Буква «В»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сауат ашу пәні Мектепалды даярлық тобы Сабақтың тақырыбы: «В дыбысы және әрпі» Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға В дыбысы мен әрпін таныстыру.Оның дауыссыз дыбыс екендігін ұғындыру. Дамытушылық: Балалардың В дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Түрі : Жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап. Көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер, атрибуттар. Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң , қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! ІІ. Жаңа сабақ. Тәрбиеші: Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай-салаға қашады. Ағаш басы бүршік жарып, Гүл бәйшешек ашады. Балаларым, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? - Дұрыс. Көктемнің қай айы? - Аптаның қай күні? - Бүгін біз сауат ашу сабағында В дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық. - Біз дыбысты естиміз, бірак көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Дауысты дыбыстар қалай айтылады? - Ал дауыссыз дыбыстар ше? - Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? - Дауысты және дауыссыз дыбыстар кандай текшелермен белгіленеді. - Ал, біз әріптерді көреміз бе? - Ал бүгін біз В дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер. Бір атым бар - Құлын болып тумаған. Құнан болып өспеген. (Балалардың жауабы: "Велосипед") - В дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? - Дауыссыз. - Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әлім, тақтаға "велосипед" сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Велосипед сөзінде неше буын бар? Секіру арқылы төрт буынға бөледі: Ве-ло-си-пед - В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайын: Волгасы - бар құланға, Вена бойы ұнайды-ақ. Вагон тіркеп қыранға, Великпенен жүр айдап. Қане, кім В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтып береді? - Володя, Валямен, Волга бойын жағалады. - Дұрыс балалар, жаңылмай жанылтпашты қайталадындар. Ал енді "Хат келді" деген дидактикалық ойын ойнайық. Дидактикалық ойын "Хат келді". - Балалар, кімде-кім В дыбысына байланысты екі-үш буыннан тұратын сөздер тауып айтса, сол көк текшені ұтып алады. Баян: Ва-гон Ваф-ли Жазира: Вок-зал Ва-за Трам-вай Тәрбиеші көк текшені кім ұтып алды деген сауал қояды балаларға. Балалар бірден Жазира - деп, жауап айтады. - Енді жұмбақ жасырайын, жауабын жаңылмастан табыңдар: Қызыл түсті, Мөлдір сулы. Сыры түсті, Тасты, құмды, Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде балықтар. (Балалардың жауабы: Аквариум) - Балалар, аквариумның ішіндегі су қандай? - Су туралы кім мақал-мәтел біледі? - Су - анасы бұлақ. - Судың да сұрауы бар. - Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар. Мөлдір суы бар аквариумдағы балықтардың жүзуі қандай әдемі. - "Аквариум" деген сөзді еркін айтып көріндер, В дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр? В дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру. "Жер, су, ауа" сергіту ойыны. - Өте жақсы бойымыз сергіп калды. Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып В әрпінің баспа түрін жазамыз. - Сабақты әрі қарай сурет салумен жалғастырайық. Аквариумның түрлерін еске түсіру (төртбұрыш, дөңгелек). Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: - Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасындар. 1. Вагондар тұр ... (тізіліп) 2. Володя тұр ... (қызығып) 3. Вокзал басын ... (қызықтап) 4. Валя да жүр ... (сызылып) Сабақты қорытындылау: Балалар біз бүгін қандай дыбысты өттік? Ол қандай дыбыс? Балалар В дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік.










© 2010-2022