сөз табына жататындығын айтады.

«Сипатта сырын аш» ойыны

Әр топқа бір-бір зат беріледі сол затты жан- жақты сипаттап жазады.

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс

Әр топқа парақта жазылған өлең жолдарындағы түсіп қалған қосымшаны тауып, ретке келтіріп сын есімдерді атау тапсырмасы беріледі.

Ақ киімді дене..., ақ сақал...,

Соқ... мылқау, танымас ті.. жанды.

Үсті - басы ... қырау, түсі суық

Бас... жері сықыр... келіп қал....

«Кім жылдам?» ойыны Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.

Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сыныпҚазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сыныпҚазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сыныпҚазақ тілінен ашық сабақ жоспары Сын есім 4-сынып

Қыс Көктем Жаз Күз

... ... ... ...

Семантикалық карта Зат есім Сын есім Сан есім Етістік ақылды табиғат жинады мың

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі қолданылады.

Оқушыларға екі түсті "алма" беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.

Бағалау. Топ басшылары бағалайды.

Үй тапсырмасы: «Менің досым» тақырыбына эссе жазу

4-5 жаттығу. 128-129 бет.


© 2010-2022